Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: Ново-Пассит® құрғақ экстрактісі* - 157.5 мг,
гвайфенезин - 200 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, глицерол трибегенаты, магний стеараты, лактоза моногидраты
қабығы: жасыл опадри AMB 80W31115**
* (дәрілік шүйгіншөп, дәрілік сермене, шілтер жапырақты шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (әуесгүл), кәдімгі құлмақ, қара аюбадам))
** қабығы: жасыл опадри "AMB 80W31115" (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк, лецитин, ксантан шайыры, хинолинді сары (Е 104), индигокармин Е 132, темірдің сары тотығы (Е 172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, сызығы бар ашық-жасыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30, 60 немесе 100 таблеткадан «teva» логотипімен жапсырылған заттаңбасы және бұрап жабылатын қақпағы бар полиэтилен құтыларға салынған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!