Қолдану көрсеткіштері
Микромокс-400 18 жастан асқан пациенттерде препаратқа сезімтал микроорганизмдер әсерінен болған келесі бактериялық инфекцияларды емдеуге қолданылады.
Микромокс-400 әдетте осы инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану қолайсыз деп саналған жағдайларда ғана немесе бастапқы емдеу тиімсіз болған кезде пайдалану керек:
• Жедел бактериялық синусит (талапқа сай диагностикаланған);
• Созылмалы бронхиттің өршуі (талапқа сай диагностикаланған);
• Ауруханадан тыс пневмония, ауыр жағдайларды қоспағанда;
• Кіші жамбас ағзаларының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі қабынбалы аурулары (әйелдердің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары, сальпингитті және эндометритті қоса), астасқан тубоовариальді немесе жамбастық абсцессіз.
Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг Микромокс-400 таблеткаларын кіші жамбас ағзаларының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі қабынбалы ауруларының монотерапиясында пайдалану ұсынылмайды, бірақ моксифлоксациннің Neisseria Gonorrhoeae-ге төзімділігінің жоғарылауына байланысты, Neisseria Gonorrhoeae-нің моксифлоксацинге төзімділігі жоққа шығарылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, сәйкес келетін бактерияға қарсы басқа дәрімен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктіріп тағайындау керек.
Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг Микромокс-400 таблеткаларын венаішілік моксифлоксацинмен мынадай көрсетілімдер бойынша бастапқы емдеу кезінде жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін пайдалануға да болады:
• Ауруханадан тыс пневмония;
• Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары.
Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг Микромокс-400 таблеткаларын терінің және жұмсақ тіндердің кез келген типтегі инфекциясында немесе ауруханадан тыс ауыр пневмонияда бастапқы ем үшін пайдаланбау керек.
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларға көңіл бөлу керек.