daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Nurofen Express Капсулалары 200 Мг №20 | Патеон Пуэрто Рико,Инк

Уральске қаласындағы Nurofen Express Капсулалары 200 Мг №20 | Патеон Пуэрто Рико,Инк
Сипаттама:

Құрамында түссізден сәл қызғылт түске дейінгі мөлдір сұйықтық бар, ақ түсті NUROFEN жазуымен сәйкестендірілген, жартылай мөлдір қызыл желатин қабықты сопақша капсулалар.

Халықаралық атауы:

Ибупрофен

Өндіруші:

Патеон Пуэрто Рико,Инк

Өндіруші ел:

Нидерланды

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: макрогол 600, калий гидроксиді, тазартылған су капсула қабығы: желатин, 76% сорбитол ерітіндісі, қан қызыл бояғыш [Понсо 4R] (Е 124), тазартылған су, опакод WB NS-78-18011 (тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, изопропанол, НРМС 2910 / гипромеллоза 3сР).

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 200 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Келесі жай күйлерді симптоматикалық емдеу үшін:

- бас ауыруында

- бас сақинасында

- тіс ауыруында

- ауырып өтетін етеккірде

- невралгияда

- арқаның ауыруында

- бұлшықет және ревматизмдік ауыруда

- суық тию аурулары және тұмау кезіндегі қызба жағдайында

Қарсы көрсеткіштер

- ибупрофенге немесе препарат құрамына кіретін компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын жанындағы қойнаулардың қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем)

- АІЖ мүшелерінің эрозиялық-ойық жара аурулары (оның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе белсенді фазада немесе анамнезде ойық жарадан қан кету (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан да көп расталған эпизодтары)

- ҚҚСП қолданудан туындаған анамнезде АІЖ қан кету немесе тесілуі

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді фазадағы бауыр аурулары

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин), расталған гиперкалиемия

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясының жіктемесі, IV класс), аортокоронарлық шунттаудан кейінгі кезең

- цереброваскулярлы немесе басқа белсенді қан кету бар пациенттерге.

- гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер

- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан)

- фруктозаның жақпаушылығы

- жүктілік (III триместр)

- дене салмағы 20 кг кем балалар

Өзара әрекеттесуі

Ибупрофенді келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:

Басқа ҚҚСП, оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштері

ҚҚСП тобынан екі және одан да көп препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, себебі бұл жағымсыз әсерлердің қаупін арттыруы мүмкін

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин)

Эксперименттік деректер ибупрофен бірге қолданған жағдайда аспириннің төмен дозаларының тромбоциттер агрегациясына әсер етуін тежей алатынын куәландырады. Клиникалық практикаға осы деректерді экстраполяциялауға қатысты белгісіздіктің болуына қарамастан, ибупрофенді тұрақты, ұзақ қолдану ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының кардиопротекторлық әсерін төмендетуге қабілетті болу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Ибупрофенді сирек пайдалану кезінде ешқандай тиісті клиникалық әсер танылуы мүмкін емес.

Ибупрофенді (басқа да ҚҚСП сияқты) келесі препараттармен бірге қолдану кезінде сақ болу керек:

Дигоксин сияқты жүрек гликозидтері

ҚҚСП жүрек жеткіліксіздігін күшейте алады, шумақтық сүзіліс жылдамдығын азайтып, гликозидтердің плазмалық концентрациясын арттыра алады. Ибупрофеннің дигоксин препараттарымен бірге қабылдау қан сарысуында дигоксин деңгейін арттыруы мүмкін. Дұрыс қолданғанда (4 күннен артық емес) қан сарысуындағы дигоксин деңгейін тексеру талап етілмейді.

Кортикостероидтар

Жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін, әсіресе асқазан-ішек жолдарында (асқазан-ішек жолы; ойық жараның пайда болуы немесе қан кету).

Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) және антитромбоциттік агенттер

Асқазан-ішектен қан кету қаупі жоғарлауы мүмкін.

Антикоагулянттар

ҚҚСП антикоагулянттардың әсерін, мысалы, варфариннің, күшейтуі мүмкін.

Фенитоин

Ибупрофеннің фенитоин препараттарымен бірге қабылдау қан сарысуындағы фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін. Дұрыс қолданғанда қан сарысуында фенитоин деңгейін тексеру (4 күннен артық емес) қажет етілмейді.

Литий препараттары

Ибупрофеннің литий препараттарымен бірге қабылдау қан сарысуында литий деңгейін арттыруы мүмкін Қан сарысуында литий деңгейін тексеру дұрыс қолданғанда (4 күннен артық емес) қажет етілмейді.

Пробенецид және сульфинпиразон

Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофен шығарылуын кейінге қалдыруы мүмкін.

Гипертензияға қарсы дәрілер (АӨФ тежегіштері, бетарецепторлардың блокаторлары және ангиотензин II антагонистері) және диуретиктер ҚҚСП диуретиктер мен басқа да гипертензияға қарсы дәрілік препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздануы бар пациенттер немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттер) препаратты АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен және циклооксигеназаны тежейтін дәрілік заттармен бірге қабылдау бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына, оның ішінде әдетте қайтымды болып табылатын жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Осылайша, препараттардың біріктірілуін сақтықпен қабылдау керек; әсіресе бұл егде пациенттерге қатысты. Пациенттер оңтайлы су теңгерімін ұстап тұруды қадағалауы және қатар жүретін ем басталғаннан кейін және одан әрі мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын тексеруі қажет. Диуретиктер ҚҚСП нефроуытылығы қаупін арттыруы мүмкін.

Калий жинақтаушы диуретиктер

Ибупрофеннің калий жинақтаушы диуретиктермен бірге қабылдау гиперкалиемияға әкелуі мүмкін (қан сарысуындағы калий деңгейін тексеру ұсынылады).

Метотрексат

Метотрексаттың плазмалық концентрациясының әлеуетті артуы туралы деректер бар. Ибупрофенді қабылдауы метотрексатты қабылдағанға дейін немесе қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде метотрексат концентрациясының жоғарылауына және оның уытты әсерінің артуына әкелуі мүмкін.

Циклоспорин

Нефроуытты қауіптің жоғарылауы.

Такролимус

Екі препаратты бір мезгілде қолданған кезде нефроуыттылық даму қаупі артады.

Зидовудин

Зидовудин мен ибупрофенді бір мезгілде қабылдайтын, гемофилиядан зардап шегетін АИТВ-оң пациенттерде гемартроздар мен гематомалар қаупінің артуы туралы деректер бар.

Сульфонилмочевина препараттары

Клиникалық зерттеулер қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер мен диабетке қарсы дәрілер (сульфонилмочевина препараттары) арасында өзара әрекеттесуді көрсетті. Қазіргі уақытта ибупрофен мен сульфонилмочевина препараттарының өзара әрекеттесуі сипатталмағандықтан, біргеп қабылдағанда сақтық шаралары ретінде қандағы глюкоза деңгейін тексеру ұсынылады.

Хинолонды антибиотиктер

ҚҚСП және хинолон антибиотиктерімен бірлескен ем қабылдаған пациенттерде құрысу қаупі жоғарылауы мүмкін.

CYP2C9 тежегіштері

Ибупрофеннің CYP2C9 тежегіштерімен бірге тағайындалуы ибупрофеннің (CYP2C9 субстраты) әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Вориконазол мен флуконазолды (CYP2C9 тежегіштері) қолданумен жүргізілген зерттеуде S (+)-ибупрофен әсерінің шамамен 80-100% - ға күшеюі байқалды. Ибупрофен дозасын түзету туралы шешім онымен бірге күшті әсер ететін CYP2C9 тежегіштерін қолданған жағдайларда, әсіресе вориконазол мен флуконазолдың жоғары дозаларында бірге қолданған жағдайларда қабылдануы тиіс.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыNurofen Express капсулалары 200 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube