daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Потант-сановель Таблеткалары 500 Мг №7 | Сановель Фармако-индустриальная торговая компания

Уральске қаласындағы Потант-сановель Таблеткалары 500 Мг №7 | Сановель Фармако-индустриальная торговая компания
Сипаттама:

Ашық-қызғылт түсті қабықпен қапталған, сызығы бар сопақша пішінді таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Сановель Фармако-индустриальная торговая компания

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза (E15-LV), микрокристалды целлюлоза РН101, кросповидон СL, натрий стеарил фумараты. Opadry TAN 20A27134 қабықтың құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ашық-қызғылт түсті қабықпен қапталған, сызығы бар сопақша пішінді таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

7 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Потант-сановель дәрілік препараты, таблеткалар, ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- созылмалы бактериялық простатит

- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.

Төменде аталған инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілер пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана Потант-сановельді қолдану керек:

- жедел бактериялық синусит

- бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі

- ауруханадан тыс пневмония

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- асқынбаған цистит.

Таблеткалардағы Потант-сановель препаратын вена ішіне левофлоксацин енгізумен старттық ем жүргізуден кейін жай-күйі жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін қолдануға болады.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды қадағалау қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, немесе компоненттерінің қандайда болсын біреуіне аса жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- бұған дейін хинолондармен ем жүргізгенде сіңірлердің зақымдануы

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

- препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданыңыз

- препаратты қолданар алдында қосымша-парақшаны мұқият оқып шығыңыз

- түпнұсқалық қаптамада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың левофлоксацинге әсері

Темір тұздары, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтер, диданозин

Левофлоксациннің сіңуі құрамында магний мен алюминий бар антацидтермен, сондай-ақ құрамында темір тұздары бар препараттармен немесе диданозинмен (буферлік заттарының құрамында алюминий немесе магний бар, диданозиннің дәрілік формалары ғана) бір мезгілде қабылдағанда едәуір төмендейді. Фторхинолондарды құрамында мырыш бар поливитаминдермен бір мезгілде пероральді қабылдағанда олардың сіңуін төмендетеді. Левофлоксацин мен осы препараттарды қабылдау арасындағы ұсынылатын аралық – кемінде 2 сағат. Кальций тұздары ішке қабылдағанда левофлоксациннің сіңуіне өте аз әсер етеді.

Сукральфат

Левофлоксациннің биожетімділігі сукральфатпен бір мезгілде қабылдағанда едәуір төмендейді. Осы препараттарды қабылдау арасындағы аралық 2  сағаттан кем болмауы тиіс.

Теофиллин, фенбуфен немесе осыларға ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Левофлоксацин мен теофиллин арасында өзара әрекеттесу болады, дегенмен, хинолондарды теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен және құрысу шегін төмендететін басқа дәрілермен бір мезгілде қолданғанда құрысу шегі едәуір төмендеуі мүмкін.

Препаратты фенбуфенмен бір мезгілде қолданғанда левофлоксациннің концентрациясы шамамен 13%-ға жоғары болды

Пробенецид пен циметидин

Пробенецид пен циметидин левофлоксациннің элиминациясын баяулатады. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі пробенецидті бір мезгілде қолданғанда 34%-ға, циметидинді бірге қолданғанда  24%-ға төмендейді, өйткені екі препарат та левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілетті. Дегенмен, зерттеуде қолданылған дозаларда қолданғанда, статистикалық маңызды кинетикалық айырмашылықтардың клиникалық мәнге ие болуы екіталай.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты өзекшелік секрецияға әсер ететін препараттармен, әсіресе бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Левофлоксациннің басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бір мезгілде қолданғанда  33%-ға артады.

K дәруменінің антагонистері

Левофлоксацин мен К витаминінің антагонисі (мысалы, варфарин) біріктірілімін қабылдаған емделушілерде коагуляция сынамаларының жоғарылауы (ПУ/ХҚҚ) және/немесе ауыр болуы мүмкін қан кетуі туындаған жағдайлар туралы хабарланды. Левофлоксацинді К дәруменінің антагонистерімен (мысалы, варфаринмен) бір мезгілде қолданғанда қанның ұйығыштығының көрсеткіштерін бақылау қажет.

QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттар

Левофлоксацинді QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттармен (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класының препараттары, үшциклдік антидепрессанттар, макролидтер) бір мезгілде қабылдағанда сақ болған жөн.

Басқа да маңызды ақпарат

Глюкокортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда сіңірлердің үзілу қаупі жоғарылайды.

Левофлоксацин теофиллиннің (ол CYP1A2 үшін субстрат үлгісі болып табылады) фармакокинетикасына әсерін тигізбеді, бұл левофлоксациннің CYP1A2 ингибиторы емес екенін көрсетеді.

Левофлоксациннің фармакокинетикасы кальций карбонатымен, дигоксинмен, глибанкламидпен, ранитидинмен және варфаринмен бір мезгілде қолданғанда клиникалық құндылығы бар жеткілікті дәрежеге дейін өзгермейді.

Препаратты тамақтану алдында немесе тамақтану арасында кез келген уақытта қабылдауға болады, себебі ас қабылдау препараттың сіңуіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті (ПВХ/ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 таблеткадан. Пішінді 1 қаптама медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПотант-сановель таблеткалары 500 мг №7 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube