Қолдану көрсеткіштері
Акромегалияда:
аурудың симптомдарын бақылау және хирургиялық емдеудің немесе сәулемен емдеу жеткілікті әсері болмаған кезде плазмадағы өсу гормоны мен инсулинге ұқсас өсу факторының деңгейін төмендету үшін;
операциядан бас тартқанда немесе оған қарсы көрсетілімдер болғанда, сәулелік терапия курстары арасындағы аралық кезеңде, оның әсері толық дамығанға дейін.
Асқазан-ішек жолының (АІЖ) және ұйқы безінің эндокриндік ісіктерінің симптомдарын жеңілдету:
карциноидты синдромы бар карциноидты ісіктер;
ВИПомалар (вазоактивті интестинальді пептидтің аса белсенді өндірумен сипатталатын);
глюкагономалар;
гастриномалар/Золлингер-Эллисон синдромы - әдетте протонды помпа тежегіштерімен немесе гистамин H2 рецепторларының блокаторларымен біріктірілімде
инсулиномалар (операция алдындағы кезеңде гипогликемияны бақылау, сондай-ақ демеуші ем үшін);
өсу гормонының рилизинг-факторын шамадан тыс өндіретін ісіктер.
Октра® ісікке қарсы препарат болып табылмайды және оны қолдану науқастардың осы санатының емделуіне әкелмейді.
Ұйқы безіне жасалған операциядан кейінгі асқынулардың профилактикасы.
Бауыр циррозы бар науқастарда өңеш пен асқазан веналарының варикозды кеңеюі (қан кетуді тоқтату және қайталану профилактикасы). Октра® препаратын спецификалық емдік шаралармен біріктірілімде қолданады, мысалы, эндоскопиялық склероздық терапияда.