Қолдану көрсеткіштері
- ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.
- ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.
- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, өршудің басылып келе жатқан фазасындағы кеңейтілген диетада - егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса - препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттер.
Фолий қышқылы
Құрамында ұйқы безінен алынған ұнтақ бар дайын дәрілік заттарды қабылдағанда, фолий қышқылының сіңірілуі төмендеуі мүмкін, сондықтан фолий қышқылын қосымша қабылдау қажет болуы мүмкін.
Акарбоза, меглитол
Мезим® форте 10000 препаратымен бірге қабылдағанда ішке қабылдауға арналған диабетке қарсы дәрілер - акарбоза мен миглитолдың әсері төмендеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында бір таблеткаға 1 ммоль натрийден (23 мг) аз, яғни мәні бойынша «натрийсіз».
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде Мезим® форте 10000 препаратын қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жүктілікке, эмбрионның/ұрықтың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға қатысты жануарларға жүргізілген эксперименттерде алынған деректер жеткіліксіз мөлшерде болады. Сондықтан адам үшін ықтимал қауіп белгісіз болып қалады. Сондықтан, егер Мезим® форте 10000 препаратын қабылдауда абсолютті қажеттілік болмаса, оны жүктілік және лактация кезінде қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мезим® форте 10000 препараты көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе аздап әсер етеді.
Дозалау режимі
Бір ас қабылдауға ұсынылатын доза: 2-4 таблетка (липазаның 20000-40000 ӘБ ЕФ сәйкес келеді).
Мезим® форте 10000 препаратының дозасы ұйқы безі функциясының жеткіліксіздігінің ауырлығына сәйкес анықталады. Липазаның ұсынылған дозасы жалпы жағдайда бір ас қабылдауға 20 000 - 40 000 ӘБ ЕФ деңгейіне сәйкес келеді, бірақ одан да жоғары болуы мүмкін. Мезим® форте 10000 препаратымен емдеу мақсаты дененің қалыпты салмағына қол жеткізу немесе демеу және дефекация жиілігін немесе нәжістің консистенциясын қалпына келтіру болып табылады. Дозаны жоғарылату тек дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы және симптомдардың қарқындылығын төмендетуге бағытталуы керек (мысалы, стеаторея, асқазандағы ауырсыну).
Дене салмағының килограмына липазаның 15000-20000 ӘБ ЕФ құрайтын ферменттердің тәуліктік дозасын асырмау керек.
Атап айтқанда, муковисцидозы бар пациенттерде тағамның мөлшері мен құрамын ескере отырып, майларды жеткілікті сіңіру үшін қажетті ферменттердің дозасынан аспауы керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Мезим® форте 10000 ішекте еритін қабығымен қапталған таблеткаларды шайнамай және жеткілікті сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп тұтастай қабылдау керек.
Қабылдау кезінде Мезим® форте 10000 препаратын тұтастай жұтуға мән беру маңызды, өйткені Мезим® форте 10000 препаратының тиімділігі шайнау кезінде төмендеуі мүмкін, ал препараттың құрамындағы ферменттер ауыз қуысында босап шыққан кезде оның шырышты қабығын зақымдауы мүмкін.
Қолдану ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы шектелмейді. Бұл аурудың ағымына сәйкес келеді және оны дәрігер анықтауы керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Өте жоғары дозаларды қабылдаған кезде, әсіресе муковисцидозы бар пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы мүмкін екендігі туралы хабарламалар бар.
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.
10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірмен және полиамидпен қапталған жұмсақ алюминий фольгадан және қатты алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға.
1, 2, 5 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады.
30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.