Қолдану көрсеткіштері
инфекциялық генездегі жедел және созылмалы диарея
инфекциялық генездегі жедел және созылмалы диарея
нифуроксазидке және нитрофуранның басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның белгілі тапшылығы бар емделушілер (гемолитикалық анемияның даму қаупіне байланысты);
Нифуроксазидпен емдеу кезінде диареяның өршуі, құсу, іштің ауыруы, ыстықты сезіну, тері гиперемиясы, құлақтағы шуыл, тыныс алудың қиындауы, тахикардия, үрейлену сезімі түрінде білінетін дисульфирам тәрізді реакцияның дамуы мүмкін болғандықтан, алкогольді ішімдіктерді, сондай-ақ құрамына спирт кіретін препараттарды пайдалануға болмайды.
Дәрілік препаратты келесі дәрілік заттармен бірге қолдану дисульфирам тәрізді реакциялардың даму қаупіне әкелуі мүмкін:
- метронидазол
- сульфаниламидтер
- цефалоспориндер
- левомицетин
- нитрофурантоин
- гризеофульвин.
Нифуроксазидтің сіңірілу қасиеттері күшті болғандықтан, басқа пероральді дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаудан аулақ болған жөн.
Арнайы ескертулер
Жедел диареяны емдеу кезінде пациенттің жалпы жағдайына байланысты организмдегі сұйықтық тапшылығы тұрақты түрде пероральді немесе вена ішіне толтыру міндетті болып табылады.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Сақтандыру шарасы ретінде Нифуроксазид препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланбайтын бала туатын жастағы әйелдерде Нифуроксазид препаратын қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нифуроксазид автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді
10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және термолакты және баспалы жабыны бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.