Қолдану көрсеткіштері
иммунитеті төмендеген және жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталамалы инфекциялары бар адамдарда қосымша емдеу тәсілі
иммунитеті төмендеген және жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталамалы инфекциялары бар адамдарда қосымша емдеу тәсілі
Белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Жедел подагра ұстамалары, сондай-ақ қандағы және несептегі несеп қышқылының концентрациясы жоғары пациенттер
Несеп-тас ауруы
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі
Аритмия
Жүктілік және бала емізу кезеңі
6 жасқа дейінгі балалар
Иммунодепрессанттар препараттың иммуностимуляциялық әсерін әлсіретеді.
Препаратты бір мезгілде ксантиноксидаза (аллопуринол) тежегіштерін немесе несеп қышқылының өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілетті препараттарды, мысалы, «ілмектік» диуретиктерді (фуросемид, торасемид, этакрин қышқылы) қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені бұл қан сарысуында несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Препаратты зидовудинмен бірге қолдану қан плазмасындағы соңғысының концентрациясының ұлғаюына әкеледі және оны Т1/2 ұзартады (бірге қолданған кезде зидовудин дозасын түзету қажет болуы мүмкін).
Азидотимидинмен бір мезгілде қолданған кезде плазмадағы азидотимидиннің биожетімділігі мен адам қанының моноциттерінде жасушаішілік фосфорлануының ұлғаюын қоса, көптеген үдерістер салдарынан нуклеотидтің түзілуі артады.
Арнайы ескертулер
Арнайы ескертулер жоқ.
Жүктілік және лактация кезінде қолдану.
Жүкті әйелдерге қолдануға болмайды, себебі препараттың қауіпсіздігі зерттелмеген.
Препараттың емшек сүтіне енетін-енбейтіні белгісіз.
Бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды, өйткені препараттың қауіпсіздігі зерттелмеген.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препараттың психомоторлық реакциялардың жылдамдығына әсері зерттелмеген. Препаратты қолданған кезде бас айналу және ұйқышылдық пайда болу мүмкіндігін ескеру керек.
10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2, 3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Қорапшалар топтық қаптамаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.