Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препараттарды еріту және сұйылту.
Дәрілік препараттарды еріту және сұйылту.
Инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0.9% ерітіндісі дәрілік заттардың ерітіндісі ретінде, егер олардың кейбірі үшін басқа еріткіш міндетті болып көрсетілмесе қолданылмайды.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Дәрілік затты еріту алдында осы дәрілік затты еріту үшін натрий хлориді ерітіндісін қолдану мүмкін бе екендігін тексеру керек.
Инъекцияға арналған натрий хлоридін пайдаланумен дәрілік заттардың ерітінділерін дайындау стерильдік жаңдайларда іске асырылады (ампулаларды ашу, шприцті және дәрілік заттар бар ыдыстарды толтыру).
Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде үйлесімділігін көзбен бақылау қажет (дегенмен, көрінбейтін және емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін). Басқа еріткішпен бірге пайдалануға болмайды.
Басқа натрий тұздарын бір уақытта қабылдау натрий жүктемесінің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Сақтықпен, қадағалаумен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Белгілі бір дәрінің ерітіндісін дайындау мақсатында натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінің мөлшері соңғы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен немесе жағдайға байланысты дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Қолдану тәсілі еритін немесе сұйылатын дәрілік заттың қолдану тәсілімен анықталады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Дұрыс қолданған кезде екіталай.
Натрий хлоридінің ерітіндісін көп мөлшерде енгізу гиперхлоремиялық ацидозға және гипергидратацияға, сондай-ақ гипокалиемияға әкелуі мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін дәрігеге кеңес алу үшін жүгіну керек.
Инъекцияға арналған 0.9% ерітінді.
5 мл, 10 мл-ден бейтарап шыны ампулаларда.
10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге салынады.
Кертігі, сақиналары және сындыру нүктесі бар ампулаларды пайдалану кезінде ампулалық скарификаторды немесе ампулаларды ашуға арналған пышақты салмауға болады.
Жарықтан қорғалған жерде 2-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 2-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.