daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Мираксидин-DF Әйелдерге Арналған Шприц 0.05% 50 Мл | Dosfarm ТОО

Уральске қаласындағы Мираксидин-DF Әйелдерге Арналған Шприц 0.05% 50 Мл | Dosfarm ТОО
Сипаттама:

Түссіз мөлдір немесе иіссіз сәл бозаңданатын сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Хлоргексидин

Өндіруші:

Dosfarm ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді заттың дозасы:

0,05%

Дәрілік түрі:

Сыртқа қолдануға арналған 0,05 ерітінді, 10 мл, 50 мл, 100 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу

стоматологияда (гингивит, стоматит, афта, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңді жараны, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында

инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін

қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін

Қарсы көрсеткіштер

- аллергиялық реакцияларға бейімділік

- дерматиттер

- хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы

- 3 жасқа дейінгі балалар

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты тыныс алу жолына түсіріп алмай, абайлап қолдану керек!

Препараттың миға, ми қабықтарына және дабыл қуысына түсіп кету қаупіне байланысты, препаратты ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдары бар, дабыл жарғақшасы тесілген пациенттерге қолданбау керек.

Мираксидин - DF® препаратын басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.

Препаратты сыртқа қолданған кезде таза құрғақ теріге сабын қалдығын мұқият жуып тастағаннан кейін жағу ұсынылады.

Мираксидин - DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Препарат тиіп кеткен киімнің, онда қоңыр дақтардың пайда болуы мүмкін болғандықтан, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқа қосылыстардың әсеріне ұшырауына жол бермеу керек.

Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда көзді сумен жылдам және мұқият шайған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Сабынмен, сілтілермен және басқа да анионды қосылыстармен (коллоидтар, гуммиарабик, карбоксиметилцеллюлоза) фармацевтикалық үйлеспейді.

Құрамында катион тобы бар препараттармен үйлесімді (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді). Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.

Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.

Жоғарыда аталған немесе басқа да дәрілік препараттарды (оның ішінде рецептісіз) қолдансаңыз, Мираксидин – DF препаратын қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Инвазивті емшараларды бастамас бұрын, хлоргексидинге малынған барлық материалдарды алып тастау керек: бинттер, жаймалар, сүрткілер, халаттар және т.б. Ерітіндінің шамадан тыс мөлшерін пайдаланбаңыз. Пациенттің тері қатпарларында, денесінің астында, баланың терісімен тікелей байланыста болатын материалдарда ерітіндінің жиналуына жол бермеңіз. Егер бұрын хлоргексидинге ұшыраған теріге ауа өткізбейтін таңғыш (окклюзиялық таңғыш) салу қажет болса, оны қолданар алдында теріде хлоргексидиннің артық ерітіндісі жоқтығына көз жеткізіңіз.

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Мираксидин - DF® спрейін тек тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде ғана суландыру түрінде қолдану керек. Ауыз қуысының ауруларын тампондардың жәрдемімен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала емізетін әйелдерге және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакциялардың қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

0,05 Мираксидин-DF® ерітіндісін ересектерге және 3 жастан асқан балаларға сыртқа және жергілікті бүрку, шаю және жапсыру түрінде профилактикалық және емдік дәрілер ретінде қолданылады (терінің немесе шырышты қабықтың зақымданған жеріне 5-10 мл жағады):

- ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде қолдануға тағайындайды

- уретриттердің және уретропростатиттердің кешенді емінде Мираксидин-DF® уретраға күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден бүркеді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды.

- жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін Мираксидин-DF® жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану қажет. Препаратты қолданар алдында қуықты босатып алу қажет және гениталий аумағын сабынсыз жылы сумен өңдеу керек. Құтының ішіндегі затты қондырманың жәрдемімен еркектің (2-3 мл), әйелдердің (1-2 мл) несеп шығару өзекшесіне және қынапқа (5-10 мл) 2-3 минутқа енгізу керек. Санның, қасағаның, жыныс мүшелерінің ішкі бетінің терісін де өңдеу қажет. Емшарадан кейін 2 сағат бойы дәрет сындырмау керек.

Әйелдерде қынаптық бүркіп-шаюға арналған 50 мл Мираксидин-DF® жиынтықтағы арнайы қондырмасы бар гофрланған құтыда шығарылады. Қолданар алдында ішінде дайын ерітіндісі бар құтының қақпағын арнайы қондырмаға алмастырып салып, қынапқа енгізеді және құтының түбін басу арқылы 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бойы бүркеді.

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:

- стоматит, гингивит, афта, парадонтит, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет

- тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдегенде Мираксидин - DF® спрейін зақымданған аумаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе онымен тампонды дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады

- қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин - DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе тампонды дымқылдап, сүртеді

Емдеу ұзақтығы ауру сипатымен, оның айқындылығымен байланысты және оны дәрігер белгілейді.

Ауыз қуысының ауруларын емдеген кезде препаратты тамақ ішіп болғаннан кейін қолдану қажет.

Мираксидин - DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: препаратпен артық дозалану туралы деректер жоқ.

Емі: кездейсоқ ішке түскен кезде 20% Хлоргексидин диглюконаты сіңірілмейді, мұндай жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсыныстары

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.

Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар өршісе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Жиі:

- 3-5 мин бойы қол терісінің жабысқақ болуы

Сирек:

- терінің құрғауы және қышуы

- дерматит

- тістердің боялуы

- тіс тастарының жиналып қалуы

- дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)

Өте сирек:

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

- фотосенсибилизация

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

10 мл препараттан дөңгелек, 50 мл, 100 мл препараттан дөңгелек немесе жалпақ полиэтилен тамшылатқыш құтыларда, сондай-ақ 50 мл-ден қосымша арнайы қондырмасымен бұрандалы қақпағы бар гофрланған полиэтилен (бүріккіш) құтыда. Әр құтыға ​​заттаңба жапсырылады. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

50 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМираксидин-DF әйелдерге арналған шприц 0.05% 50 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube