Показания к применению
Ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін
Ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін
- шошқа панкреатиніне, шошқа ақуызына немесе қосымша заттарының кез
келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жедел панкреатит немесе өршу фазасындағы созылмалы панкреатит
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің
тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Панкрим® 10000 препаратының құрамында белсенді ферменттер бар, олар ауыз қуысында босап шыққан кезде (мысалы, шайнау кезінде), шырышты қабықта ойық жараның түзілуі мүмкіндігімен зақымдануына алып келуі мүмкін. Сондықтан Панкрим® 10000 препаратын шайнамай, таблетканы тұтастай жұту керек.
Муковисцидоз кезінде панкреатиннің қажетті дозасы арттырылған жағдайда, илеоцекальді бөлікте және тоқ ішектің өрлемелі бөлігінде стриктуралар (фиброзды колонопатия) дамуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Панкрим® 10000 препаратын қабылдағанда фолий қышқылы мен темірдің сіңуі азаюы мүмкін. Панкрим® 10000 препаратымен қатарлас қабылдағанда, диабетке қарсы пероральді препараттар акарбоза мен миглитолдың әсері төмендеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Панкрим® 10000 препаратының құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын бұзылулары, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастар бұл препаратты қабылдамағаны дұрыс.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Панкрим® 10000 препаратының жүкті әйелдерде қолданылуы жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген эксперименттерден алынған, жүктілік ағымына, эмбрионның/шарананың дамуына, туу немесе постнатальді дамуға қатысты деректер жеткіліксіз. Сондықтан адам үшін ықтимал қаупі белгісіз. Осыған байланысты жүктілік және лактация кезінде Панкрим® 10000 препаратын аса қажет болған жағдайлардан басқасында қабылдамаған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.
Панкрим® 10000 препаратын қабылдағанда фолий қышқылы мен темірдің сіңуі азаюы мүмкін. Панкрим® 10000 препаратымен қатарлас қабылдағанда, диабетке қарсы пероральді препараттар акарбоза мен миглитолдың әсері төмендеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Панкрим® 10000 препаратының құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын бұзылулары, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастар бұл препаратты қабылдамағаны дұрыс.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Панкрим® 10000 препаратының жүкті әйелдерде қолданылуы жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген эксперименттерден алынған, жүктілік ағымына, эмбрионның/шарананың дамуына, туу немесе постнатальді дамуға қатысты деректер жеткіліксіз. Сондықтан адам үшін ықтимал қаупі белгісіз. Осыған байланысты жүктілік және лактация кезінде Панкрим® 10000 препаратын аса қажет болған жағдайлардан басқасында қабылдамаған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.
Дозалау режимі
Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса)
2-4 таблетка (липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ сәйкес келеді).
Панкрим® 10000 препаратының дозасы ұйқы безі функциясының бұрыннан бар жеткіліксіздігінің ауырлығына сәйкес анықталады. Әдетте ұсынылатын дозасы липазаның бір ас ішуге 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ болып табылады, бірақ бұдан жоғары болуы да мүмкін. Қажет болған жағдайда дозасын арттыруды дәрігер, жауабы мен симптоматологиясын мұқият бақылай отырып біртіндеп жүзеге асырады.
Панкрим® 10000 препаратымен емдеу кезінде кез келген жағдайда пациенттердің тиісінше гидратациялануына кепілдік беру маңызды.
Муковисцидозы бар, кг/күніне 10000 бірліктен артық липаза қабылдап жүрген пациенттерде фиброздық колонопатия туралы хабарланды.
Қабылдаған кезде Панкрим® 10000 препаратын тұтастай жұтылуын қадағалаңыз, өйткені, шайнаған кезде оның тиімділігі азаюы мүмкін, ал препараттың құрмындағы ферменттер ауыз қуысына босап шыққан кезде соңғысының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты ішке қабылдайды
Емдеу ұзақтығы
Панкрим 10000 препаратын қолданудың ұзақтығы шектеусіз. Ол аурудың ағымына тәуелді және дәрігер анықтайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары
Препараттың жағымсыз әсері күшеюі мүмкін, емдік дозасынан әлдеқайда артық дозалары гиперурикозурия мен гиперурикемияны тудыруы мүмкін.
Емі
Симптоматикалық. Препаратты тоқтату, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу, демеуші шаралар.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Өте сирек
дереу типті аллергиялық реакциялар
ұйқы бездерінен алынған ұнтақты қабылдағаннан кейінгі асқазан-ішек жолы тарапынан аллергиялық реакциялар (диарея, асқазан тарапынан бұзылулар және жүрек айнуы сияқты)
муковисцидозы бар пациенттерде ұйқы бездерінен алынған ұнтақтың жоғары дозасын тағайындағаннан кейін илеоцекальді аймақта және тоқ ішектің жоғары бөлігінде стриктуралардың түзілгені байқалды
Белгісіз
- муковисцидозы бар пациенттерде, әсіресе препараттың жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін несеп қышқылының несеппен экскрециялануы артуы мүмкін.
Сондықтан мұндай пациенттерде несеп қышқылы тастарының түзілуіне жол бермеу үшін, несеп қышқылының несеппен шығарылуын тексеріп отыру керек.
азорубин аллергиялық реакцияларды туындатуға қабілетті
ОРА/AL/PVC фольгадан және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картоннан жасалған қорапшаға салмай) картоннан жасалған қорапқа салуға жол беріледі. Әр қорапқа қаптамалардың санына қарай, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулық салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 417₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Уральске:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
2117₸
1700₸
417₸