Қолдану көрсеткіштері
- астениялық және үрейлік-невроздық жағдайлар: мазасыздық, қорқыныш,
үрей
- егде жастағы адамдарда ұйқысыздық және түнгі мазасыздық
- стресс жағдайында, операциялар алдында профилактика үшін
- Меньер ауруы, шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализатордың
дисфункциясымен байланысты бас айналуы
- кинетоз профилактикасы (жүректің айнуы, құсу, селқостық және
вестибулярлық аппараттың бұзылуымен сипатталатын және
қозғалыстағы объектіде, мысалы, қайыққа немесе ұшаққа отырудан
туындаған ерекше жағдай)
- 14 жастан асқан балалардағы кекештенуді, тартылуды емдеу
- алкогольді абстиненция синдромын бәсеңдетуге арналған көмекші құрал
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық
14 жасқа дейінгі балалар (осы доза үшін)
жүктілік және лактация кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ноофен® препаратының және онымен үйлесетін дәрілік заттардың дозасын төмендете отырып, Ноофен® психотропты препараттармен біріктіруге болады.
Фенибут ұйықтататын, есірткілік анальгетиктердің, паркинсонизмге қарсы дәрілердің, транквилизаторлардың және нейролептиктердің әсерін ұзартады және күшейтеді.
Арнайы ескертулер
Препараттың тітіркендіруші әсеріне байланысты асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы аурулары бар науқастарға сақтық таныту керек. Бұл науқастарға препараттың аз дозалары тағайындалады. Ұзақ қолданғанда бауыр функциясының көрсеткіштерін және шеткері қан көрінісін бақылау қажет.
Педиатрияда қолдану
Ноофен® 500 мг қатты капсулалар 14 жасқа дейінгі балаларда қолдануға жарамсыз (бір капсулада әсер етуші заттың мөлшері жоғары).
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде фенибуттің мутагенді, тератогенді және эмбриоуытты әсері анықталмаған. Жүктілік және бала емізу кезеңінде фенибутті қолдану қауіпсіздігі бойынша жақсы бақыланатын және талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл дәріні жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Фенибуттің фертильділікке әсері туралы ақпарат жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезіндегі ықпал ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық, бас айналуы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын басқа бұзылыстар байқалатын науқастарда осы жағымсыз әсерлер білінген кезде көлік құралдарын басқаруға немесе механизммен жұмыс істеуге болмайды.