daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Милурит Таблеткалары 200 Мг №100 | Эгис ОАО

Сипаттама:

Таблеткалар Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, ойығы, бір жағында сызығы және екінші жағында стильденген Е әрпі өрнектелген және 351 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, жалпақ дөңгелек таблеткалар (100 мг дозасы үшін). Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, бір жағында сызығы және екінші жағында стильденген Е әрпі өрнектелген және 353 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар (150 мг дозасы үшін). Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, бір жағында «SNAP» сызығы және екінші жағында стильденген Е әрпі өрнектелген және 354 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар (200 мг дозасы үшін). Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, ойығы, бір жағында сызығы және екінші жағында стильденген Е әрпі өрнектелген және 352 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, жалпақ дөңгелек таблеткалар (300 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Аллопуринол

Өндіруші:

Эгис ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы – тек 100 мг таблеткалар үшін - жүктілік және емшек емізу кезеңі Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 6-меркаптопурин және азатиоприн Азатиоприн 6-меркаптопурин түзе отырып метаболизденеді, ксантиноксидаза ферменті оның белсенділігін жояды. 6-меркаптопуринмен немесе азатиопринмен емдеу Милурит препаратымен бірге жүрген жағдайда, пациенттерге 6-меркаптопурин немесе азатиоприннің әдеттегі дозасының тек төрттен бірін тағайындау керек, өйткені ксантиноксидаза белсенділігінің бәсеңдеуі осы қосылыстардың әсер ету ұзақтығын арттырады. Егер дозасын төмендетпесе, онда сол дәрілік заттардың сарысудағы концентрациясы уытты деңгейлерге жетуі мүмкін. Видарабин (аденин арабинозиді) Милурит препаратымен бір мезгілде қолданғанда видарабиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарады. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда емнің уытты әсерлерінің күшеюіне қатысты айрықша сақтық шараларын сақтау қажет. Салицилаттар және урикозуриялық дәрілер Аллопуринолдың негізгі белсенді метаболиті бүйрек арқылы несеп қышқылының тұздары сияқты шығарылатын оксипуринол болып табылады. Сондықтан пробенецид секілді урикозуриялық белсенділігі бар дәрілік препараттар немесе салицилаттардың жоғары дозалары оксипуринолдың шығарылуын күшейтуі мүмкін. Өз кезегінде оксипуринолдың шығарылуының күшеюі аллопуринолдың емдік әсерінің азаюымен қатар жүреді, әйтсе де өзара әрекеттесудің осы түрінің маңыздылығын әрбір жағдайда жекелей бағалау керек. Хлорпропамид Милурит препараты мен хлорпропамидті бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ұзаққа созылатын гипогликемияның даму қаупі артады, өйткені өзекшелік экскреция сатысында аллопуринол мен хлорпропамид өзара бәсекелеседі. Кумарин туындылары антикоагулянттар Аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда варфарин және басқа кумарин туындылары антикоагулянттар әсерінің күшейгені байқалды. Осыған байланысты осы препараттармен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау қажет. Фенитоин Аллопуринол фенитоинның бауырда тотығуын бәсеңдетуге қабілетті, алайда, бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ. Теофиллин Аллопуринол теофиллиннің метаболизмін бәсеңдететіні белгілі. Мұндай өзара әрекеттесуді теофиллиннің адам организміндегі биотрансформация үдерісіне ксантиноксидазаның қатысуымен түсіндіруге болады. Теофиллиннің қан сарысуындағы концентрациясын аллопуринолмен қатарлас емдеудің басында, сондай-ақ соңғысының дозасын арттырған кезде бақылау қажет. Ампициллин және амоксициллин Ампициллин немесе амоксициллинді және аллопуринолды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде осындай қатарлас емді қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, тері тарапынан реакциялардың даму жиілігінің артқаны тіркелді. Дәрілік өзара әрекеттесудің осы түрінің себебі әзірше анықталмаған. Әйтсе де, аллопуринолды қабылдап жүрген пациенттерге ампициллин мен амоксициллиннің орнына, бактерияға қарсы басқа препараттарды тағайындау ұсынылады. Цитоуытты дәрілік заттар (циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, мехлорэтамин) Аллопуринолды цитостатикалық препараттармен (циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, алкилгалогенидтер сияқты) бір мезгілде қолданғанда, аталған дәрілік заттарды жеке-дара қолданғандағыға қарағанда қан  дискразиялары жиірек дамиды. Қан жасушаларының санын жүйелі түрде есептеп отыру керек. Ісік аурулары (лейкемиядан басқа) бар және аллопуринолды қабылдап жүрген пациенттерде циклофосфамид пен басқа цитоуытты препараттардың сүйек кемігі қызметін бәсеңдетуінің күшейгені байқалған. Дегенмен, циклофосфамидті, доксорубицинді, блеомицинді, прокарбазинді және (немесе) мехлорэтаминді (хлорметин гидрохлориді) қабылдайтын пациенттердің қатысуымен жүргізілген, бақыланатын зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, аллопуринолмен қатарлас емдеу осы цитоуытты препараттардың уытты әсерін күшейткен жоқ. Циклоспорин Кейбір хабарларға сәйкес, аллопуринолмен қатарлас емдеу аясында циклоспориннің қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің уыттылығының күшеюі мүмкіндігін ескеру қажет. Алюминий гидроксиді Аллопуринолды алюминий гидроксидімен бір мезгілде қолданғанда аллопуринолдың әсері төмендеуі мүмкін. Екі препаратты қабылдау арасында кемінде 3 сағат үзіліс жасау қажет. Диданозин Дені сау еріктілер және АИТВ инфекциясы бар, аллопуринолмен қатарлас емдеу (тәулігіне 300 мг) аясында диданозинді қабылдап жүрген пациенттерде, диданозиннің Cmax (препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) және AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы) шамамен 2 есе жоғарылағаны байқалды. Бұл кезде диданозиннің жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген. Әдетте, аталған дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер қатарлас емдеусіз болмайтын болса, диданозиннің дозасын төмендету және пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет болуы мүмкін. АӨФ тежегіштері АӨФ аллопуринолмен бір мезгілде қолдану лейкопения даму қаупінің артуымен қатар жүреді, сондықтан бұл препараттарды сақтықпен біріктіру керек. Аллопуринолды АӨФ тежегіштерімен, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары кезінде бір мезгілде қолданғанда, аса жоғары сезімталдық қаупінің артқаны сипатталған. Аллопуринолды каптоприлмен бір мезгілде, әсіресе, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде қолдану тері тарапынан болатын реакциялардың қаупін арттыруы мүмкін. Диуретиктер Аллопуринол мен фуросемид арасында қан сарысуындағы ураттар мен плазма оксипуринолының жоғарылауына алып келетін өзара әрекеттесу туралы хабарланды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде аллопуринолды диуретиктермен, әсіресе, тиазидтермен бір мезгілде қолданғанда аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупінің жоғарылағаны туралы хабарламалар бар. Арнайы сақтандырулар Аса жоғары сезімталдық синдромы, Стивенс–Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) Аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының манифестациясы макулопапулалық экзантеманы, дәріге аса жоғары сезімталдық синдромын (DRESS) және СДС/УЭН қоса, өте алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл реакциялар клиникалық диагноз болып табылады және олардың клиникалық көріністері сәйкесінше шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. Тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдық реакциясының басқа көріністері пайда болған жағдайда, Милурит препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН бар пациенттерде емді қайта жаңғыртуға болмайды. Аса жоғары сезімталдық кезінде тері реакцияларын емдеу үшін кортикостероидтарды қолдануға болады. HLA-B*5801аллелі HLA-B*5801 аллелдерінің болуы аллопуринолдан туындаған СДС/УЭН (және, бәлкім, басқа аса жоғары сезімталдық реакцияларының) даму қаупінің факторы болып табылатыны анықталған, Хань қытайлықтар, тайвандықтар, кореялықтар, жапондықтар және еуропалықтар популяциясындағы жағдай-бақылау типті ретроспективті фармакогенетикалық зерттеулер нәтижелері осыны көрсетеді. HLA-B*5801 аллелінің болу жиілігі Хань қытайлықтар популяциясында 20 %-ға, тайлықтарда 8-15%, корей популяциясында 12%-ға және жапондықтар мен шығу тегі еуропалықтарда 1-2%-ға жетуі мүмкін. HLA-B*5801 аллелінің таралуының жоғарылығы белгілі пациенттердің қосалқы топтарында аллопуринолмен емді бастағанға дейін HLA-B*5801 аллелі бойынша скрининг жүргізу ұсынылады. Бүйректің созылмалы аурулары ондай пациенттердегі осы қауіпті қосымша жоғарылатуы мүмкін. Егер қытайлық Хань халқының пациенттерінде, тайлықтарда немесе кореялықтарда генотиптелу мүмкіндігі болмаса, онда аллопуринолды, егер емдеудің пайдасы ықтимал жоғары қауіптен асып түсетін болса ғана тағайындау керек. Пациенттердің басқа топтарында аллопуринолмен емдеу туралы шешім қабылдау үшін генотиптеудің қолданылуы зерттелмеген. Егер пациенттің HLA-B*5801 аллелін тасымалдаушы (әсіресе, қытайлық Хань халқы, тайлықтар, кореялықтар) болып табылатындығы белгілі болса, емдеудің талапқа сай басқа ықтимал нұсқалары болмаған жағдайлардан басқасында, аллопуринолмен емді тағайындамау керек. Аса жоғары сезімталдық синдромының немесе СДС/УЭН белгілеріне қатысты аса сақтық таныту қажет, және пациенттер симптомдары алғаш пайда болғанда аллопуринолмен емдеуді дереу тоқтату қажеттілігінен хабардар болуы тиіс. СДС/УЭН этностық шығу тектеріне байланыссыз, HLA-B*5801 аллельдері жоқ пациенттерде де туындауы мүмкін. Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуы Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуы бар, диуретиктерді, әсіресе тиазидтерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде аллопуринолды қабылдаумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының, соның ішінде СДС/УЭН де дамуының қаупі жоғары. Аса жоғары сезімталдық синдромының немесе СДС/УЭН дамуын аса мұқият қадағалау керек. Пациенттерге осындай симптомдар алғашқы пайда болғанда емді дереу және біржола тоқтату керектігін айту керек. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерді емдеуде Аллопуринолдың дозасын төмендету қажет. Артериялық гипертензияға немесе жүрек жеткіліксіздігіне қатысты ем қабылдап жүрген пациенттерде (мысалы, диуретиктер немесе АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер) бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы байқалуы мүмкін, сондықтан пациенттердің осы тобында аллопуринолды сақтықпен қолдану керек. Симптомсыз гиперурикемия Симптомсыз гиперурикемия өз алдына жеке аллопуринол препаратын қолдануға көрсетілім болып табылмайды. Ондай жағдайларда пациенттер жағдайының жақсаруына гиперурикемияның негізгі себебін жоюмен қатар, диетаны және сұйықтықтар қабылдауды өзгертудің арқасында қол жеткізуге болады. Подаграның жедел ұстамасы Аллопуринолды қолдануды подаграның жедел ұстамасы толықтай басылғанша бастауға болмайды, өйткені ол аурудың қосымша өршуіне түрткі болуы мүмкін. Урикозуриялық дәрілермен емдеудегі сияқты, аллопуринолмен емдеудің басталуы подагралық артриттің жедел ұстамасына түрткі болуы мүмкін. Осындай асқынуды болдырмау үшін, аллопуринол тағайындағанға дейін кемінде бір ай бойы қабынуға қарсы сәйкес препараттармен немесе колхицинмен профилактикалық ем жүргізу ұсынылады. Ұсынылған дозалары, сақтандырулар және сақтық шаралары туралы деректерді тиісті әдебиеттерден табуға болады. Егер подаграның жедел ұстамасы аллопуринолмен емдеу аясында дамыса, онда препаратты қабылдауды сол дозада жалғастыра беру, ал ұстаманы емдеу үшін қабынуға қарсы стероидты емес қолайлы дәріні тағайындау қажет. Азатиоприн немесе 6-меркаптопурин Егер азатиоприннің немесе 6-меркаптопуриннің дозасы бастапқы тағайындалған дозасынан 25%-ға дейін төмендетілмесе, аллопуринолды аталған препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындамау керек. Ксантиннің жинақталуы Ураттардың түзілуі айтарлықтай күшейген жағдайларда (мысалы, қатерлі ісік және тиісінше ісікке қарсы ем, Леш-Найхан синдромы) ксантиннің несептегі абсолюттік концентрациясы, сирек жағдайда, ксантиннің несеп жолдары тіндерінде жинақталуына ықпал ететін деңгейлерге жетуі мүмкін. Ксантиннің тіндерде жинақталу ықтималдығын талапқа сай гидратацияның арқасында азайтуға болады, ол несептің оңтайлы сұйылтылуын қамтамасыз етеді. Бүйректегі ураттық тастарға әсері Аллопуринолмен талапқа сай емдеу несеп қышқылындағы ірі конкременттердің еруіне алып келуі мүмкін, алайда, ол конкременттердің несепағарға кептеліп қалу ықтималдығы аз. Бүйректің подагралық зақымдануын және ураттық тастарды емдеуде, бөлінетін несептің тәуліктік көлемі 2 литрден кем болмауға тиіс, және несептегі рН мәні 6,4–6,8 ауқымында болуы тиіс. Гемохроматоз Аллопуринолдың подаграны емдеудегі негізгі әсері ксантиноксидаза ферменті белсенділігінің бәсеңдеуі болып табылады. Ксантиноксидаза бауырда жинақталған темірдің мөлшерінің азаюына және шығарылуына қатысуы мүмкін. Кеміргіштерге жүргізілген кейбір зерттеулерде аллопуринолдың әсерінен жануарлардың организмінде темірдің жинақталғаны көрсетілген, ал басқа зерттеулерде бұл анықталмаған. Дені сау 28 сыналушыдағы зерттеуде аллопуринолды қолданған кезде бауырдағы темір мөлшерінің өзгерістері анықталмады. Гемохроматозы бар пациенттерде аллопуринолмен емдеудің қауіпсіздігін көрсететін зерттеулер жүргізілген жоқ. Гемохроматозы бар пациенттерге, сондай-ақ олардың қандас туыстарына аллопуринолды сақтықпен тағайындау керек. Қалқанша без функциясының бұзылуы ТТГ (тиреотропты гормон) мәнінің жоғарылауы (>5,5 мХБ/мл) ұзаққа созылатын ашық қосымша клиникалық зерттеу аясында аллопуринолды ұзақ уақыт бойы қабылдаған пациенттерде (5,8%) байқалды. Қалқанша без функциясының бұзылулары бар пациенттерге аллопуринолды сақтықпен тағайындау керек. Балаларда қолдану Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемияда) және кейбір ферментативтік бұзылуларда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеуде сирек қолданылады. Милурит 100 мг таблеткалар препаратының құрамында лактоза бар Милурит 100 мг препаратының әр таблеткасының құрамында - 50 мг лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, толық лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс. Натрий мөлшері Бұл препараттың құрамында әрбір 100 мг және 300 мг таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүзінде натрий жоқ. Жүктілік немесе лактация кезінде Жүктілік Бұл препарат көптеген жылдар бойы айқын қолайсыз әсерлерсіз кеңінен қолданылып келе жатқанымен, жүктілік кезінде аллопуринолмен емдеудің қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз. Жүктілік кезінде қауіптілігі аздау баламалы емі болмаған және ауруы препаратты қабылдаумен салыстырғанда анасы мен шарана үшін зор қауіп төндіретін жағдайларда болмаса, Милурит препаратын қолдануға болмайды. Емшек емізу Аллопуринол және оксипуринол емшек сүтімен бөлініп шығады. Аллопуринол емшек емізу кезеңінде ұсынылмайды. Аллопуринолды тәулігіне 300 мг дозада қабылдап жүрген әйелдерде аллопуринол мен оксипуринолдың емшек сүтіндегі концентрациясы, сәйкесінше, 1,4 мг/л және 53,7 мг/л жеткен. Әйтсе де, аллопуринол мен оның метаболиттерінің емшек еметін сәбилерге әсері туралы мәліметтер жоқ. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Аллопуринолмен емдеу аясында көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін ұйқышылдық, теңселу сезімімен бас айналуы (вертиго) және атаксия секілді жағымсыз реакциялардың дамығаны байқалған. Милурит препаратын қабылдап жүрген пациенттер, аллопуринолдың осы қабілеттерге жағымсыз әсер етпейтініне көз жеткізгенге дейін көлік құралдары мен механизмдерді басқармауы тиіс.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 мг, 150 мг, 200 мг және 300 мг аллопуринол

Қосымша заттар:

микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), желатин, магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы (150 мг, 200 мг, 300 мг дозалары үшін)

лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон к-25, тальк, магний стеараты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі) (100мг дозасы үшін)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер:

гиперурикемияның диетамен бақылауда ұстау мүмкін емес барлық түрлерінде, соның ішінде, шығу тегі әртүрлі салдарлы гиперурикемияда, және гиперурикемияның клиникалық асқынуларында, атап айтқанда, айқын подаграда, ураттық нефропатияда, сондай-ақ, несеп қышқылы кристалдарын еріту және несеп қышқылы (бүйрек тастарының) түзілуінің алдын алу үшін

егер түрлі сұйықтықтарды қолдану, диета ұстау және сол сияқты шаралардың әсері болмаса, гиперурикемиямен қатар жүретін қайталанатын, аралас кальций оксалаты кристалдарын емдеу үшін.

Балалар мен жасөспірімдер:

шығу тегі әртүрлі салдарлы гиперурикемияда

лейкозды емдеуде несеп қышқылынан туындаған нефропатияда

туа біткен фермент жеткіліксіздігінде, Леш-Найхан синдромында (гипоксантин – гуанин - фосфорибозилтрансферазаның толық немесе ішінара жеткіліксіздігі) және аденин-фосфорибозил-трансфераза жеткіліксіздігінде.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы – тек 100 мг таблеткалар үшін

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

6-меркаптопурин және азатиоприн

Азатиоприн 6-меркаптопурин түзе отырып метаболизденеді, ксантиноксидаза ферменті оның белсенділігін жояды. 6-меркаптопуринмен немесе азатиопринмен емдеу Милурит препаратымен бірге жүрген жағдайда, пациенттерге 6-меркаптопурин немесе азатиоприннің әдеттегі дозасының тек төрттен бірін тағайындау керек, өйткені ксантиноксидаза белсенділігінің бәсеңдеуі осы қосылыстардың әсер ету ұзақтығын арттырады. Егер дозасын төмендетпесе, онда сол дәрілік заттардың сарысудағы концентрациясы уытты деңгейлерге жетуі мүмкін.

Видарабин (аденин арабинозиді)

Милурит препаратымен бір мезгілде қолданғанда видарабиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарады. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда емнің уытты әсерлерінің күшеюіне қатысты айрықша сақтық шараларын сақтау қажет.

Салицилаттар және урикозуриялық дәрілер

Аллопуринолдың негізгі белсенді метаболиті бүйрек арқылы несеп қышқылының тұздары сияқты шығарылатын оксипуринол болып табылады. Сондықтан пробенецид секілді урикозуриялық белсенділігі бар дәрілік препараттар немесе салицилаттардың жоғары дозалары оксипуринолдың шығарылуын күшейтуі мүмкін. Өз кезегінде оксипуринолдың шығарылуының күшеюі аллопуринолдың емдік әсерінің азаюымен қатар жүреді, әйтсе де өзара әрекеттесудің осы түрінің маңыздылығын әрбір жағдайда жекелей бағалау керек.

Хлорпропамид

Милурит препараты мен хлорпропамидті бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ұзаққа созылатын гипогликемияның даму қаупі артады, өйткені өзекшелік экскреция сатысында аллопуринол мен хлорпропамид өзара бәсекелеседі.

Кумарин туындылары антикоагулянттар

Аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда варфарин және басқа кумарин туындылары антикоагулянттар әсерінің күшейгені байқалды. Осыған байланысты осы препараттармен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау қажет.

Фенитоин

Аллопуринол фенитоинның бауырда тотығуын бәсеңдетуге қабілетті, алайда, бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.

Теофиллин

Аллопуринол теофиллиннің метаболизмін бәсеңдететіні белгілі. Мұндай өзара әрекеттесуді теофиллиннің адам организміндегі биотрансформация үдерісіне ксантиноксидазаның қатысуымен түсіндіруге болады. Теофиллиннің қан сарысуындағы концентрациясын аллопуринолмен қатарлас емдеудің басында, сондай-ақ соңғысының дозасын арттырған кезде бақылау қажет.

Ампициллин және амоксициллин

Ампициллин немесе амоксициллинді және аллопуринолды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде осындай қатарлас емді қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, тері тарапынан реакциялардың даму жиілігінің артқаны тіркелді. Дәрілік өзара әрекеттесудің осы түрінің себебі әзірше анықталмаған. Әйтсе де, аллопуринолды қабылдап жүрген пациенттерге ампициллин мен амоксициллиннің орнына, бактерияға қарсы басқа препараттарды тағайындау ұсынылады.

Цитоуытты дәрілік заттар (циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, мехлорэтамин)

Аллопуринолды цитостатикалық препараттармен (циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, алкилгалогенидтер сияқты) бір мезгілде қолданғанда, аталған дәрілік заттарды жеке-дара қолданғандағыға қарағанда қан  дискразиялары жиірек дамиды.

Қан жасушаларының санын жүйелі түрде есептеп отыру керек.

Ісік аурулары (лейкемиядан басқа) бар және аллопуринолды қабылдап жүрген пациенттерде циклофосфамид пен басқа цитоуытты препараттардың сүйек кемігі қызметін бәсеңдетуінің күшейгені байқалған. Дегенмен, циклофосфамидті, доксорубицинді, блеомицинді, прокарбазинді және (немесе) мехлорэтаминді (хлорметин гидрохлориді) қабылдайтын пациенттердің қатысуымен жүргізілген, бақыланатын зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, аллопуринолмен қатарлас емдеу осы цитоуытты препараттардың уытты әсерін күшейткен жоқ.

Циклоспорин

Кейбір хабарларға сәйкес, аллопуринолмен қатарлас емдеу аясында циклоспориннің қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің уыттылығының күшеюі мүмкіндігін ескеру қажет.

Алюминий гидроксиді

Аллопуринолды алюминий гидроксидімен бір мезгілде қолданғанда аллопуринолдың әсері төмендеуі мүмкін. Екі препаратты қабылдау арасында кемінде 3 сағат үзіліс жасау қажет.

Диданозин

Дені сау еріктілер және АИТВ инфекциясы бар, аллопуринолмен қатарлас емдеу (тәулігіне 300 мг) аясында диданозинді қабылдап жүрген пациенттерде, диданозиннің Cmax (препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) және AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы) шамамен 2 есе жоғарылағаны байқалды. Бұл кезде диданозиннің жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген. Әдетте, аталған дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер қатарлас емдеусіз болмайтын болса, диданозиннің дозасын төмендету және пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет болуы мүмкін.

АӨФ тежегіштері

АӨФ аллопуринолмен бір мезгілде қолдану лейкопения даму қаупінің артуымен қатар жүреді, сондықтан бұл препараттарды сақтықпен біріктіру керек.

Аллопуринолды АӨФ тежегіштерімен, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары кезінде бір мезгілде қолданғанда, аса жоғары сезімталдық қаупінің артқаны сипатталған.

Аллопуринолды каптоприлмен бір мезгілде, әсіресе, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде қолдану тері тарапынан болатын реакциялардың қаупін арттыруы мүмкін.

Диуретиктер

Аллопуринол мен фуросемид арасында қан сарысуындағы ураттар мен плазма оксипуринолының жоғарылауына алып келетін өзара әрекеттесу туралы хабарланды.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде аллопуринолды диуретиктермен, әсіресе, тиазидтермен бір мезгілде қолданғанда аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупінің жоғарылағаны туралы хабарламалар бар.

Арнайы сақтандырулар

Аса жоғары сезімталдық синдромы, Стивенс–Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН)

Аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының манифестациясы макулопапулалық экзантеманы, дәріге аса жоғары сезімталдық синдромын (DRESS) және СДС/УЭН қоса, өте алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл реакциялар клиникалық диагноз болып табылады және олардың клиникалық көріністері сәйкесінше шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. Тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдық реакциясының басқа көріністері пайда болған жағдайда, Милурит препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН бар пациенттерде емді қайта жаңғыртуға болмайды. Аса жоғары сезімталдық кезінде тері реакцияларын емдеу үшін кортикостероидтарды қолдануға болады.

HLA-B*5801аллелі

HLA-B*5801 аллелдерінің болуы аллопуринолдан туындаған СДС/УЭН (және, бәлкім, басқа аса жоғары сезімталдық реакцияларының) даму қаупінің факторы болып табылатыны анықталған, Хань қытайлықтар, тайвандықтар, кореялықтар, жапондықтар және еуропалықтар популяциясындағы жағдай-бақылау типті ретроспективті фармакогенетикалық зерттеулер нәтижелері осыны көрсетеді. HLA-B*5801 аллелінің болу жиілігі Хань қытайлықтар популяциясында 20 %-ға, тайлықтарда 8-15%, корей популяциясында 12%-ға және жапондықтар мен шығу тегі еуропалықтарда 1-2%-ға жетуі мүмкін.

HLA-B*5801 аллелінің таралуының жоғарылығы белгілі пациенттердің қосалқы топтарында аллопуринолмен емді бастағанға дейін HLA-B*5801 аллелі бойынша скрининг жүргізу ұсынылады. Бүйректің созылмалы аурулары ондай пациенттердегі осы қауіпті қосымша жоғарылатуы мүмкін. Егер қытайлық Хань халқының пациенттерінде, тайлықтарда немесе кореялықтарда генотиптелу мүмкіндігі болмаса, онда аллопуринолды, егер емдеудің пайдасы ықтимал жоғары қауіптен асып түсетін болса ғана тағайындау керек. Пациенттердің басқа топтарында аллопуринолмен емдеу туралы шешім қабылдау үшін генотиптеудің қолданылуы зерттелмеген.

Егер пациенттің HLA-B*5801 аллелін тасымалдаушы (әсіресе, қытайлық Хань халқы, тайлықтар, кореялықтар) болып табылатындығы белгілі болса, емдеудің талапқа сай басқа ықтимал нұсқалары болмаған жағдайлардан басқасында, аллопуринолмен емді тағайындамау керек.

Аса жоғары сезімталдық синдромының немесе СДС/УЭН белгілеріне қатысты аса сақтық таныту қажет, және пациенттер симптомдары алғаш пайда болғанда аллопуринолмен емдеуді дереу тоқтату қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.

СДС/УЭН этностық шығу тектеріне байланыссыз, HLA-B*5801 аллельдері жоқ пациенттерде де туындауы мүмкін.

Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуы

Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуы бар, диуретиктерді, әсіресе тиазидтерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде аллопуринолды қабылдаумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының, соның ішінде СДС/УЭН де дамуының қаупі жоғары.

Аса жоғары сезімталдық синдромының немесе СДС/УЭН дамуын аса мұқият қадағалау керек. Пациенттерге осындай симптомдар алғашқы пайда болғанда емді дереу және біржола тоқтату керектігін айту керек.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерді емдеуде

Аллопуринолдың дозасын төмендету қажет. Артериялық гипертензияға немесе жүрек жеткіліксіздігіне қатысты ем қабылдап жүрген пациенттерде (мысалы, диуретиктер немесе АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер) бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы байқалуы мүмкін, сондықтан пациенттердің осы тобында аллопуринолды сақтықпен қолдану керек.

Симптомсыз гиперурикемия

Симптомсыз гиперурикемия өз алдына жеке аллопуринол препаратын қолдануға көрсетілім болып табылмайды. Ондай жағдайларда пациенттер жағдайының жақсаруына гиперурикемияның негізгі себебін жоюмен қатар, диетаны және сұйықтықтар қабылдауды өзгертудің арқасында қол жеткізуге болады.

Подаграның жедел ұстамасы

Аллопуринолды қолдануды подаграның жедел ұстамасы толықтай басылғанша бастауға болмайды, өйткені ол аурудың қосымша өршуіне түрткі болуы мүмкін.

Урикозуриялық дәрілермен емдеудегі сияқты, аллопуринолмен емдеудің басталуы подагралық артриттің жедел ұстамасына түрткі болуы мүмкін. Осындай асқынуды болдырмау үшін, аллопуринол тағайындағанға дейін кемінде бір ай бойы қабынуға қарсы сәйкес препараттармен немесе колхицинмен профилактикалық ем жүргізу ұсынылады. Ұсынылған дозалары, сақтандырулар және сақтық шаралары туралы деректерді тиісті әдебиеттерден табуға болады.

Егер подаграның жедел ұстамасы аллопуринолмен емдеу аясында дамыса, онда препаратты қабылдауды сол дозада жалғастыра беру, ал ұстаманы емдеу үшін қабынуға қарсы стероидты емес қолайлы дәріні тағайындау қажет.

Азатиоприн немесе 6-меркаптопурин

Егер азатиоприннің немесе 6-меркаптопуриннің дозасы бастапқы тағайындалған дозасынан 25%-ға дейін төмендетілмесе, аллопуринолды аталған препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындамау керек.

Ксантиннің жинақталуы

Ураттардың түзілуі айтарлықтай күшейген жағдайларда (мысалы, қатерлі ісік және тиісінше ісікке қарсы ем, Леш-Найхан синдромы) ксантиннің несептегі абсолюттік концентрациясы, сирек жағдайда, ксантиннің несеп жолдары тіндерінде жинақталуына ықпал ететін деңгейлерге жетуі мүмкін. Ксантиннің тіндерде жинақталу ықтималдығын талапқа сай гидратацияның арқасында азайтуға болады, ол несептің оңтайлы сұйылтылуын қамтамасыз етеді.

Бүйректегі ураттық тастарға әсері

Аллопуринолмен талапқа сай емдеу несеп қышқылындағы ірі конкременттердің еруіне алып келуі мүмкін, алайда, ол конкременттердің несепағарға кептеліп қалу ықтималдығы аз.

Бүйректің подагралық зақымдануын және ураттық тастарды емдеуде, бөлінетін несептің тәуліктік көлемі 2 литрден кем болмауға тиіс, және несептегі рН мәні 6,4–6,8 ауқымында болуы тиіс.

Гемохроматоз

Аллопуринолдың подаграны емдеудегі негізгі әсері ксантиноксидаза ферменті белсенділігінің бәсеңдеуі болып табылады. Ксантиноксидаза бауырда жинақталған темірдің мөлшерінің азаюына және шығарылуына қатысуы мүмкін. Кеміргіштерге жүргізілген кейбір зерттеулерде аллопуринолдың әсерінен жануарлардың организмінде темірдің жинақталғаны көрсетілген, ал басқа зерттеулерде бұл анықталмаған. Дені сау 28 сыналушыдағы зерттеуде аллопуринолды қолданған кезде бауырдағы темір мөлшерінің өзгерістері анықталмады. Гемохроматозы бар пациенттерде аллопуринолмен емдеудің қауіпсіздігін көрсететін зерттеулер жүргізілген жоқ. Гемохроматозы бар пациенттерге, сондай-ақ олардың қандас туыстарына аллопуринолды сақтықпен тағайындау керек.

Қалқанша без функциясының бұзылуы

ТТГ (тиреотропты гормон) мәнінің жоғарылауы (>5,5 мХБ/мл) ұзаққа созылатын ашық қосымша клиникалық зерттеу аясында аллопуринолды ұзақ уақыт бойы қабылдаған пациенттерде (5,8%) байқалды. Қалқанша без функциясының бұзылулары бар пациенттерге аллопуринолды сақтықпен тағайындау керек.

Балаларда қолдану

Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемияда) және кейбір ферментативтік бұзылуларда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеуде сирек қолданылады.

Милурит 100 мг таблеткалар препаратының құрамында лактоза бар Милурит 100 мг препаратының әр таблеткасының құрамында - 50 мг лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, толық лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.

Натрий мөлшері

Бұл препараттың құрамында әрбір 100 мг және 300 мг таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүзінде натрий жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Бұл препарат көптеген жылдар бойы айқын қолайсыз әсерлерсіз кеңінен қолданылып келе жатқанымен, жүктілік кезінде аллопуринолмен емдеудің қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз.

Жүктілік кезінде қауіптілігі аздау баламалы емі болмаған және ауруы препаратты қабылдаумен салыстырғанда анасы мен шарана үшін зор қауіп төндіретін жағдайларда болмаса, Милурит препаратын қолдануға болмайды.

Емшек емізу

Аллопуринол және оксипуринол емшек сүтімен бөлініп шығады. Аллопуринол емшек емізу кезеңінде ұсынылмайды.

Аллопуринолды тәулігіне 300 мг дозада қабылдап жүрген әйелдерде аллопуринол мен оксипуринолдың емшек сүтіндегі концентрациясы, сәйкесінше, 1,4 мг/л және 53,7 мг/л жеткен. Әйтсе де, аллопуринол мен оның метаболиттерінің емшек еметін сәбилерге әсері туралы мәліметтер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аллопуринолмен емдеу аясында көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін ұйқышылдық, теңселу сезімімен бас айналуы (вертиго) және атаксия секілді жағымсыз реакциялардың дамығаны байқалған. Милурит препаратын қабылдап жүрген пациенттер, аллопуринолдың осы қабілеттерге жағымсыз әсер етпейтініне көз жеткізгенге дейін көлік құралдары мен механизмдерді басқармауы тиіс.

Қарсы көрсеткіштер

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер

Жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендету үшін емдеуді тәулігіне бір рет 100 мг бастапқы дозасынан бастау керек.

Қажет болса, егер қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейі жеткіліксіз төмендесе, бастапқы дозасын біртіндеп арттырады. Егер бүйрек функциясы төмен болса, ерекше сақтық таныту керек («Бүйрек функциясының бұзылулары» қосалқы бөлімін қараңыз).

Препарат дозасын таңдағанда келесі дозалау режимдерін пайдалану ұсынылады:

- аурудың ауырлығы жеңіл дәрежеде болса тәулігіне 100–200 мг

- ауырлық дәрежесі орташа жағдайларда тәулігіне 300–600 мг

- ауыр дәрежелі жағдайларда тәулігіне 700–900 мг.

Егер дозасын есептеуде пациенттің дене салмағына қарау керек болса, онда Милурит препаратының дозасы тәулігіне 2-ден 10 мг/кг дейінді құрауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар мен 15 жасқа толмаған жасөспірімдер

Ұсынылатын дозасы тәулігіне 10–20 мг/кг. Төмен дозалары үшін 100 мг таблеткалар пайдаланылады, оларды сызығының көмегімен 50 мг-ден бірдей екі дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы - үш қабылдауға бөлінген 400 мг.

Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемия) және кейбір ферментативтік бұзылуларда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеу үшін сирек қолданылады.

Егде жастағы пациенттер

Нақты деректер болмаған жағдайда қан сарысуындағы несеп қышқылы концентрациясының айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз ететін ең төмен тиімді дозаларын қабылдау керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін және 4.4 бөлімінде аталған кейбір басқа да жағдайларда препарат дозасын таңдаудағы ұсынымдарға айрықша назар аудару қажет (4.4 бөлімін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы әсер етуші зат пен оның метаболиттерінің организмде іркілуіне, кейіннен осы қосылыстардың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келуі мүмкін.

Келесі сызба бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету үшін бағдар қызметін атқара алады:

Артық дозалану

22.5 г аллопуринолдың жағымсыз әсерлерінің дамуынсыз қабылданғаны туралы хабарлар бар.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, бас айналу 20 г аллопуринолды қабылдаған пациентте байқалды. Жалпы демеуші емнен кейін сауығып кеткен.

Ауыр артық дозалануы ксантиноксидаза белсенділігінің айтарлықтай бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. Бұл әсері өз алдына жағымсыз реакциялармен қатар жүрмеуі тиіс. Қатарлас емге, әсіресе 6-меркаптопуринмен және (немесе) азатиопринмен емдеуге әсері бұған жатпайды.

Емі: Арнайы антидоты белгісіз. Оңтайлы диурезді демейтін талапқа сай гидратация аллопуринол мен оның туындыларының несеппен шығарылуына ықпал етеді. Клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда гемодиализ қолданылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Жағымсыз әсерлерінің даму жиілігін анықтауға арналған заманауи клиникалық деректер жоқ. Олардың жиілігі дозасына және препараттың монотерапия түрінде немесе басқа препараттармен біріктіріліп тағайындалуына байланысты ауытқып отыруы мүмкін.

Дәрілік препаратқа білінетін жағымсыз реакцияларға тиесілі, төменде келтірілген жиілік санаттары бағалауға арналған болып табылады: реакциялардың көпшілігі бойынша жиілігін есептеу үшін жарамды деректер жоқ. Тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде анықталған, дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар сирек немесе өте сирек деп танылған әрі негізінен елеусіз сипатта болады. Жиілігінің жоғарырақ болуы бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылулары бар кезде байқалады.

Жиі

- тері бөртпесі

- тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейінің жоғарылауы 9

Сирек

- Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз 6

- несептас ауруы

- гепатит (бауыр некрозын және гранулематозды гепатитті қоса)5

Өте сирек

- фурункулез

- агранулоцитоз1, аплазиялық анемия1, тромбоцитопения1, гранулоцитоз, лейкопения, лейкоцитоз, эозинофилия және шынайы эритроциттік аплазия

- ангиоиммунобласттық Т-жасушалық лимфома3, анафилаксиялық реакция

- қант диабеті, гиперлипидемия

- депрессия

- кома, салдану, атаксия, шеткері нейропатия, парестезия, ұйқышылдық, бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы

- катаракта, көрудің бұзылуы, макулопатия

- теңселу сезімімен бас айналуы (вертиго)

- стенокардия, брадикардия

-артериялық гипертензия

- қан құсу, стеаторея , стоматит, дефекация ырғағының өзгеруі

- ангионевроздық ісіну7, дәрі-дәрмектік бөртпе, шаштың түсуі, шаш түсінің өзгеруі

- бұлшықет ауыруы

- гематурия, азотемия

- ерлердегі белсіздік, эректильді дисфункция, гинекомастия

- ісінулер, жалпы дімкәстану сезімі, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы 8

Жиі емес

- аса жоғары сезімталдық 2

- құсу4, жүрек айну4, диарея

- бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары 5

Белгісіз

- іштің ауыруы

- асептикалық менингит

Шығарылу түрі

30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100 немесе 120 таблеткадан полиэтиленнен жасалған, алғашқы ашылуы бақыланатын және шыны құтыларға арналған қатпарлы амортизатормен жабдықталған қақпақпен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМилурит таблеткалары 200 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube