daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Мидакс Көз Тамшылары 0,5% 10 Мл | World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.

Уральске қаласындағы Мидакс Көз Тамшылары 0,5% 10 Мл | World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Сипаттама:

Мөлдір түссіз сұйықтық

Халықаралық атауы:

Тропикамид

Өндіруші:

World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.

Өндіруші ел:

Турцция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, натрий эдетаты дигидраты, хлорсутек қышқылы (рН реттеу үшін), тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,5%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- диагностикалық мақсаттағы фундоскопия және циклоплегиялық рефракция үшін;

- мидриатиктер қолдану қажет болғанда операция алдындағы және одан кейінгі жағдайларда.

Қарсы көрсеткіштер

тропикамидке немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

болжамдалған немесе диагностикаланған жабық бұрышты глаукома.

- 8 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Кейбір пациенттерде, әсіресе егде жаста, диагностикаланбаған глаукома болуы мүмкін. Мидакс көзге тамызатын дәрісін қолданар алдында осындай пациенттерде глаукомаға қатысты (көзішілік қысымды өлшеу, алдыңғы камераның тереңдігін бағалау) диагностика жасалуы қажет, өйткені тропикамид көзішілік қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін. Антихолинергиялық препараттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде тропикамидпен индукцияланған психоздық реакциялар және мінез-құлық бұзылыстары туындауы мүмкін. Белладонна алкалоидтеріне сезімталдығы жоғары балалар мен пациенттерді емдеуде Мидаксты сақтықпен қолдану керек, себебі жүйелі уыттылық қаупі артады.

Көздің қабыну аурулары кезінде Мидаксты сақтықпен қолдану керек, себебі гиперемия кезінде конъюнктива арқылы препараттың жүйелі сіңірілу жылдамдығы артады. Жүйелі сіңірілуін азайту үшін препаратты тамызғаннан кейін 2 минут бойы көз жасы қалтасы аумағын саусақпен аздап басу ұсынылады.

Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіруі мүмкін, сондықтан препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау және тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут өткенен кейін ғана салу қажет.

Бірнеше офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды енгізу арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет, көз жақпамайларын соңғы кезекте қолданған жөн.

Балаларда қолдану

Тропикамид сәбилер мен балаларда қауіп төндіретін сипаттағы орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылуларды тудыруы мүмкін.

Жүйелі уыттылық қаупінің жоғары болуына байланысты препаратты шала туған немесе дамуында артта қалған балаларда, сондай-ақ Даун синдромы, спазмдық салдану және мидың зақымдануы бар балаларда аса сақтықпен қолдану керек.

Препаратты ішке қабылдаған жағдайда оның ықтимал уытты әсері туралы ата-аналарды хабардар ету және препаратты әрбір тамызудан кейін өз қолын және баланың қолын жуып отыру қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Мидакс препараты, көзге тамызатын дәрі үшін дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеу жүргізілмеген.

Тропикамидтің әсері антимускаринді сипаттамалары бар басқа да дәрілермен, мысалы, амантадин, кейбір антигистаминдік дәрілер, фенотиазинді психозға қарсы дәрілер және трициклді антидепрессанттармен бірге пайдаланғанда күшеюі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Тропикамидті жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер жоқ немесе олар өте шектеулі. Мидакс көзге тамызатын дәрі препаратын жүктілік кезінде пайдалану ұсынылмайды.

Тропикамидтің емшек сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Дәрілік заттардың көпшілігі емшек сүтіне бөлінетіндіктен, еметін балаға қауіпті екендігі жоққа шығарылмайды. Бала емізуді тоқтата тұру немесе Мидакс көзге тамызатын дәрі препаратын тоқтату/әлде қолданудан бас тарта тұру керек пе, сол жағын балаға емшек емізудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің артықшылығын ескеріп, салмақты шешім қабылдаған жөн.

Педиатрияда қолданылуы.

Мидакс препараты, көзге тамызатын дәрі құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, көзге тамызатын дәрілік түрі 8 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Мидакс препараты, көзге тамызатын дәрі орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатуы ықтимал, бұл нәрестелер мен балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Препаратты балаларда шамадан тыс қолдану жүйелі уыттану симптомдарын туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғаннан кейін ұйқышылдық, көрудің айқын болмауы және жарыққа жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін. Пациенттерге көру толығымен қалпына келгенге дейін көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды. Тропикамид көзге тамызатын дәрінің әсерінен кейін толық қалпына келу 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

10 мл тамшылатқыш тығыны және сақтандыру сақинасымен жабдықталған бұралатын қорғағыш қалпақшасы бар пластик құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМидакс көз тамшылары 0,5% 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube