daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Минирин Мелт Лиофилизат 240 Мкг №30 | Каталент Ю.К. Свиндон Зидис Лтд

Уральске қаласындағы Минирин Мелт Лиофилизат 240 Мкг №30 | Каталент Ю.К. Свиндон Зидис Лтд
Сипаттама:

Бір жағында бір тамшы түріндегі таңбасы бар дөңгелек пішінді ақ түсті лиофилизат (60 мкг дозасы үшін). Бір жағында екі тамшы түріндегі таңбасы бар дөңгелек пішінді ақ түсті лиофилизат (120 мкг дозасы үшін). Бір жағында үш тамшы түріндегі таңбасы бар дөңгелек пішінді ақ түсті лиофилизат (240 мкг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Десмопрессин

Өндіруші:

Каталент Ю.К. Свиндон Зидис Лтд

Өндіруші ел:

Великобритания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: желатин, маннитол, сусыз лимон қышқылы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Бір жағында бір тамшы түріндегі таңбасы бар дөңгелек пішінді ақ түсті лиофилизат (60 мкг дозасы үшін). Бір жағында екі тамшы түріндегі таңбасы бар дөңгелек пішінді ақ түсті лиофилизат (120 мкг дозасы үшін). Бір жағында үш тамшы түріндегі таңбасы бар дөңгелек пішінді ақ түсті лиофилизат (240 мкг дозасы үшін).

Белсенді заттың дозасы:

240 мкг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- орталық генездегі қантсыз диабет

- гипофизэктомиядан кейін немесе гипофиз тұсына жасалған хирургиялық операциядан кейін полиурия/полидипсия.

- бастапқы түнгі энурезді емдеу

- бүйректің концентрациялық қабілетін анықтау үшін (орталық генездегі қантсыз диабетті диагностикалауға арналған тест)

Қарсы көрсеткіштер

- десмопрессинге немесе препараттың басқа компоненттеріне

аса жоғары сезімталдық

- туа біткен немесе психогенді полидипсия (несеп түзілу көлемі

40 мл/кг артық/24 сағат), маскүнемдік

- этиологиясы әртүрлі ісінулер

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі және несеп айдайтын препараттарды тағайындауды талап ететін басқа да жағдайлар. Минирин МЕЛТ артериялық қысымының деңгейі қалыпты пациенттерге ғана қолданылуы керек.

- гипонатриемия

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен)

- антидиуретик гормонның адекватты емес секреция синдромы

- 5 жасқа дейінгі балалар (орталық генездегі қантсыз диабет және бастапқы түнгі энурез)

- 65 жастағы және одан ұлкен пациенттер, егер десмопрессин никтурия мен бастапқы түнгі энурезді емдеу үшін пайдаланылса

Сақтық шаралары

Түнгі энурезді емдеу үшін сұйықтықты қабылдау Минирин МЕЛТТІ қабылдағанға дейін 1 сағат бұрын және қабылдағаннан кейін 8 сағат ішінде сақтандыру шарасы ретінде шектелуі керек және шөлді қандыру деңгейіне дейін төмендеуі тиіс. Сұйықтық қабылдауды төмендетпей қатарлас емдеу судың іркілуін және/немесе гипонатриемияны және бас ауыруын, жүрек айнуды, құсуды, дене салмағының артуын және ауыр жағдайларда ми ісінуін, құрысулар және кома сияқты симптомдарды туындатуы мүмкін. Бұл қауіп емдеудің бірінші аптасында әсіресе жоғары байқалады.

Егде жастағы пациенттерде (>65 жас) және натрий деңгейі төмен пациенттерде гипонатриемияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Десмопрессинді кистозды фиброзы, жүректің ишемиялық ауруы, гипертониясы, тромбтың түзілуіне бейімділігі, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, преэклампсиясы, бассүйекішілік қысымы жоғары немесе су-электролиттік бұзылулары бар пациенттерге ерекше сақтықпен пайдалану керек.

Артериялық гипертензиясы және бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде жағымсыз реакциялар симптомдары айқын білінбеуі мүмкін. Пациенттер, егер пациенттер балалар болса, онда олардың ата-аналары сұйықтықты шамадан тыс қабылдаудан сақ болу керек және құсу, диарея, жүйелі инфекциялар мен қызба жағдайында десмопрессинді қабылдауды су теңгерімі нормаға келгенге дейін тоқтата тұру керек.

Гипонатриемия мен судан уыттанудың даму қаупін азайту үшін сұйықтықты қабылдау өте маңызды:

АГАЕСС (трициклді антидепрессанттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, хлорпромазин, хлорпропамид және карбамазепин) туындататын дәрілік препараттарды пайдаланған кезде;

ҚҚСП пайдалана отырып, қатарлас терапия барысында.

Емдеу кезінде дене салмағын бақылау маңызды.

65 жастан асқан пациенттердің қан сарысуындағы натрий құрамын ем басталғанға дейін және ем басталғаннан немесе дозаны арттырғаннан кейін 3 күннен кейін анықтау керек. Емдеу бас ауыруы және/немесе жүрек айну туындаған кезде тоқтатылуы керек.

Полиурияның немесе қуықастыбездің қатерсіз гиперплазиясы (простата аденомасы), несеп шығару жолдарының инфекциясы, қуық тастары немесе қуық ісіктері, сфинктердің қантты бұзылулары, полидипсия немесе ем нашар қонатын қант диабеті сияқты кіші дәретке жиі отырудың немесе никтурияның органикалық себептерін жоққа шығару керек немесе тиісті жолмен емдеу керек. Бүйрекүстібез функциясының жеткіліксіздігін немесе гипотиреозды десмопрессинмен емдеуді бастамас бұрын емдеп алу керек..

Өзара әрекеттесуі

Окситоцинмен бірге қолданғанда, антидиуретик әсердің артуы және жатыр перфузиясының жиырылуы мүмкін. Глибенкламид және литий препараттары Минирин МЕЛТТІҢ антидиуретик әсерін төмендетуі мүмкін. Клофибрат, индометацин және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, аминазин, карбамазепин, антидепрессанттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері және сұйықтықтың/электролиттердің теңгеріміне әсер ететін барлық дәрілік препараттар Минирин МЕЛТТІҢ антидиуретик әсерін күшейтуі және осылайша судың іркілу қаупін/гипонатриемияны арттыруы мүмкін. Артериялық қысымды, қан плазмасындағы натрий деңгейін және диурезді жоғарыда аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда бақылап отыру керек.

Лоперамидпен бір мезгілде емдеу десмопрессиннің плазмадағы концентрациясының іс жүзінде 3 есе артуына әсер етуі мүмкін, бұл өз кезегінде судың іркілу қаупінің/гипонатриемияның артуын туындатуы мүмкін. Десмопрессин бауыр метаболизміне әсер ететін заттармен өзара әрекеттесетіні екіталай, өйткені десмопрессин адам бауырының микросомаларына жүргізілген in vitro зерттеулерде бауырдың едәуір бауыр метаболизмін көрсетпейді. Бүгінгі күні ықтимал өзара әрекеттесулерге in vivo зерттеулер жүргізілген жоқ.

27% майды құрайтын стандартты диета пероральді қабылданатын десмопрессиннің сіңуін (мөлшері мен ұзақтығын) айтарлықтай азайтады. Фармакодинамикалық қасиеттеріне (несепті өндірілуі және осмолярлылығы) келетін болсақ, елеулі әсер байқалмайды. Осылайша, десмопрессинді қаласаңыз, тамақпен бірге қабылдауға болады. Дегенмен, десмопрессиннің пероральді төмен дозасында тамақ антидиуретик әсерінің қарқындылығы мен ұзақтығын төмендетуі мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерге тағайындау кезінде сақ болу керек.

Жүкті әйелдерге болашақ ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Жүктілік кезінде орталық генездегі қантсыз диабетті емдегенде, доза жеке талаптарға бейімделуі керек, себебі олар жүктілік кезінде өзгеріп тұруы мүмкін.

Лактация кезінде препаратты тағайындау қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтатады. Артериялық қысымды мониторингілеу ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықтимал жағымсыз әсерлерін ескере отырып, сақ болу керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Емнің басында препараттың оңтайлы дозасын дәрігер несептің осмолярлығы мен көлемін ескере отырып, жекелей анықтайды. Емді екі параметрге сәйкес жүргізу керек: ұйқының қажетті ұзақтығы және теңдестірілген су теңгерімі. Препаратты тамақ ішкеннен кейін біраз уақыттан кейін қабылдайды, өйткені тамақ ішу препараттың сіңірілуіне және оның тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

Орталық генездегі қантсыз диабет

Гипофизэктомиядан кейін немесе гипофиз тұсына жасалған хирургиялық операциядан кейін полиурия/полидипсия.

Дозаны әрбір пациент үшін жекелей анықтайды. Балалар мен ересектер үшін ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 3 рет 60 мкг құрайды, тіл астына. Доза пациенттің реакциясына байланысты жекелей реттеледі. Орташа тәуліктік дозасы 120 мкг-720 мкг құрайды. Пациенттердің көпшілігі үшін оңтайлы емдеуге күніне 3 рет 60-120 мкг Минирин МЕЛТТІ қабылдағанда қол жеткізіледі. ПЕоральді лиофилизатты жұтар алдында 10 секунд бойы тіл астында ұстау керек.

Сұйықтықтың іркілу симптомдары және/немесе гипонатриемия туындаған жағдайда емдеуді тоқтату және дозаны түзету қажет.

Сәбилер: Сәбилерге қолданылмайды.

Бастапқы түнгі энурез.

Тиімді терапиялық доза жеке көрсеткіштерге байланысты өзгереді және емдеуге реакцияға сәйкес түзетіледі.

Бүйректің қалыпты концентрациялық қабілеті бар балалар (5 жастан асқан) және ересектер (65 жасқа дейін): ұсынылған бастапқы дозасы - ұйықтар алдында 120 мкг, тіл астына. Әсері жеткіліксіз болған жағдайда доза 240 мкг-ға дейін артуы мүмкін. Емдеу кезінде түнгі уақытта сұйықтықты қабылдауды шектеу қажет. Судың іркілу/гипонатриемия белгілері пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату және дозаны түзету қажет.

Емдеу мерзімі - 3 айға дейін. Одан әрі емдеу қажеттілігін емдеуді кейін кемінде 1 апта мерзімге тоқтатқаннан қайта қарастыру керек.

Егер тиісті дозаны қабылдаудың бір апта ішінде адекватты клиникалық әсерге қол жеткізілмеген болса, емдеуді тоқтату керек.

Бүйректің концентрациялық қабілетін анықтауға арналған тест

1 жасқа дейінгі балалардағы Минирин препаратымен бүйректің концентрациялық қабілетін анықтауға арналған тест тек стационар жағдайында жүргізілуі керек.

Қысқа тестіні таңғы уақытта жүргізген дұрыс. Қабылданған сұйықтықтың мөлшерін қолданғаннан кейін алғашқы 12 сағат ішінде шектеу керек. 5 жасқа дейінгі балалар мен жүрек ауруларымен ауыратын немесе жоғары қан қысымы бар пациенттер сұйықтықты ішуді жартылай азайтуы керек.

Несептің осмоляльдығын тестілеу басталғанға дейін анықтау қажет. Десмопрессинді қабылдағаннан кейін несептің 2 сынамасы алынады (мүмкіндігінше 2 және 4 сағаттан кейін). Бірінші сағат ішінде несепті алу және керексіз болғандықтан жою қажет. Осмоляльдығы несептің екі үлгісінде анықталады. Бүйректің концентрациялық қабілетін анықтау үшін ең жоғары мән тестілеу басталғанға дейін бастапқы мәнмен немесе жастың эталондық мәнімен салыстырылады (ересектер: 800-1000 мОсм/кг). Төменгі мәндер және несептің осмоляльдығының болмауы немесе аз ғана артуы бүйректің концентрациялық қабілеті функциясының бұзылғанын көрсетеді. Орталық генездегі қантсыз диабетпен байланысты полиурия несептің осмоляльдығының айтарлықтай артқаны және несеп көлемінің айтарлықтай азайғаны байқалғанда болады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Артық дозалану

Симптомдары: организмде сұйықтықтың іркілуі, гипонатриемия, бас ауыру, жүрек айну және ауыр жағдайларда, кейде сананың есінен айырылуына дейін көмексіленуімен бірге бйқалатын конвульсиямен көрінетін сулы интоксикация.

Емі: дозаны төмендету, бір реттік дозалар арасындағы аралықты арттыру немесе препаратты қабылдауды тоқтату, сұйықтықты қабылдауды шектеу және қажет болған жағдайда симптоматикалық емдеу. Мидың ісінуіне күдіктенген кезде қарқынды терапия бөлімшесіне дереу ауруханаға жатқызу қажет. Конвульсиялар да қарқынды шараларды талап етеді.

Шығарылу түрі

10 лиофилизаттан лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында құрғақ жерде 25оС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМинирин Мелт лиофилизат 240 мкг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube