Қолдану көрсеткіштері
- ингаляциялық кортикостероидтардың және 2 жастан асқан балаларда қажет болғанда қысқа әсер ететін β-агонистердің клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бронх демікпесін емдеу үшін базалық емге қосымша ретінде
- кортикостероидтарды пероральді қабылдауды қажет ететін алдыңғы кезеңдегі айқын ұстамалары жоқ ауырлық дәрежесі жеңіл бронх демікпесі бар 2 жастан бастап пациенттер үшін ингаляциялық кортикостероидтардың төменгі дозаларымен баламалы емдеуде, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар жақпайтын кезде
- 2 жастан бастап балалардағы дене жүктемесі аясында туындайтын басым компоненті бронх түйілуі болып табылатын бронх демікпесінің профилактикасы