Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен 12 жас және одан асқан жасөспірімдер үшін:
- рефлюкс-эзофагитті емдеу.
Панлок ересектерге арналған:
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу,
- H. pylori инфекциясымен байланысты ойық жаралары бар пациенттерде тиісті бактерияға қарсы еммен біріктірілген Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы (жойылуы),
- Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекрециялық жағдайларды емдеу.