Қолдану көрсеткіштері
Дабыл жарғағының бүтіндігі сақталған жағдайда ортаңғы құлақ ауруларын жергілікті симптоматикалық емдеу:
- жедел ортаңғы отит;
- отит, тұмаудан кейінгі асқыну ретінде;
- баротравматикалық отит.
Дабыл жарғағының бүтіндігі сақталған жағдайда ортаңғы құлақ ауруларын жергілікті симптоматикалық емдеу:
- жедел ортаңғы отит;
- отит, тұмаудан кейінгі асқыну ретінде;
- баротравматикалық отит.
– феназонға және/немесе лидокаинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- шығу тегі инфекциялық немесе жарақаттық дабыл жарғағының тесілуі.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Дәрілік затты қолдануды бастар алдында дабыл жарғағының бүтіндігіне көз жеткізу қажет. Тесілген дабыл жарғағында қолданған жағдайда дәрілік зат ортаңғы құлақ мүшелерімен байланысқа түсуі және жағымсыз реакциялардың туындауына әкелуі мүмкін. Препаратты тесілген дабыл жарғағында қолдануға болмайды, ол миринготомияны қамтуы мүмкін, белсенді заттар отоуыттылық қаупі бар ортаңғы құлаққа енген жағдайда. Пациентке емдеуді тоқтату туралы хабарлау керек және егер емдеу курсы кезінде тесілуді көрсететін құлақтан бөліністер пайда болса, медициналық көмекке жүгіну керек.
Егер симптомдар 7 күн бойы сақталса немесе жағдай кез келген уақытта тез және айтарлықтай нашарласа, дәрігер тағайындалған емдеуді қайта қарауы керек.
Жергілікті анестетиктерді қолданғаннан кейін метгемоглобинемия туралы хабарланды. Метгемоглобинемияға бейім пациенттерде, соның ішінде 3 айға толмаған балаларда және гемоглобинопатиясы немесе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде сақ болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытта қолда бар деректер клиникалық маңызды өзара әрекеттесудің болуын болжамайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларға туғаннан бастап қолданылады.
Жүктілік
Дабыл жарғағының бүтіндігі сақталған жағдайда дәрілік препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға шектеу жоқ.
Лактация
Дабыл жарғағының бүтіндігі сақталған жағдайда дәрілік препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға шектеу жоқ.
Дегенмен, әйелдер жүктілік кезінде немесе бала емізу кезеңінде Отисфен препаратын қолданар алдында дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесу керек. Дәрілік препараттың фармакокинетикасына қатысты деректер шектеулі. Отисфен препаратының белсенді заттары емшек сүтіне және/немесе плацента арқылы енетіні белгісіз.
Спортшылар үшін ақпарат:
Дәрілік препараттың құрамында допинг-бақылау кезінде оң реакция беретін белсенді компонент бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ересектер мен балалар туғаннан бастап 4 тамшыдан.
Енгізу әдісі мен жолы
1. Құтыдан қақпаша мен тығынды алыңыз.
2. Құтыға тамызғыш-қақпақты кигізіңіз.
3. Тамызғыш-қақпақтан қақпашаны алыңыз.
4. Құлақта суық ерітіндінің жағымсыз сезімін болдырмау үшін құтыны қолыңызда жылтып алыңыз.
5. Құтыны төңкеріп, тамызғыш-қақпақтың ұшын 1 тамшы шығу үшін ақырын қысыңыз.
Отисфен дәрілік препараты сыртқы құлақ арнасына тамызу арқылы қолданылады.
Қолданғаннан кейін қақпашан тамызғыш-қақпақтың ұшына кигізіңіз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2-3 рет.
Емдеу ұзақтығы
Егер симптомдар 7 күн бойы сақталса немесе жағдай кез келген уақытта тез және айтарлықтай нашарласа, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозаланған жағдайлар сипатталмаған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қос дозаны қабылдамаңыз.
10 грамм полиэтиленнен жасалған пипетка-қондырмамен жабылған және бұралатын қақпақпен тығындалған полиэтилен құтыда. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін дәрілік препаратты 3 ай ішінде пайдалану керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.