daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Мирапекс ПВ Таблеткалары 0,75 Мг №30 | Роттендорф Фарма ГмбХ

Уральске қаласындағы Мирапекс ПВ Таблеткалары 0,75 Мг №30 | Роттендорф Фарма ГмбХ
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында Р1 таңбасы және екінші жағында BI компаниясының символы бар, шеттері қиғашталған, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар (0,375 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында Р2 таңбасы және екінші жағында BI компаниясының символы бар, шеттері қиғашталған, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар (0,75 мг доза үшін). Сопақша пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында Р3 таңбасы және екінші жағында BI компаниясының символы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар (1,5 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Прамипексол

Өндіруші:

Роттендорф Фарма ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

Педиатрияда қолдану МИРАПЕКС ПВ препараты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды. Жүктілік немесе лактация кезеңі Жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүктіліктің болуы мүмкін деп ұйғарсаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Дәрігер сізбен МИРАПЕКС ПВ препаратын қабылдауды жалғастыру мүмкіндігін талқылайды. МИРАПЕКС ПВ препаратының ұрыққа әсері белгісіз. Сондықтан жүктілік кезінде қабылдауға емдеуші дәрігердің нақты нұсқауы болмаған жағдайда МИРАПЕКС ПВ қабылдауға болмайды. Бала емізу кезінде МИРАПЕКС ПВ қолданбаған жөн, өйткені ол емшек сүтінің бөлінуін азайтуы мүмкін. Сонымен қатар ол емізу кезінде балаңыздың ағзасына түсуі мүмкін. МИРАПЕКС ПВ препаратын қолданбау мүмкін болмаса, емізуді тоқтату қажет. Кез келген дәрілік затты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері МИРАПЕКС ПВ көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне қатты әсер етуі мүмкін. Елестеулер немесе ұйқышылдық және/немесе кенеттен ұйықтап кету көріністері болуы мүмкін. Осындай жағымсыз әсерлер болса, осындай көріністер мен ұйқышылдық жойылғанға дейін көлік жүргізбеуіңіз немесе зейін қоюдың бұзылуы пациенттің өзі немесе басқа адамдар үшін (мысалы, механизмдермен жұмыс) ауыр жарақаттану немесе өлімге ұшырау қаупіне алып келуі мүмкін қызмет түрлерімен айналыспауыңыз қажет.

Белсенді заттың дозасы:

0,75 мг

Дәрілік түрі:

Босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткалар, 0,375 мг, 0,75 мг және 1,5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

МИРАПЕКС ПВ құрамына белсенді фармацевтикалық субстанция ретінде прамипексол кіреді және ол бас миында дофамин рецепторларын ширықтыратын дофамин агонистері ретінде белгілі дәрілік препараттар тобына жатады. Дофамин рецепторларын ширықтыру бас миында дене қозғалыстарын бақылауға жауапты жүйке импульстерін іске қосады.

МИРАПЕКС ПВ ересектерде бастапқы паркинсонизмді (Паркинсон ауруын) симптомдық емдеу үшін қолданылады. Препаратты монотерапияда немесе леводопамен (Паркинсон ауруын емдеуге арналған басқа дәрілік препарат) біріктіріп қолдануға болады.

Қарсы көрсеткіштер

МИРАПЕКС ПВ препаратын:

прамипексолға немесе осы препараттың кез келген басқа компоненттеріне («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған) аллергияңыз болған жағдайда қолдануға болмайды.

Қолдану кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты қолданар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Емдеуші дәрігеріңізге қазіргі немесе бұрын ауырған ауруларыңыздың немесе симптомдардың, әсіресе төменде аталғандардың болуы туралы хабарлаңыз:

бүйрек аурулары;

елестеулер (шын мәнінде жоқ нәрселерді көру, есту немесе сезу). Көп жағдайда көру арқылы елестеулер байқалады;

дискинезия (яғни аяқ-қолдың бақыланбайтын патологиялық қозғалыстары). Егер сіз соңғы сатысындағы Паркинсон ауруымен ауыратын болсаңыз және леводопаны бірге қабылдайтын болсаңыз, МИРАПЕКС ПВ препараты дозасының артуына байланысты сізде дискинезия дамуы мүмкін;

дистония (денені және мойынды тік ұстай алмау) (аксиалды дистония). Атап айтқанда, сізде бас пен мойынның алға қарай еңкеюі (бұл қалып сондай-ақ антеколлис деп аталады), белдің алға бүгілуі (камптокормия) немесе арқаның бүйірлік қисаюы (плеврототонус немесе Пиза синдромы) орын алуы мүмкін;

ұйқышылдық және кенеттен ұйықтап кету көріністері;

психоз (шизофрения симптомдарына ұқсас);

көру қабілетінің нашарлауы. МИРАПЕКС ПВ препаратымен емдеу кезінде үнемі офтальмологиялық тексеруден өтіп отыру ұсынылады;

ауыр жүрек-қантамыр аурулары. Артериялық қан қысымын бақылау, әсіресе препаратты қабылдаудың алғашқы күндерінде, постуралдық гипотензияны (отырған немесе жатқан қалыптан көтерілген кезде артериялық қысымның төмендеуі) анықтау үшін маңызды.

Өзара әрекеттесуі

Емдеуші дәрігерге бұрын қабылдаған, қазіргі уақытта қабылдап жүрген немесе жақын уақытта қабылдауды жоспарлаған дәрілік препараттар туралы айтыңыз. Бұл сондай-ақ рецептісіз босатылатын дәрілік заттарға, өсімдіктерден жасалған препараттарға, емдік тамақтануға және тағамдық қоспаларға да қатысты.

МИРАПЕКС ПВ препаратын психозға қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

МИРАПЕКС ПВ препараты мына дәрілік препараттармен бірге сақтықпен қолданылады:

циметидин (асқазан сөлінің артық бөлінуін азайту үшін және асқазан жарасы кезінде)

амантадин (Паркинсон ауруын емдеу үшін қолданылуы мүмкін)

мексилетин (жүрек ырғағының бұзылуында, яғни қарыншалық аритмияда қолданылады)

зидовудин (жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС), адамның иммундық жүйе аурулары кезінде қолданылады)

цисплатин (қатерлі ісік аурулары кезінде қолданылады)

хинин (түнгі уақытта аяқтың жанға бататын құрысуының алдын алу үшін, сондай-ақ «күрт дамыған үш күндік безгек» (қатерлі безгек) ретінде белгілі безгек кезінде қолданылады)

прокаинамид (жүрек ырғағының бұзылуында қолданылады)

МИРАПЕКС ПВ препаратын қолдануды бастар алдында леводопаның дозасын (егер қолданылатын болса) азайту қажет.

МИРАПЕКС ПВ препараты тыныштандыратын әсері бар препараттармен, сондай-ақ спиртті ішімдіктерді ішкен кезде сақтықпен қолданылады. Мұндай жағдайларда МИРАПЕКС ПВ автокөлік жүргізу және жабдықпен жұмыс істеу қабілетіңізге әсер етуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

МИРАПЕКС ПВ препаратын Паркинсон ауруымен ауыратын және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге тағайындағанда «Дозалану режимі» бөліміне сәйкес төмендетілген дозаны қолдану ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттер үшін деректердің болмауына байланысты осы топтағы пациенттерді босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткаларын қолданып емдеуге кеңес берілмейді. Дереу әсер ететін МИРАПЕКС таблеткаларын қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Креатинин клиренсі 30–50 мл/мин аралығындағы пациенттерді емдеу үшін және демеу терапиясы кезінде «Дозалану режимі» бөлімінде келтірілген ұсынымдарды орындаған жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет болмауы мүмкін, өйткені сіңірілген белсенді заттың 90 %-ға жуығы ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Дегенмен бауыр жеткіліксіздігінің МИРАПЕКС ПВ фармакокинетикасына ықтимал әсері зерттелмеген.

Педиатрияда қолдану

МИРАПЕКС ПВ препараты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүктіліктің болуы мүмкін деп ұйғарсаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Дәрігер сізбен МИРАПЕКС ПВ препаратын қабылдауды жалғастыру мүмкіндігін талқылайды.

МИРАПЕКС ПВ препаратының ұрыққа әсері белгісіз. Сондықтан жүктілік кезінде қабылдауға емдеуші дәрігердің нақты нұсқауы болмаған жағдайда МИРАПЕКС ПВ қабылдауға болмайды.

Бала емізу кезінде МИРАПЕКС ПВ қолданбаған жөн, өйткені ол емшек сүтінің бөлінуін азайтуы мүмкін. Сонымен қатар ол емізу кезінде балаңыздың ағзасына түсуі мүмкін. МИРАПЕКС ПВ препаратын қолданбау мүмкін болмаса, емізуді тоқтату қажет.

Кез келген дәрілік затты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

МИРАПЕКС ПВ көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне қатты әсер етуі мүмкін. Елестеулер немесе ұйқышылдық және/немесе кенеттен ұйықтап кету көріністері болуы мүмкін. Осындай жағымсыз әсерлер болса, осындай көріністер мен ұйқышылдық жойылғанға дейін көлік жүргізбеуіңіз немесе зейін қоюдың бұзылуы пациенттің өзі немесе басқа адамдар үшін (мысалы, механизмдермен жұмыс) ауыр жарақаттану немесе өлімге ұшырау қаупіне алып келуі мүмкін қызмет түрлерімен айналыспауыңыз қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бұл препаратты әрдайым дәрігеріңіздің нұсқауларына қатаң сәйкестікте қабылдаңыз. Қандай да бір күмән болған жағдайда, дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Дәрігер дозаны түзетуге көмектеседі.

Босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткаларын тәулігіне бір рет қана қабылдайды, бұл ретте таблетканы күн сайын шамамен бір уақытта қабылдау қажет.

МИРАПЕКС ПВ препаратын тамақ ішуге тәуелсіз қабылдай аласыз. Таблеткаларды сумен бүтіндей жұту қажет.

Босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткалары күніне бір рет пероральді қабылданатын прамипексол препараты болып табылады.

Бірінші апта бойы препараттың стандартты тәуліктік дозасы 0,375 мг тең. Дозаны симптомдар жойылғанша (демеуші доза), дәрігердің нұсқауларын орындай отырып, әрбір 5-7 күн сайын біртіндеп арттыру қажет.

Артық дозалану

Байқаусызда тым көп таблетка қабылдап қойсаңыз:

кеңесу үшін дереу емдеуші дәрігеріңізге немесе жақын маңдағы аурухананың жедел жәрдем бөліміне хабарласыңыз;

сізде құсу, мазасыздану немесе «Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиіс шаралар» бөлімінде сипатталған жағымсыз әсерлердің кез келгені дамуы мүмкін.

Дофамин агонистінің артық дозалануын емдеуге арналған арнайы антидот жоқ. Орталық жүйке жүйесінің ширығуы орын алған жағдайда, нейролептик қолдану ұсынылуы мүмкін. Артық дозалануды емдеу жалпы демеу шараларын, сондай-ақ асқазанды шаюды, вена ішіне сұйықтық енгізуді, белсендірілген көмір қабылдауды және ЭКГ бақылауын қажет етуі мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажет болатын шаралар

Егер сіз МИРАПЕКС ПВ препаратының дозасын өткізіп алып, бұл туралы стандартты қабылдау уақытынан кейін 12 сағат ішінде есіңізге түссе, бірден таблетканы қабылдаңыз, ал келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдаңыз.

Таблетканы қабылдауды өткізіп алғаннан кейін 12 сағаттан астам уақыт өткен жағдайда, жай ғана әдеттегі уақытта келесі дозаны (тек бір дозаны) қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселік дозаны қабылдамаңыз.

Қолдануды тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Дәрігеріңізбен алдын ала кеңеспестен, МИРАПЕКС ПВ қабылдауды тоқтатпаңыз. Осы препаратты қабылдауды тоқтату қажет болса, дәрігеріңіз дозаны біртіндеп азайтады. Бұл симптомдардың үдеу қаупін төмендетеді.

Паркинсон ауруымен ауыратын болсаңыз, сіз МИРАПЕКС ПВ препаратын қолдануды күрт тоқтатпауыңыз қажет. Препаратты қабылдауды күрт тоқтату «қатерлі нейролептикалық синдром» деп аталатын өмірге қауіпті жағдайдың дамуына әкелуі мүмкін, оның симптомдары мынадай:

акинезия (бұлшықет қозғалғыштығын жоғалту)

бұлшықет сіреспелілігі

қалтырау

тұрақсыз артериялық қысым

тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі)

сананың шатасуы

сананың өшуі (яғни кома)

МИРАПЕКС ПВ препаратын қабылдауды тоқтатсаңыз немесе дозасын азайтсаңыз, сізде дофамин агонистін тоқтату синдромы деп аталатын ауру дамуы мүмкін. Симптомдары депрессияны, апатияны, мазасыздықты, шаршауды, тершеңдікті немесе ауыру сезімін қамтиды. Егер сізде осы симптомдар байқалса, дәрігерге хабарласу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Кез келген дәрілік затты қолданар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Дәрігеріңізбен алдын ала кеңеспестен, МИРАПЕКС ПВ қабылдауды тоқтатпаңыз.

Осы дәрілік препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Барлық дәрілік препараттар, атап айтқанда, МИРАПЕКС ПВ да жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін, алайда олардың кездесу деңгейі жоғары емес. Осы жағымсыз әсерлерді бағалау үшін мынадай жиілік санаттары белгіленді: өте жиі (10 адамның 1-уінен көбінде туындауы мүмкін), жиі (жиілігі 10 адамға шаққанда 1 оқиғаға жетуі мүмкін), жиі емес (жиілігі 100 адамға шаққанда 1 оқиғаға жетуі мүмкін), сирек (жиілігі 1000 адамға шаққанда 1 оқиғаға жетуі мүмкін), өте сирек (жиілігі 10000 адамға шаққанда 1 оқиғаға жетуі мүмкін), белгісіз (қолда бар деректер негізінде таралу деңгейін бағалау мүмкін емес):

Өте жиі

дискинезия (мысалы, аяқ-қолдың бақыланбайтын патологиялық қозғалыстары)

ұйқышылдық

бас айналуы

жүрек айнуы (жүрек айну түріндегі жайсыз сезіну)

Жиі

өзін әдеттен тыс ұстауға ұмтылу

елестеулер (шын мәнінде жоқ нәрселерді көру, есту немесе сезу)

сананың шатасуы

шаршау (шаршағыштық)

ұйқысыздық (инсомния)

сұйықтықтың, әдетте аяқтарда шамадан тыс жинақталуы (перифериялық ісіну)

бас ауыруы

гипотензия (төмен артериялық қысым)

әдеттегіден тыс түстер көру

іш қатуы

көру қабілетінің бұзылуы

құсу (құсқысы келіп лоқсу)

салмақ жоғалту, соның ішінде тәбеттің төмендеуі

Жиі емес

паранойя (мысалы, амандығы үшін шамадан тыс қорқыныш)

сандырақтау

күндізгі уақытта шамадан тыс ұйқышылдық және кенеттен ұйықтап кету көріністері

амнезия (есте сақтау қабілетінің бұзылуы)

гиперкинезия (жоғары қозғалу белсенділігі және қозғалыс қимылдарын тоқтата алмау)

дене салмағының артуы

аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, жоғары сезімталдық сияқты)

естен тану

жүрек жеткіліксіздігі (демігуге немесе аяқтың тобық тұсында ісінуіне әкелуі мүмкін жүрек аурулары)*

антидиурездік гормонның бейберекет секрециясы синдромы*

қозу күйі

демігу (тыныс алудың қиындауы)

ықылықтау

пневмония (өкпе инфекция)

өзіңізге немесе басқа адамдарға зиянын тигізуі мүмкін белгілі бір әрекеттерді жасауға деген импульске, ұмтылысқа немесе құмарлыққа қарсы тұра алмау, бұл әрекеттер төмендегілерді қамтуы мүмкін:

жеке немесе отбасылық ауыр зардаптарға қарамастан, құмар ойындарды ойнауға шамадан тыс құштарлық;

жыныстық құмарлықтың өзгеруі немесе артуы және сізді немесе айналаңыздағы адамдарды қатты алаңдататын мінез-құлықтың қалыптасуы, мысалы, либидоның жоғарылауы;

бақылауға көнбейтін шамадан тыс сатып алулар немесе жұмсаулар;

булимия (қысқа уақыт аралығында өте көп мөлшерде тамақ ішу) немесе компульсивтік шамадан тыс тамақтану (тамақты әдеттегіден көп және аштық сезімін басу үшін қажетті мөлшерден көп ішу)*.

делирий

Сирек

мания (қозу күйі, көтеріңкі көңіл-күй немесе шамадан тыс құлшыныс)

Белгісіз

МИРАПЕКС ПВ препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін немесе оның дозасын төмендеткеннен кейін депрессия, апатия, мазасыздық, шаршағыштық, тершеңдік немесе ауыру сезімі пайда болуы мүмкін (бұл симптомдар кешені «дофамин рецепторлары агонистерін тоқтату синдромы» деп аталады).

Осы мінез-құлық ерекшеліктерінің кез келгені байқалған жағдайда, ол туралы емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз, ол сізбен симптомдарды тоқтату немесе олардың ауырлық деңгейін төмендету нұсқаларын талқылайды.

* белгісімен белгіленген жағымсыз әсерлер үшін жиілікті дәл бағалау мүмкін емес, өйткені олар клиникалық зерттеулер аясында прамипексол қабылдаған 2 762 пациенттің бірде-біреуінде тіркелмеген. Олардың жиілігі «жиі емес» санатына сәйкес келетін жиіліктен аспауы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Шығарылу түрі

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМирапекс ПВ таблеткалары 0,75 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube