Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі, балалар мен жасөспірімдердегі (0-18 жас) орын басушы ем
- антиденелер өндірілуінің бұзылуымен жүретін бастапқы иммунтапшылығы (БИТ) синдромы
- микробқа қарсы тиімсіз емдеуден және дәлелденген спецификалық антиденелер жеткіліксіздігінен (ДСАЖ)* кейін немесе сарысулық IgG деңгейі <4 г/л болғанда ауыр немесе қайталанатын инфекциялары бар пациенттердегі салдарлы иммунтапшылығы (СИТ).
*ДСАЖ = пневмококктық полисахаридке және полипептидтік антигенге қарсы вакциналарға IgG антиденелері титрінің кемінде екі есе жоғарылауын қамтамасыз етуге қабілетсіздік.
Ересектердегі, балалар мен жасөспірімдердегі (0-18 жас) иммуномодуляциялаушы ем
- тромбоциттер санын түзету үшін операция алдында немесе қан кету қаупі жоғары пациенттердегі бастапқы иммундық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП)
- Гийен-Барре синдромы
- Кавасаки ауруы (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп)
- созылмалы қабынумен демиелинизирленетін полирадикулонейропатия (СҚДП)
- мультифокальді моторлық нейропатия (ММН)