Қолдану көрсеткіштері
Қысқа мерзімді емдеуде:
жедел және созылмалы ауырсынуда, басқа дәрілер тиімсіз немесе қарсы көрсетілімді болған жағдайларда - бас ауыруы (бас сақинасы, тензионды бас ауыруы), тіс ауыруы, дисменорея, миалгия, невралгиялар, невриттер, жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауырсыну, күйік пен онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну;
бүйрек пен өт шаншуы;
этиологиясы әртүрлі дене температурасының жоғарылауы, ол басқа емге жауап бермейді немесе басқа дәрілер қарсы көрсетілімді болған кезде.