Қолдану көрсеткіштері
Орнимед препараты орнидазолға сезімтал организмдер тудырған мына инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
Трихомониаз (Trichomonas vaginalis тудыратын әйелдер мен еркектердегі несеп-жыныс инфекциялары).
Амебиаз (Entamoeba histolytica тудыратын барлық ішек инфекциялары, соның ішінде амебалық дизентерия және амебиаздың барлық ішектен тыс түрлері, әсіресе бауырдың амебалық абсцессі).
Лямблиоз.
Анаэробты инфекциялар (аталған бактериялардың дәлелденген немесе болжамды қатысуымен септицемия, менингит, перитонит, операциядан кейінгі жаралардың инфекциясы, босанғаннан кейінгі сепсис, сепсистік аборт, эндометрит). Хирургиялық және гинекологиялық араласудан кейін анаэробты инфекциялардың профилактикасы.