Қолдану көрсеткіштері
Жергілікті емдеу:
- бактериялық вагиноз;
- кандидозды вагинит;
- трихомониаз;
- аралас қынаптық инфекциялар.
Жергілікті емдеу:
- бактериялық вагиноз;
- кандидозды вагинит;
- трихомониаз;
- аралас қынаптық инфекциялар.
– әсер етуші заттарға және/немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
– жүктіліктің I триместрі;
– лактация;
– эпилепсия;
– порфирия;
– бауыр функциясының ауыр бұзылулары.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, жүйке жүйесінің аурулары, қан түзудің бұзылулары бар адамдарға абайлап тағайындау керек. Анамнезінде шеткері қан құрамындағы өзгерістерге нұсқаулар болғанда, сондай-ақ препаратты жоғары дозада пайдаланған кезде және/немесе ұзақ уақыт қолданған кезде шеткері қанның көрінісін бақылау қажет.
Емдеу кезінде бауыр ферменттерін, триглицеридтерді, глюкозаны (гексокиназдық әдіс), теофиллин мен прокаинамидті анықтау кезінде нәтижелердің өзгеруі мүмкін.
Қынаптық суппозиторийлерді қолдану суппозиторий негізінің латекспен немесе каучукпен өзара әрекеттесуіне байланысты механикалық контрацепцияның (мүшеқаптар, қынаптық диафрагмалар) сенімділігін төмендетуі мүмкін.
Емделу кезінде жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады.
Trichomonas vaginalis әсерінен туындаған вагинит жағдайында ішке қабылдауға арналған метронидазолмен жыныстық серігін бір мезгілде емдеген дұрыс.
Емделу кезінде және курсты аяқтағаннан кейін, ең жоқ дегенде, 48 сағат бойы алкогольді пайдалануға тыйым салынады (дисульфирам тәрізді реакциялар пайда болады).
Қынаптың қатты тітіркенуі кезінде емдеуді тоқтату керек.
Балалар жасында қолданылуы:
Балаларға ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттермен қолданылуы:
Метронидазол фармакокинетикасының жасқа байланысты өзгерістеріне байланысты егде жастағы пациенттерде, әсіресе жүйелі әсер ететін метронидазолмен бір мезгілде қолданғанда препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бауырдың күрделі жеткіліксіздігі жағдайында метронидазол клиренсі бұзылуы мүмкін. Қан плазмасындағы метронидазолдың жоғары деңгейі кезінде энцефалопатия симтомдарының күшеюі байқалуы мүмкін, сондықтан метронидазолды бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерде тәуліктік дозаны 1/3 дейін төмендету керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бүйрек жеткіліксіздігі: метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Дозаны төмендету қажет емес. Сонымен қатар, гемодиализ емшарасын жүргізуді қажет ететін ауыр жағдайларда дозаны түзету қажет.
Интравагинальді тәсілден ерекшеленетін, ішке немесе басқа қолдану тәсілдерін қолдануға болмайды!
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Төменде берілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда метронидазолдың сіңуі нәтижесінде дәрілік өзара әрекеттесудің келесі түрлері білінуі мүмкін:
Алкоголь: алкогольдің жақпаушылығы (дисульфирам тәрізді реакциялар).
Амиодарон: кардиоуыттылық қаупі артады (ЭКГ-де Q-T аралығының ұзаруы, полиморфты қарыншалық тахикардияның “torsades de pointes” типі, жүректің тоқтап қалуы).
Астемизол және терфенадин: метронидазол осы қосылыстардың метаболизмін тежейді және олардың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады.
Карбамазепин: қан плазмасындағы карбамазепиннің концентрациясы артады.
Циметидин: қан плазмасындағы метронидазолдың концентрациясы артады, соның салдарынан – орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі бар.
Циклоспорин: циклоспориннің уытты әсері ұлғаяды.
Дисульфирам: орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (мысалы, психоздық реакциялар) болуы мүмкін.
Литий: литийдің уытты әсерінің күшею қаупі бар.
Фенитоин: фенитоин концентрациясы артады және метронидазол концентрациясы төмендейді.
Фенобарбитал: метронидазол концентрациясы төмендейді.
Фторурацил: қан плазмасында фторурацил концентрациясы және оның уытты әсері артады.
Пероральді антикоагулянттар: антикоагулянттық әсері күшейеді (қан кетулердің пайда болуының жоғары қаупі бар).
Қанда бауыр ферменттерінің, глюкозаның (оны гексокиназа әдісімен анықтағанда), теофиллиннің және прокаинамидтің деңгейіне ықпалы байқалады.
Миконазол нитратының сіңуі салдарынан дәрілік өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.
Аценокумарол, анизиндион, дикумарол, фенитоин, фенпрокумон, варфарин: қан кетулер қаупі жоғарылайды.
Астемизол, цизаприд, терфенадин: миконазол осы препараттардың метаболизмін тежейді және олардың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады.
Карбамазепин: карбамазепиннің клиренсі төмендейді.
Циклоспорин: уытты әсері күшейеді (бүйрек функциясының бұзылуы, холестаз, парестезия).
Фентанил: апиындық препараттардың әсер ету ұзақтығы артады (ОЖЖ, тыныс алу бәсеңдейді).
Фенитоин және фосфенитоин: уытты әсерлер (атаксия, гиперлексия, нистагм, тремор) қаупі бар.
Глимепирид: гипогликемиялық әсер артады.
Оксибутинин: оксибутинин клиренсі төмендейді, соның салдарынан оның қан плазмасындағы концентрациясы артады.
Оксикодон: қан плазмасында оксикодонның концентрациясы артады, оның клиренсі төмендейді.
Пимозид: кардиоуыттық әсерлері бар (ЭКГ-де Q-T аралығының ұзаруы, полиморфты қарыншалық тахикардияның “torsades de pointes” типі, жүректің тоқтап қалуы).
Толтеродин: P450 цитохромының 2D6 изоферментінің белсенділігі төмендеген пациенттерде толтеродиннің биожетімділігі жоғарылайды.
Триметрексат: уытты әсерлері артады (сүйек кемігінің бәсеңдеуі, бүйрек және бауыр функциясының төмендеуі, АІЖ ойық жарамен зақымдануы).
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Балаларға ұсынылмайды.
Жүктілік
Препарат жүктіліктің І триместрінде қарсы көрсетілімді.
Жүктіліктің IІ және ІІІ триместрінде Микобель Лайт суппозиторийлерін емдеудің ана үшін болжамды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупінен басым болатын жағдайларда қолдануға болады.
Лактация
Микобель Лайт суппозиторийлерімен емдеу кезінде бала емізуді тоқтатқан жөн, өйткені метронидазол емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Бала емізуді емдеуді аяқтағаннан кейін 24 – 48 сағаттан соң қайта жаңғыртуға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Микобель Лайт препаратын қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болған кезде көлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс істеуден тартыну керек.

Дозалау режимі
Кандидозды вагинит, аралас қынаптық инфекциялар:
1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет кешке ұйықтар алдында.
Трихомониаз:
1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет кешке ұйықтар алдында метронидазолдың пероральді түрлерімен немесе жүйелі әсер ететін басқа трихомонацидтік препараттармен бірге. Жыныстық серіктесті жүйелі әсер ететін трихомонацидтік препараттармен емдеуді жүргізу қажет.
Бактериялық вагиноз:
1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет кешке ұйықтар алдында, қажет болған жағдайда метронидазолды ішке қабылдаумен бірге.
Қажет болған жағдайда емдеу курсын қайталауға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Суппозиторийді енгізер алдында қолды мұқият жуу керек.
Суппозиторийді қабығынан шығарып алып, қынапқа терең енгізу керек.
Етеккір кезеңінде препаратты пайдалану ұсынылмайды, өйткені қолданумен қиындықтар пайда болуы мүмкін, сонымен қатар препараттың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 1 рет (кешке ұйықтар алдында).
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығы – 10 күн.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары
Метронидазолдың артық дозалануы кезінде жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, қышыну, ауыздағы металл дәмі, атаксия, бас айналу, парестезия, құрысулар, лейкопения, несептің қара түске боялуы мүмкін.
Миконазол нитратының артық дозалануы кезінде жүрек айнуы, құсу, стоматит, фарингит, анорексия, бас ауруы, диарея болуы мүмкін.
Шұғыл шаралар
Симптоматикалық және демеуші ем, кездейсоқ ішке қабылдағанда – асқазанды шаю. Метронидазол және оның метаболиттері гемодиализ көмегімен жақсы элиминацияланады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
5 суппозиторийден поливинилхлоридті/полиэтиленді үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.