Қолдану көрсеткіштері
Микосист препараты зең инфекцияларын емдеуге арналған.
Микосист ересектерде келесі ауруларды емдеу үшін қолданылады:
• криптококктық менингит;
• кокцидиоидомикоз;
• инвазивтік кандидоз;
• шырышты қабықтардың кандидозы, соның ішінде, орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және тері мен шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы;
• ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерінен болған стоматит), егер, ауыз қуысы гигиенасын сақатау және жергілікті емдеуге арналған дәрілер жеткіліксіз болып табылған жағдайда;
• жедел немесе қайталанатын формадағы қынап кандидозында жергілікті ем қолданылмағанда;
• кандидоздық баланитте, егер жергілікті ем қолданылмаса;
• дерматомикоздар, соның ішінде, табан дерматомикозында, арқа дерматомикозында, шап дерматомикозында, кебектәрізді теміреткіде және тері кандидозында жүйелі емдеу көрсетілген жағдайда;
• тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз), егер емдеуде басқа препараттар жарамсыз деп танылса.