Қолдану көрсеткіштері
-псориаздың (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) қабынумен және қышынумен жүретін көріністерін емдеуге
-атопиялық дерматитті емдеуге арналған.
-псориаздың (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) қабынумен және қышынумен жүретін көріністерін емдеуге
-атопиялық дерматитті емдеуге арналған.
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- беттегі розацеа
- кәдімгі безеу
- тері атрофиясы
- периоральді дерматит
- жаялықтық дерматит
- перианальді, генитальді қышыну
- бактериялық (импетиго, пиодермия), вирустық (Herpes simpleх, Herpes zoster және желшешек, кәдімгі сүйелдер, үшкір кондиломалар, контагиоздық моллюска), паразиттік немесе зеңдік (Candida немесе дерматофития) тері инфекциясы
- туберкулез
- мерез
- вакцинадан кейінгі реакциялар
- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы
- 2 жасқа дейінгі балаларға
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Момейд кремін көзге тигізбеу керек.
Егер Момейд кремін пайдаланғанда тітіркену немесе сезімталдық дамыса, емдеу тоқтатылуы және сәйкесінше ем тағайындалуы тиіс.
Инфекция дамыған жағдайда, тиісінше зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы дәріні пайдалану керек.
Терінің ауқымды аймақтарына ұзақ уақыт бойы жаққан жағдайда, әсіресе, окклюзиялық таңғыштар қолданылған кезде, мометазонның жүйелі әсері дамуы мүмкін. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі және Кушинг синдромының дамуы белгілеріне қатысты қадағалануы тиіс.
Стеарил спирті терінің жергілікті реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматитті) туғызуы мүмкін.
Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль, жаққан жерде тітіркену туғызуы мүмкін, ондай жағдайларда Момейд кремін қолдануды тоқтату және тиісінше ем тағайындау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Момейд кремінің басқа препараттармен өзара дәрілік әрекеттесулерін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Арнайы ескертулер
ГКС жүйелік әсерінің дамуы мүмкіндігін ескере отырып, Момейд препаратын окклюзиялық таңғыш астына қолдануға, терінің ауқымды аймақтарына, бет терісіне және тері қатпарларына ұзақ уақыт қолдануға тыйым салынады.
Бет терісі зақымданған науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек.
Жасына қарамастан барлық пациенттерді ұзақ уақыт үздіксіз емдеуден аулақ болу керек.
Балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолдану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен шектелуі тиіс.
Псориазды емдеу кезінде жергілікті глюкокортикостероидтарды қолдану төзімділіктің дамуына және соның салдарынан процестің қайталануына, терінің бөгеттік функциясының төмендеуіне байланысты жайылған пустулезді псориаздың және жергілікті немесе жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупін тудыруы мүмкін. Пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет.
Емдеуді кенеттен тоқтатудан аулақ болу керек. Ұзақ уақытқа созылған глюкокортикостероидты (ГКС) ем кезінде емді кенеттен тоқтату терінің қарқынды қызаруы және ашытуы сезілетін дерматит түрінде көрінетін рикошет синдромының дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты қабылдауды біртіндеп, мысалы, оны қабылдауды толық тоқтатпас бұрын, алма-кезек емдеу әдісіне ауысып тоқтату керек.
Екіншілік инфекция түскен кезде микробқа қарсы ем тағайындалуы керек. Әсері болмаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатады.
Препаратты көзге және шырышты қабыққа тигізбеу керек.
Момейд препараты ашық бұрышты глаукоманың немесе субкапсулалық катарактаның даму қаупіне байланысты офтальмологияда қолдануға арналмаған.
ГКС кейбір тері ауруларының көріністерін өзгерте алатындығын есте ұстаған жөн, бұл диагноз қоюды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, ГКС қолдану жараларды емдеудің кешеуілдеуіне себеп болуы мүмкін.
Жүйелік және жергілікті әсер ететін глюкокортикостероидтарды қолданған кезде (интраназальді, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қосқанда) көру қабілеті бұзылуы мүмкін. Егер бұлыңғыр көру немесе көру тарапынан басқа бұзылулар сияқты симптомдар пайда болса, пациент глюкокортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда бірқатар жағдайларда байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруды қамтитын көру бұзылыстарының ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологтан тексеруден өтуі керек.

Дозалау режимі
Егде жастағы пациенттер мен балаларды қоса, ересектерге
Момейд кремін терінің зақымданған бөліктеріне күніне бір рет жұқа қабатпен жағу керек.
Балалар
Момейд кремі 2 жасқа толмаған балаларда қолдану үшін ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған
Емдеу ұзақтығы
Момейд кремін бет аймағына қолданғанда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Препаратты балаларда қолданғанда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс, ұзақ уақыт пайдалану гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл бүйрекүсті бездерінің салдарлы жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін, ол әдетте қайтымды.
Егер ГГБ осінің бәсеңдегені білінсе, препаратты тоқтату, немесе қолдану жиілігін азайту немесе әлсіз стероидқа алмастыру керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіруі үшін дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну қажет.
5 г немесе 15 г кремнен алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.