daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Перам Таблеткалары 8 Мг/10 Мг №30 | Argis Pharmaceuticals Inc.Co.

Уральске қаласындағы Перам Таблеткалары 8 Мг/10 Мг №30 | Argis Pharmaceuticals Inc.Co.

Өндіруші:

Argis Pharmaceuticals Inc.Co.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді заттың дозасы:

8 мг/10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 4 мг/5 мг доза үшін 4 мг периндоприл терт-бутиламині (немесе периндоприл эрбумині), 6.935 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы); 4 мг/10 мг доза үшін 4 мг периндоприл терт-бутиламині (немесе периндоприл эрбумині), 13.870 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы); 8 мг/5 мг доза үшін 8 мг периндоприл терт-бутиламині (немесе периндоприл эрбумині), 6.935 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы); 8 мг/10 мг доза үшін 8 мг периндоприл терт-бутиламині (немесе периндоприл эрбумині), 13.870 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), коллоидты кремний қостотығы, магний стеараты.

Сыртқы түрінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді ақ түсті таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Қолдану көрсеткіштері

- периндоприл/амлодипин дәл сол дозаларда периндоприл мен амлодипинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде эссенциялық гипертензия және/немесе жүректің тұрақты ишемиялық ауруын емдеу кезінде көрсетілген

Қарсы көрсеткіштер

Периндоприлмен байланысты

- периндоприлге немесе кез келген басқа АӨФ тежегішіне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек артерияларының екі жақты айқын стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну немесе осының алдындағы АӨФ тежегішімен емдеуге байланысты ангионевроздық ісінудің анамнезде болуы

- АӨФ тежегіштерімен емдеуден кейін ауыр анафилактоидты реакциялардың жоғары туындау қаупіне орай гидравликалық өткізгіштігі жоғары белгілі бір жарғақшалармен (мысалы, AN69 сияқты полиакрилонитрилді жарғақшалар) диализ немесе гемофильтрация және декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі сияқты қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеу әдістері; сондықтан гипотензиялық препараттың басқа класын қолдану немесе жарғақшалардың басқа типін (мысалы, купрофан немесе полисульфон) пайдалану арқылы осындай біріктірілімнен аулақ болу керек

- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде периндоприл/амлодипинді құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану

- периндоприл/амлодипинді сакубитрилмен және валсартанмен бір мезгілде қолдану, сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен периндоприл/амлодипинмен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет.

Амлодипинмен байланысты

- ауыр артериялық гипотензия

- амлодипинге немесе басқа дигидропиридин туындыларына аса жоғары сезімталдық

- шок, кардиогенді шокты қоса

- сол жақ қарыншадан шығу жолының обструкциясы (мысалы, қолқаның ауыр стенозы)

- тұрақсыз стенокардия (Принцметалл стенокардиясын қоспағанда)

- жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

Периндоприлмен/амлодипинмен байланысты

- қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы және глюкоза-галактозалық мальабсорбция синдромы (препарат құрамында лактоза бар).

Жоғарыда атап көрсетілгендей, әрбір монокомпонентке қатысты барлық қарсы көрсетілімдер бекітілген периндоприл/амлодипин біріктіріліміне қатысты болады.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Лактоза жақпаушылығы

Препарат құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығының сирек кездесетін кінәраттары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе жалпы лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға кеңес берілмейді.

Төменде тізбеленген әр монокомпонентке қатысты барлық алдын ала сақтану шаралары бекітілген периндоприл/амлодипин біріктіріліміне де қатысты болуы тиіс.

Периндоприлмен байланысты

Гиперкалиемия

АӨФ тежегіштерінің ангиотензин II түзілуін төмендетіп, бұл альдостерон секрециясының төмендеуіне әкелетіндіктен, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерін қабылдаған кейбір пациенттерде қан сарысуында калий деңгейінің жоғарылауы байқалды. Бұл әсер, әдетте, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде мардымсыз.

АӨФ тежегіштері тағайындалғанда, әсіресе, диуретиктерді бір мезгілде қолдану кезінде емдеу қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін (натрий, калий және мочевинаны қоса) жүйелі бақылаумен жүргізілуі тиіс

Гиперкалиемия жүрек ырғағының күрделі, кейде өлімге ұшырататын бұзылуларына алып келуі мүмкін. Гиперкалиемияның қауіп факторлары бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының төмендеуі, 70 жастан асқан кезең, қант диабеті, кейбір қатарлас жай-күйлер (дегидратация, жедел жүрек жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз), калий жинақтаушы диуретиктерді (спиронолактон, эплеренон, триамтерен, амилорид сияқты), тағамдық калий қоспаларын немесе құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштарды бір мезгілде қабылдау немесе қандағы калий мөлшерінің жоғарылауын туындататын басқа препараттарды қолдану (мысалы, гепарин, триметоприм/сульфаметоксазол ретінде де белгілі ко-тримоксазол, басқа АӨФ тежегіштері, ангиотензин рецепторларының блокаторлары, ≥ 3 г/тәулік ацетилсалицил қышқылы, ЦОГ-2 тежегіштері және басқа селективті емес ҚҚСП, иммунодепрессанттар, мысалы, циклоспорин немесе такромилус) болып табылады. Тағамдық калий қоспаларын, калий жинақтаушы диуретиктерді, құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштарды қолдану, әсіресе, бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде қандағы калий мөлшерінің айтарлықтай артуына алып келуі мүмкін. Гиперкалиемия жүрек ырғағының күрделі, кейде өлімге ұшырататын бұзылуларына әкелуі мүмкін. Калий жинақтаушы диуретиктер мен ангиотензин рецепторларының блокаторларын АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде абайлап қолдану керек; осы орайда, қан сарысуындағы калий деңгейін және бүйрек функциясын бақылау қажет. Егер периндоприл мен жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қабылдау қажет болса, емдеу қан сарысуындағы калий деңгейін жүйелі бақылау аясында сақтықпен жүргізілуі тиіс. Кейбір пациенттерде гипонатриемия гиперкалиемиямен бірге болуы мүмкін.

Қант диабеті бар пациенттер

Ішуге арналған гипогликемиялық препараттар немесе инсулин қабылдап жүрген қант диабеті бар пациенттерге АӨФ тежегішімен емделген алғашқы ай ішінде қандағы қант мөлшерін жүйелі бақылап отыру қажет.

Литий

Периндоприл мен литий препараттарын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Калий жинақтаушы препараттар, калий қоспалары, құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштары

Периндоприл мен калий жинақтаушы препараттарды, калий қоспаларын, құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дантролен

Периндоприл мен дантроленді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Аса жоғары сезімталдық/Ангионевроздық ісіну

Анамнезінде кез келген басқа препараттарды қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісінуі бар пациенттерге АӨФ тежегіштерін қолдануға болмайды, өйткені АӨФ тежегішімен емдеу кезінде оның даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

АӨФ тежегіштерінің көпшілігін қолдану кезінде өмірге қатерлі ангионевроздық ісіну туралы мәлімделді. Жалпы ауруға шалдығу шамамен 0,1-0,2% құрайды. Туындау себебі иммуногенді емес болып саналады және брадикинин белсенділігінің күшеюімен байланысты болуы мүмкін. Ангионевроздық ісіну, әдетте, терінің, шырышты қабықтың және тері асты шелінің тығыз ісінуі түрінде болады.

Периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен емдеуден өтіп жүрген пациенттерде бет, аяқ-қол, ерін, шырышты қабықтар, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі туралы сирек хабарламалар бар. Бұл реакциялар емдеу кезінде кез келген сәтте басталуы мүмкін. Осындай жағдайларда препаратты қабылдауды дереу тоқтату және симптомдар толық басылғанша пациентті мұқият қадағалау керек. Басқа АӨФ тежегіштерін қолдану кезінде ісіну тек бет пен ерінді жайласа, антигистаминдік препараттар симптомдарды жеңілдетуге көмектессе де, ол қандай да бір емдеусіз басылды.

Көмей ісінуімен қатар жүретін ангионевроздық ісіну өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін. Көпшілік жағдайларда симптомдар емдеудің алғашқы аптасының ішінде көрініс берді, ал ауруға шалдығу екі жыныста да немесе жүрек жеткіліксіздігі немесе гипертензия бар пациенттерде бірдей болды.

Тыныс жолдарының обструкциясы ықтималды болатын тіл, дауыс саңылауы немесе көмей ісінуінде дереу алғашқы көмек көрсетілу керек, ол адреналин (эпинефрин) тағайындау және/немесе тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуді қамтуы мүмкін. Үдемелі ангионевроздық ісінуді емдеу қарқынды болуы тиіс, ал дәрі-дәрмекпен емдеуге жылдам жауап болмаса, ауқымды ісінудің ауыз ішіндегі немесе мұрын ішіндегі интубацияны асқындыруына дейін тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуге арналған механикалық әдістерді қолдану керек.

Пациент симптомдар толық және түпкілікті басылғанша қырағы медициналық қадағалауда болуы тиіс.

АӨФ тежегіштерін қолданумен байланысты ангионевроздық ісінудің басталуы апталар немесе айлар өткенде кеш білінуі мүмкін.

Пациенттерден симптомдарсыз ұзақ уақыт аралықтарымен ангионевроздық ісінудің көптеген көріністерін байқауға болады.

Ангионевроздық ісіну есекжеммен болуы немесе онсыз туындауы мүмкін.

АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде ішектің ангионевроздық ісінуі туралы сирек хабарламалар келіп түсті. Осы пациенттерде іштің ауыруы (жүрек айнумен және құсумен немесе оларсыз) туындады; кейбір жағдайларда осының алдында беттің ангионевроздық ісінуі болмады және С-1 эстераза деңгейлері қалыпты болды. Ангионевроздық ісіну диагнозы компьютерлік томография, ультрадыбыс қамтылған рәсімдер көмегімен немесе хирургиялық операция кезінде қойылды; симптомдар АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатудан кейін басылды. Ішектің ангионевроздық ісінуі іштің ауыруымен АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде дифференциялық диагноз қоюда қамтылуы тиіс.

Ангионевроздық ісінудің туындау қаупі артатындықтан, препаратты сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Сакубитрил/валсартанды қабылдауды периндоприлмен емдеудің соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағатқа дейін бастауға болмайды. Периндоприлмен емдеуді сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағатқа дейін бастауға болмайды.

Препаратты NEP бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен, сүт қоректілерде рапамицин нысанасының тежегіштерімен (mTOR) (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус) және глиптиндермен (мысалы, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин, алоглиптин) бір мезгілде қолдану ангионевроздық ісінудің (мысалы, респираторлық бұзылулармен қатар жүретін немесе оларсыз тыныс жолдарының немесе тілдің ісінуі) туындау қаупін арттыруы мүмкін. Осы препараттарды, әсіресе, АӨФ тежегішін қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.

ТТЛП-аферез кезіндегі анафилактоидты реакциялар

Сирек жағдайларда декстрансульфатты сіңірілу көмегімен ТТЛП аферезі емшарасынан өтіп жүрген пациенттерде АӨФ тежегіштері тағайындалғанда өмірге қатерлі анафилаксиялық реакциялар дамыған жағдайлар болды. Әр жолы аферез өткізу алдында АӨФ тежегішін уақытша тоқтату жолымен осы реакцияларды болдырмаудың сәті түсті.

АӨФ тежегішімен ем қабылдап, гидравликалық өткізгіштігі жоғары жарғақшалармен диализде жүрген пациенттерде анафилактоидты реакциялар хабарланды. Қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін (мысалы, AN69 сияқты полиакрилонитрилді жарғақшалар) экстракорпоральді емдеу әдістері қарсы көрсетілімді. Осындай емдеу қажет болса, жарғақшалардың басқа типін (мысалы, купрофан немесе полисульфон) пайдалану немесе гипертензияға қарсы препараттың басқа класын қолдану керек.

Десенсибилизация жүргізу кезіндегі анафилактоидты реакциялар

АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде десенсибилизациялау емін жүргізу кезінде (мысалы, жарғақ қанаттылар уымен) анафилактоидты реакциялар байқалды. Осы пациенттерде АӨФ тежегіштерін қабылдауды уақытша тоқтатқанда симптомдардың жоғалуы байқалды; симптомдар препаратты алдын ала көздеусіз қайталап қолданғанда қайта пайда болды.

Гипотензия

АӨФ тежегіштерімен емдеудің басында пациенттерде гипотензия туралы мәлімделді. Симптоматикалық гипотензия артериялық гипертензия ағымы асқынбаған пациенттерде сирек дамиды, бірақ тұз/айналымдағы қан көлемінің көп жоғалуы болған пациенттерде, мысалы, диуретиктермен қарқынды ем алып жүрген пациенттерде, диализде жүрген, бүйрек функциясының бұзылуымен, ауыр диареядан немесе құсудан кейінгі пациенттерде, қатаң тұзсыз диетаны қадағалау кезіндегі пациенттерде немесе ренинге тәуелді ауыр гипертензия бар пациенттерде периндоприлді қолдану салдарынан болады.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге периндоприлдің бастапқы 2,5 мг дозасын тағайындау артериялық қысымның елеулі төмендеуімен астаспады. Симптоматикалық артериялық гипотензия қатарлас бүйрек жеткіліксіздігімен немесе онсыз симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көбірек ықтималды. Симптоматикалық гипотензия туындауы ілмекті диуретиктерді жоғары дозаларда қабылдап жүрген ауырлау дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі, гипонатриемия немесе функционалдық сипаттағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көбірек ықтималды. Бұл естен танумен, неврологиялық тапшылықпен, олигуриямен және/немесе үдемелі азотемиямен және сирек бүйректің жедел жеткіліксіздігімен және/немесе өліммен байланысты болуы мүмкін. Осындай пациенттерді емдеу артериялық қысымның төмендеу қаупіне орай мұқият медициналық қадағалаумен ең төмен дозаларды тағайындаумен басталуы тиіс. Осындай пациенттер емдеудің алғашқы екі аптасының ішінде және дозаны арттыру немесе тағайындау кезінде әр жолы мұқият қадағалауда болуы тиіс немесе диуретик дозасы арттырылады.

Осындай пациенттер емдеудің алғашқы екі аптасының ішінде және дозаны арттыру кезінде немесе диуретикпен емдеудің басында немесе дозасын арттырғанда мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Артериялық қысымның күрт түсуі миокард инфарктісін немесе инсульт туғызуы мүмкін жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық аурулар бар пациенттер емдеудің алғашқы екі аптасының ішінде және периндоприл және/немесе диуретик дозасын әр жолы арттыру кезінде мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Артериялық қысымы қалыпты немесе төмен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде периндоприл жүйелі артериялық қысымның қосымша төмендеуін туғызуы мүмкін. Бұл әсері жорамалды болады және әдетте препаратты тоқтатуды талап етпейді. Егер артериялық гипотензия симптоматикалық сипатта болса, препарат дозасын төмендету немесе тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін.

Гипотензия дамыған жағдайда пациентті шалқасынан жатқызып, ал қажет болса, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін вена ішіне енгізу жолымен АҚК толықтыру қажет. Өткінші гипотензия, әдетте, АҚК көбейту салдарынан жүйелі артериялық қысымның қайта көтерілуінен кейін сенімді жалғастыруға болатын препаратты одан әрі қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Реноваскулярлы гипертензия

Реноваскулярлы гипертензия болғанда емдеуді ең төмен дозасынан бастау керек және оны абайлап түзете отырып, осы орайда мұқият медициналық қадағалауды қамтамасыз етуге кеңес беріледі. Ауыр гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар.

Диуретиктермен емдеу жоғарыда аталған құбылыстардың дамуына ықпал етуші фактор болуы мүмкін, периндоприлмен емдеудің алғашқы апталарында диуретиктерді тоқтату және осы орайда бүйрек функциясын бақылап отыру керек. Бүйрек функциясының төмендеуі тіпті бүйрек артериясының бір жақты стенозы бар пациенттерде де қан сарысуындағы креатинин деңгейінің мардымсыз ғана өзгерістерімен қатар жүруі мүмкін.

Бүйрек трансплантациясы

Таяуда бүйрек трансплантациясы жасалған пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерін қолдану холестаздық сарғаюдан басталатын және фульминантты бауыр некрозына дейін үдейтін және (кейде) өлімге ұшыраумен аяқталатын синдроммен қатар жүреді. Осы синдром механизмі әзірге түсініксіз. Сарғаю дамыған немесе бауыр ферменттерінің деңгейі едәуір жоғарылаған АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатуы және тиісті медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Нәсілі

АӨФ тежегіштерімен емдеу кезіндегі ангионевроздық ісіну, басқа нәсілді пациенттерге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде жиірек болады.

Басқа АӨФ тежегіштеріндегі сияқты, периндоприлдің қара нәсілді пациенттердегі гипотензиялық тиімділігі, басқа нәсіл пациенттеріне қарағанда, төмен болуы мүмкін. Оның себебі қара нәсілді пациенттердегі гипертензияның төмен ренин мөлшері аясында өте жиі кездесуінен болуы мүмкін.

Диабет бар пациенттер

Диабетке қарсы пероральді препараттар немесе инсулин қабылдап жүрген диабет бар пациенттерге АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы айының ішінде гликемияға мұқият бақылау жүргізген жөн.

Жөтел

Басқа АӨФ тежегіштерін қолдану кезіндегі сияқты, әдетте, дозаны тоқтатудан немесе төмендетуден кейін ғана басылатын тұрақты құрғақ жөтел туындауы мүмкін. Осылай болуы мүмкін екенін жөтелді дифференциациялық диагностикалау кезінде есте сақтау керек. Жөтел жатқан қалыпта немесе түнде жиі күшейеді, ал ол жөнінде әйелдер жиірек хабарлайды (2/3 жағдай). Жөтел туындайтын пациенттерде бронхтардың қайта белсенділенуі жоғары болуы ықтимал. Темекі тартушыларда жөтел туындаған жағдайлардың көпшілігі шылымқорлардың өте жоғары деңгейде жөтелге төзімділігі салдарынан болуы мүмкін. Жөтелдің туындауына, сірә, АӨФ тежелісі салдарынан кининдердің (брадикинин) және/немесе простагландиндердің жиналуы себеп болады. Егер пациентте шыдамайтын жөтел дамып, АӨФ тежегішін басқасына ауыстыру қажет болғанда, егер реакция қайталанса, гипотензиялық препараттардың басқа класына ауыстыру керек.

Протеинурия

Периндоприлмен емдеу кейде жеңіл немесе өткінші протеинуриямен байланысты. Периндоприл қолданған, протеинурия бұрыннан бар пациенттердің көпшілігінде протеинурия жойылды немесе тұрақты күйде қалды. АӨФ тежегіштері диабет немесе артериялық гипертензия бар пациенттерде нефропатия үдеуін баяулатуға қабілетті.

Нейтропения/агранулоцитоз/тромбоцитопения/анемия

АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия білінді. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде және басқа асқындырушы факторлар болмаса, нейтропения сирек болады. Периндоприлді қолдану кезінде коллагенозды-тамыр аурулары бар пациенттерге, иммунодепрессанттық емнен, аллопуринолмен немесе прокаинамидпен емдеуден өтіп жүрген немесе осы асқындырушы факторлардың бәрі болатын пациенттерге, әсіресе, бауыр функциясының бұрыннан бар бұзылуларында аса сақ болу керек. Осы пациенттердің кейбіреуінде күрделі инфекциялар дамыды. Жекелеген жағдайларда антибиотиктермен қарқынды ем сәтсіз болды. Осындай пациенттерге периндоприл тағайындалғанда лейкоциттер санын мезгіл-мезгіл бақылап отыру, ал пациенттерге инфекцияның кез келген белгілері (мысалы, тамақ ауыруы, қызба) туралы хабарлау қажеттілігі жөнінде нұсқау беру ұсынылады.

Тері реакциялары

Басқа АӨФ тежегіштерін қолдану кезінде макула-папулезді бөртпенің және, сирек фотосезімталдық реакцияларының туындауы хабарланды. Терінің ауыр реакциялары (лихеноидты бөрту, псориаз, пемфигус, розацеа, Стивенс-Джонсон синдромы және т.б.) сирек туындайды. Егер пациентте тері реакциясы дамыса, айқаспалы қайта белсенділену болуы мүмкін екендіктен, оны басқа АӨФ тежегішіне ауыстыру мақсатқа сай.

Дәм сезу бұзылулары (дисгевзия)

АӨФ тежегіштерінің жоғары дозаларын қолдану кезінде дәм сезудің бұзылуы (дәм сезудің бәсеңдеуі немесе ауыздың темір татуын сезіну) жиі мәлімделді. Дисгевзия, әдетте, емдеудің алғашқы аптасында туындайды және көпшілік жағдайларда бір-үш ай ішінде басылады.

Рениннің босап шығуын туындататын препараттар

Периндоприл әсері рениннің босап шығуын туындататын гипертензияға қарсы препараттармен бір мезгілде қолдану кезінде күшеюі мүмкін.

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Периндоприлмен байланысты

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін (РААЖ) қосарлы бөгеу

АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолдану арқылы РААЖ қосарлы бөгеу, РААЖ-ға әсер ететін бір препаратты пайдаланумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын қоса) сияқты жағымсыз реакциялар жиілігінің артуымен қатар жүреді.

Бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді

Алискирен

Қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде гипотензия, естен тану, инсульт, гиперкалиемия, бүйрек функциясының нашарлау (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) қаупі артады.

Экстракорпоральді емдеу әдістері

Гидравликалық өткізгіштігі жоғары белгілі бір жарғақшалармен (мысалы, AN69 сияқты полиакрилонитрилді жарғақшалар) диализ немесе гемофильтрация және декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі сияқты қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеу әдістері, АӨФ тежегіштерімен емдеуден кейін ауыр анафилактоидты реакциялардың жоғары туындау қаупіне орай, қарсы көрсетілімді;

осындай емдеу қажет болса, жарғақшаның басқа типін (мыcaлы, купрофан немесе полисульфон) пайдалану немесе гипертензияға қарсы препараттың басқа класын қолдану керек.

Сакубитрил/валсартан

Бір мезгілде неприлизин мен АӨФ тежелуі ангионевроздық ісінудің туындау қаупін арттыруы мүмкін екендіктен, периндоприлді сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Сакубитрил/валсартан қабылдауды периндоприлмен емнің соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағатқа дейін бастауға болмайды. Периндоприлмен емдеуді сакубитрил/валсартан соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағатқа дейін бастауға болмайды.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Алискирен

Қант диабетінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттерде гиперкалиемия, бүйрек функциясының нашарлауы және жүрек-қантамыр ауруына көп шалдығу және өлімге ұшырау қаупі артады.

АӨФ тежегішін және ангиотензин рецепторларының блокаторын бір мезгілде қолдану

Әдебиетте расталған атеросклероз, жүрек жеткіліксіздігі немесе нысана-ағзалардың зақымдануымен диабет бар пациенттерде АӨФ тежегішімен және ангиотензин рецепторларының блокаторымен біріктірілген емнің, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін бір препаратты пайдаланумен салыстырғанда, гипотензия, естен тану, гиперкалиемия және бүйрек функциясының нашарлауы (жедел жүрек жеткіліксіздігіне дейін апаратын) жиілігін арттыратыны туралы хабарламалар бар. Қосарлы бөгеу (мысалы, АӨФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының антагонисімен біріктіру) бүйрек функциясының, калий және артериялық қысым деңгейінің мұқият бақылауымен тек жекелеген жағдайларда мүмкін болады.

Ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол)

Бір мезгілде ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол) қабылдап жүрген пациенттер гиперкалиемияның жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін.

Калий жинақтаушы диурездік препараттар (мысалы, триамтерен, амилорид), калий тұздары

Гиперкалиемия (өліммен аяқталуы мүмкін), әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуында (гиперкалиемиямен байланысты қосымша әсерлері).

Периндоприлді жоғарыда аталған препараттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Егер, дегенмен де, бір мезгілде қолдану көрсетілсе, оларды алдын ала сақтану шарасын қадағалаумен және қан сарысуындағы калий мөлшерін жүйелі бақылауға алып, қолдану керек. Жүрек жеткіліксіздігінде спиронолактон мен эплеренон қолдану туралы ақпаратты төменнен қараңыз.

Литий

Литий препараттарын және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында литий мөлшерінің қайтымды жоғарылауы және уыттылығы (ауыр нейроуыттылығы) байқалды. Периндоприл мен литий препараттарын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Егер осындай біріктірілім бәрібір қажет болса, қан плазмасындағы литий мөлшеріне мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.

Ерекше назар аударуды талап ететін бір мезгілде қолдану

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), ≥ 3 г/күн аспиринді қоса

АӨФ тежегіштерін және простагландинсинтетаза тежегішін (мысалы, индометацин) немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (мысалы, қабынуға қарсы дозаларда ацетилсалицил қышқылын, селективті емес ҚҚСП немесе ЦОГ-2 тежегішін) бір мезгілде қабылдау гипертензияға қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін. Алайда периндоприл, индометацин немесе басқа ҚҚСП арасындағы өзара әрекеттесу анықталмады. Емдеу, әсіресе, осының алдында бүйрек функциясының бұзылуы болған пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму және қан плазмасындағы калий мөлшерінің арту мүмкіндігін қоса, бүйрек функциясының нашарлау қаупінің артуымен қатар жүруі мүмкін. Біріктірілім, әсіресе, егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Пациенттер организмнің жеткілікті гидратациясын қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ қатарлас емдеуге кіріскенде бүйрек функциясына бақылау жүргізу және осы емді жүргізу кезінде жүйелі бақылау қажет.

Гипогликемиялық препараттар (инсулин, гипогликемиялық сульфонамидтер)

Каптоприл мен эналаприл туралы хабарланды. АӨФ тежегіштерін және гипогликемиялық препараттарды (инсулиндер, гипогликемиялық сульфонамидтер) бір мезгілде қабылдау гипогликемиялық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Гипогликемия көріністерінің дамуы өте сирек байқалады (мүмкін, инсулинге қажеттілік төмендеуімен глюкоза жағымдылығының жақсаруы жүреді), бір мезгілде емдеудің алғашқы апталары ішінде және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жиірек туындайды.

Калий жинақтаушы диурездік препараттар

Әсіресе, айналымдағы қан көлемін және/немесе тұзды шығаратын диуретиктер қабылдап жүрген пациенттер АӨФ тежегішімен емдеу басталған соң кейде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуін сезінуі мүмкін. АӨФ тежегішінің төмен дозасын тағайындаумен емдеуді бастар алдында оны біртіндеп арттыра отырып, диуретик қабылдауды тоқтату арқылы немесе айналымдағы қан көлемін жоғалтуды немесе тұзды толықтырумен гипотензиялық әсер ету мүмкіндігін барынша азайтуға болады. Егер бұл мүмкін болмаса, АӨФ тежегішінің бастапқы дозасын азайту және бастапқы дозасын қабылдаудан кейін және артериялық қысым тұрақтанатын сәтке дейін бірнеше сағат бойы пациентті мұқият қадағалау керек.

Осының алдындағы диуретиктермен емдеудің тұз/айналымдағы қан көлемін шығаруы мүмкін болатын артериялық гипертензия бар пациенттерге АӨФ тежегішін қолдануды бастар алдында диуретиктер қабылдауды тоқтату немесе АӨФ тежегішімен емдеуді төмен дозадан бастап, оны біртіндеп арттыру керек.

Диуретик қолданып жүрген созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге АӨФ тежегішімен емдеуді, мүмкін, калий жинақтаушы диуретик дозасын төмендетуден кейін ең төмен дозадан бастау керек.

Барлық жағдайда АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде бүйрек функциясын (креатинин деңгейін) бақылап отыру қажет.

Калий жинақтаушы диуретиктер (эплеренон, спиронолактон)

Периндоприл мен калий жинақтаушы препараттар (мысалы, эплеренон және спиронолактон), калий қоспаларын немесе калий жинақтаушы тұз алмастырғыштарын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:

- емдеуді бастар алдында пациенттерде гиперкалиемия немесе бүйрек жеткіліксіздігі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

- бұрын АӨФ тежегіштері мен ілмекті диуретиктер қабылдаған NYHA шкаласы бойынша II-IV функционалдық класты жүрек жеткіліксіздігімен және лықсыту фракциясы төмендеген пациенттерде, әсіресе, осындай біріктірілімді тағайындау жөніндегі нұсқаулар қадағаланбаған жағдайда өліммен аяқталу қаупі зор гиперкалиемияның туындау қаупі болады.

- емдеудің алғашқы айының ішінде апта сайын және әріқарай ай сайын сарысудағы калий мен креатинин деңгейіне мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

АӨФ тежегіштерін, қабынуға қарсы препараттар мен тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қолдану

АӨФ тежейтін препаратты (АӨФ тежегіші немесе ангиотензин рецепторларының блокаторы), қабынуға қарсы препаратты (ҚҚСП немесе ЦОГ-2 тежегіші) және тиазидті диуретикті бір мезгілде қолдану бүйрек жеткіліксіздігі қаупін арттырады. Аталған біріктірілім, әсіресе, егде жастағы пациенттерде және бұрын бүйрек жеткіліксіздігі болған пациенттерде тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалау керек. Сарысудағы креатинин деңгейін, әсіресе, емдеудің басында мұқият бақылап отыруға кеңес беріледі.

Циклоспорин

Гиперкалиемия АӨФ тежегіштерін циклоспоринмен бір мезгілде қолдану кезінде туындауы мүмкін. Сарысудағы калий деңгейін мұқият бақылап отыру ұсынылады.

Гепарин

Гиперкалиемия АӨФ тежегіштерін гепаринмен бір мезгілде қолдану кезінде туындауы мүмкін. Сарысудағы калий деңгейін мұқият бақылап отыру ұсынылады.

Сүт қоректілердегі (mTOR) рапамицин үшін нысана тежегіштері (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус)

АӨФ тежегіштері мен mTOR тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде ангионевроздық ісінудің даму қаупінің артуы байқалды.

Глиптиндер (мысалы, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин, алоглиптин)

АӨФ тежегіштері мен глиптинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде, дипептидилпептидаза IV (ДПП-IV) белсенділігінің төмендеуіне орай, ангионевроздық ісінудің даму қаупінің артуы болады.

Назар аударуды талап ететін бір мезгілде қолдану

Гипертензияға қарсы және тамыр кеңейтетін препараттар

Бір мезгілде қолдану периндоприлдің гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе басқа тамыр кеңейтетін препараттармен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Симпатомиметикалық препараттар

Симпатомиметикалық препараттар АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Алтын

Инъекциялық алтын препараттарын (натрий ауротиомалаты) қабылдап жүрген пациенттерде, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда сирек жағдайларда нитритоидты реакциялар (бет қызаруы, жүрек айну, құсу және артериялық қысым төмендеуі) байқалды.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, бета-адреноблокаторлар, нитраттар

Периндоприлді ацетилсалицил қышқылымен (тромболитик ретінде тағайындалған), бета-адреноблокаторлармен және/немесе нитраттармен бірге қолдануға болады.

Тетрациклин және магниймен өзара әрекеттесетін басқа препараттар

Тетрациклинді АӨФ тежегішімен бір мезгілде қолдану препараттың қосымша заты ретінде магний болуы есебінен тетрациклин сіңуін төмендетеді. Бір мезгілде қолдану кезінде осындай өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру керек.

Амлодипинмен байланысты

Амлодипиннің тиазидті диуретиктер, альфа-блокаторлар, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, әсері ұзаққа созылатын нитраттар, нитроглицериннің тіл астына салатын түрімен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, антибиотиктер, пероральді гипогликемиялық препараттармен қауіпсіз қолдану жөніндегі деректер бар.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Дантролен (инфузия)

Жануарларда верапамил енгізілгенде және дантролен в/і енгізілгенде өліммен аяқталуға алып келетін қарыншалар фибрилляциясы және гиперкалиемиямен біріккен жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі байқалады. Болжамды қатерлі гипертермия бар пациенттерде және қатерлі гипертермияны емдеу кезінде, гиперкалиемияның басталу қаупіне байланысты, амлодипин сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларымен біріктіруден сақтануға кеңес беріледі.

Арнайы нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Периндоприл/амлодипиннің автокөлік басқару және машинаны пайдалану қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеді. Көлік құралдарын немесе пайдалануға берілген машиналарды басқару кезінде кейде бас айналу немесе шаршау туындауы мүмкін екенін ескеру керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Компоненттерінің бекітілген дозасы бар препарат бастапқы емге сай келмейді.

Егер дозаны түзету қажет болса, ол монокомпонентті препараттарды пайдаланумен әркімге жеке титрлеу арқылы жүргізілуі тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде периндоприл шығарылуы төмендеген. Сондықтан қан плазмасында креатинин концентрациясы мен калий мөлшерін жиі мониторингтеу талап етіледі.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Периндоприл/Амлодипинді креатинин клиренсі (КК) ≥ 60 мл/мин пациенттерге тағайындауға болады. КК < 60 мл/мин пациенттерге препараттың әрқайсысы бөлек компоненті үшін дозаны әркімге жеке титрлеуге кеңес беріледі.

Плазмада амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен өзара байланысты емес.

Амлодипин диализ арқылы шығарылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозалау режимі белгіленбеген. Периндоприл/амлодипин қолдану кезінде сақ болу керек.

Балалар

Периндоприл/Амлодипинді балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды, өйткені балалар мен жасөспірімдерде периндоприлдің дербес немесе амлодипинмен біріктірілімде тиімділігі мен жағымдылығы анықталмады.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылданады.

Бір реттік доза ретінде тәулігіне бір таблетканы таңертең ас ішуге дейін қабылдауға кеңес беріледі.

Артық дозалану кезінде қабылдау қажет болатын шаралар

Периндоприл/амлодипиннің артық дозалануы туралы ақпарат жоқ.

Адамда амлодипиннің көзделмеген артық дозалануын емдеу тәжірибесі шектеулі.

Қатты артық дозалану кейіннен әрі, ықтималды түрде, ұзаққа созылатын жүйелі гипотонияға ауысатын шамадан тыс шеткері вазодилатацияға әкелуі мүмкін. Амлодипиннің артық дозалануы туғызған гипотензия пациентті кардиологиялық қарқынды ем бөлімшесінде қадағалауды талап етеді. Вазоконстрикторлар оларды қолдану қарсы көрсетілімді болмаған жағдайда тамырлар тонусын және артериялық қысымды қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін. Кальций өзекшелерінің бөгелісін жою үшін кальций глюконатын вена ішіне енгізу тиімді болуы мүмкін.

Амлодипин гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Амлодипин жөніндегі қолда бар деректер едәуір артық дозаланудың шамадан тыс шеткері вазодилатацияға әрі, болжамды түрде, рефлекторлы тахикардияға әкелуі мүмкін екенін айғақтайды. Өліммен аяқталатын шокқа әкелуі мүмкін айқын әрі, ықтималды түрде, ұзаққа созылатын жүйелі гипотензия мәлімделді.

Басталуының кеш білінуімен (қабылдаудан кейін 24-48 сағат өткен соң) көрініс беруі және өкпені жасанды желдету қажеттілігі болуы мүмкін амлодипиннің артық дозалануы салдарынан болатын өкпенің кардиогенді емес ісінуінің дамуы сирек мәлімделді. Өкпенің кардиогенді емес ісінуінің дамуына ықпал ететін факторлар перфузия мен жүрек лықсытуын демеуге арналған ерте реанимациялық іс-шаралар (айналымдағы қан көлемінің артық жүктемесін қоса) болуы мүмкін.

Периндоприл үшін адамдарда артық дозалануына тән шектеулі деректер қолжетімді.

АӨФ тежегіштерінің артық дозалану симптомдары гипотензия, айналымдық шок, электролиттік теңгерім бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, асқын желдетілу, тахикардия, жүректің жиі соғуы, брадикардия, бас айналу, үрейлену және жөтелді қамтуы мүмкін.

Артық дозалануды емдеу үшін физиологиялық ерітіндінің вена ішіне инфузиясын жүргізуге кеңес беріледі. Гипотензия дамуында пациент «аяқтарын сәл көтеріп, шалқасынан жату» қалпына ауысуы тиіс. Мүмкіндігінше, II ангиотензинді инфузия түрінде және/немесе катехоламиндерді вена ішіне енгізу жүзеге асырылады. Периндоприлді жүйелі қан ағымынан гемодиализ арқылы шығаруға болады. Дәрілік емге берілмейтін брадикардияда пейсмейкер орнату көрсетілген. Өмірлік маңызды көрсеткіштерді, сондай-ақ сарысудағы креатинин мен электролиттер концентрациясын тұрақты бақылап отыру керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қолдану дәрігердің қадағалауымен жүзеге асу керек.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПерам таблеткалары 8 мг/10 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube