Уральске қаласындағы Прамиксол Таблеткалары 1 Мг №30 | Фарма Старт ООО

Уральске қаласындағы Прамиксол Таблеткалары 1 Мг №30 | Фарма Старт ООО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Бронь на 24 часа при самовывозе

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында ойығы, кресті бар таблеткалар (0.25 мг дозасы үшін); Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында ойығы, сызығы бар және басқа жағында «1» таңбасы бар таблеткалар (1.0 мг дозасы үшін).

Международное наименование:

Прамипексол

Производитель:

Фарма Старт ООО

Страна производитель:

Украина

Действующее вещество:

қосымша заттар: маннит (маннитол; Е 421), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон (Поливинилпирролидон), магний стеараты.

Дозировка активного вещества:

1 мг

Лекарственная форма:

Таблеткалар, 0,25 мг және 1,0 мг

Количество в упаковке:

30 шт.

Инструкция

Показания к применению

Леводопаның әсері төмендегенде немесе тұрақсыз болғанда және емдік әсердің ауытқуы («қосу-өшіру» феномені) пайда болғандағы кеш сатыларға дейін ауру кезінде леводопамен біріктірілімде немесе монотерапия (леводопасыз) ретінде ересектердегі идиопатиялық Паркинсон ауруының белгілері мен симптомдарын емдеуде.

Ересектердегі ауыр және орташа дәрежедегі идиопатиялық мазасыз аяқ синдромын 0,75 мг аспайтын дозада симптоматикалық емдеуде.

Противопоказания

- прамипексолға немесе препараттың қандай да бір басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Плазма ақуыздарымен байланысуы

Прамипексол плазма ақуыздарымен өте аз байланысады (< 20 %) және биотрансформациясы төмен. Сондықтан плазма ақуыздарының байланысуына немесе биотрансформация арқылы элиминациясына әсер ететін басқа препаратпен өзара әрекеттесу ықтималдылығы аз. Антихолинергиялық препараттар негізінен бауырда метаболизм арқылы элиминацияланатындықтан, өзара әрекеттесу ықтималдылығы аз. Антихолинергиялық препараттармен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Селегилинмен және леводопамен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу жоқ.

Белсенді бүйрек элиминациясы жолының тежегіштері/бәсекелестері

Циметидин прамипексолдың бүйрек клиренсін шамамен 34 %-ға төмендетеді, бұл катионды ренальді өзекшелік секрецияның тасымалдау жүйесін басу арқылы орын алуы мүмкін. Циметидин, амантадин, мексилетин, зидовудин, цисплатин, хинин және прокаинамид сияқты белсенді ренальді өзекшелік секрецияны тежейтін немесе осы жолмен жойылатын препараттар прамипексолмен өзара әрекеттесіп, прамипексол клиренсінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осы дәрілік препараттарды Прамиксол препаратымен бір мезгілде қолданғанда прамипексол дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Леводопамен біріктірілімі

Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттерге Прамиксол препаратының дозасын ұлғайту кезінде леводопа дозасын төмендету ұсынылады, ал басқа паркинсон ауруына қарсы препараттардың дозалары өзгеріссіз қалады.

Егер пациент басқа тыныштандыратын дәрілік препараттарды қолданса немесе алкогольді прамипексолмен бірге тұтынса, препараттың ықтимал аддитивті әсеріне байланысты сақтық танытқан жөн.

Психозға қарсы дәрілік препараттар

Психозға қарсы дәрілік препараттарды прамипексолмен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, себебі антагонистік әсерлер орын алуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Бүйрек жеткіліксіздігі

Прамиксол таблеткаларын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, себебі прамипексол бүйрекпен шығарылады. Паркинсон ауруына шалдыққан және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге Прамиксол препаратын төмендетілген дозада тағайындау ұсынылады.

Елестеулер

Елестеулер - дофамин агонистерімен және леводопамен жүргізілетін емнің белгілі жағымсыз реакциялары. Пациенттерге дәрілік препаратты қабылдау кезінде елестеулер (көп жағдайда көру) туындауы мүмкін екендігі туралы хабардар ету қажет.

Дискинезия

Леводопамен біріктірілген ем кезінде, үдемелі Паркинсон ауруы кезінде Прамиксол препаратын титрлеу басында дискинезия дамуы мүмкін. Бұл жағдайда леводопаның дозасын азайту керек.

Дистония

Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттерде бастапқы дозадан кейін немесе прамипексол дозасын біртіндеп арттырғаннан кейін антеколлисті, камптокормияны және плевростотонусты (Пиза синдромы) қоса алғанда, торсионды дистония туралы кейде хабарлаған. Дистония Паркинсон ауруының симптомы болуы мүмкін болса да, бұл пациенттерде симптомдар прамипексол дозасын төмендеткеннен немесе тоқтатқаннан кейін азайған. Егер дистония туындаса, дофаминергиялық дәрілік препараттармен емдеу сызбасын қайта қарауды қарастырып, прамипексол дозасын таңдау керек.

Кенеттен болатын ұйқы ұстамасы және ұйқышылдық

Прамипексолды қолдану әсіресе Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттерде ұйқышылдықпен және кенеттен болатын ұйқышылдық эпизодтарымен байланысты. Күндізгі белсенділік кезінде кенеттен болатын ұйқышылдық ұстамасы туралы жиі емес хабарламалар болды, кейбір жағдайларда – түсінбей немесе ескерту белгілерінсіз. Осыған байланысты пациенттерді Прамиксол препаратымен емдеу кезінде автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу қажеттігі туралы хабардар ету қажет. Ұйқышылдығы және/немесе кенеттен болатын ұйқышылдық эпизодтары бар пациенттер көлікті басқарудан және техникамен жұмыс істеуден бас тартуы керек. Сонымен қатар, дозаны азайту немесе емдеу мерзімін қысқарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Ықтимал аддитивті әсеріне байланысты, егер пациент басқа тыныштандыратын дәрілік препараттарды қолданса немесе алкогольді прамипексолмен біріктірілімде тұтынса, сақтық танытқан жөн.

Ниеттенуді бақылау бұзылыстары

Пациенттерді ниеттенуді бақылау бұзылыстарының дамуына қатысты мұқият бақылау керек. Пациенттер мен оларға күтім жасайтын адамдар Прамиксол препаратын қоса, дофамин агонистерімен емдеу кезінде құмар ойындарға деген патологиялық құмарлықты, либидоның жоғарылауын, гиперсексуалдықты, компульсивті ысырапты немесе сатып алуды, шамадан тыс тамақтануды және компульсивті тамақтануды қоса, ниеттенуді бақылау бұзылыстарының симптомдары байқалуы мүмкін екенін білуі тиіс. Мұндай симптомдар дамыған кезде дозаны төмендету/препаратты қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.

Мания және делирий

Пациенттерді мания мен делирийдің дамуына қатысты мұқият бақылау керек. Пациенттер мен оларға күтім жасайтын адамдар прамипексолмен ем алып жүрген пациенттерде мания мен делирий пайда болуы мүмкін екенін білуі керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде дозаны төмендету/препаратты қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ауыр жүрек-қантамыр аурулары

Ауыр жүрек-қантамыр аурулары кезінде препаратты аса сақтықпен тағайындау керек. Дофаминергиялық еммен байланысты постуральді гипотензияның жалпы қаупін ескере отырып, әсіресе емдеудің басында артериялық қысымды мониторингілеу ұсынылады.

Психика бұзылыстары бар пациенттер

Емдеуден болатын ықтимал пайдасы қауіптен асып кеткен жағдайда ғана психикалық бұзылыстары бар пациенттер дофамин агонистерімен емделгені жөн. Прамипексолмен психозға қарсы дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Нейролептикалық қатерлі синдром

Нейролептикалық қатерлі синдромға ұқсас симптомдар дофаминергиялық емдеуді күрт тоқтатқаннан кейін байқалды.

Офтальмологиялық қарап-тексеру

Көру бұзылысы жағдайында тұрақты офтальмологиялық қарап-тексеру ұсынылады.

Дофамин агонистерін тоқтату синдромы (DAWS)

Дофамин агонистерін, соның ішінде прамипексолды қолданған кезде дофамин агонистерін тоқтату синдромының дамуы туралы хабарланды. Емдеуді тоқтату үшін Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттерге прамипексол дозасын төмендету керек. Импульстерді бақылау бұзылыстары бар пациенттерде және дофамин агонистерінің жоғары тәуліктік дозаларын және/немесе жоғары жинақталу дозаларын алатын пациенттерде дофамин агонистерін тоқтату синдромының даму қаупі жоғары болуы мүмкін екенін айғақтайтын деректер шектеулі. Симптомдарға апатия, үрей, депрессия, шаршау, терлеу және ауырсыну жатады және олар ауыр болуы мүмкін. Дофамин агонистерінің дозасын төмендетпес бұрын, бұл симптомдар туралы пациенттерді ескертіп, оларды үнемі қадағалап отыру керек. Дозаны азайту және дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату кезінде пациенттерді мұқият бақылау керек. Тоқтату симптомдары ауыр және/немесе тұрақты болған жағдайда, прамипексолды ең төменгі тиімді дозада уақытша қайта қолдану қарастырылуы мүмкін.

Аугментация (симптомдардың күшеюі)

Хабарламалар дофаминергиялық препараттармен мазасыз аяқ синдромын емдеу аугментацияны туындатуы мүмкін екенін көрсетеді. Аугментация кешке қарай (немесе тіпті күндіз) симптомдардың ерте пайда болуымен, симптоматиканың күшеюімен және симптомдардың қолға қарай таралуымен көрінеді.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Жүктілік

Препараттың жүктілік пен лактацияға әсері әйелдерде зерттелмеген. Прамиксолды жүктілік кезінде аса қажет, яғни шарана үшін қаупіне қарағанда әлеуетті пайдасы көбірек болған жағдайларды қоспағанда, қолданбаған жөн.

Бала емізу

Прамипексолдың әйелдерде емшек сүтіне шығарылуы зерттелмеген, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Адамдар туралы деректер болмағандықтан, прамипексолды бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. Егер Прамиксол препаратын қолданудан аулақ болу мүмкін болмаса, бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Прамиксол көлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Елестеулер немесе ұйқышылдық пайда болуы мүмкін. Ұйқышылдық және/немесе кенеттен болатын ұйқышылдық эпизодтары бар пациенттер прамипексолды қолдану кезінде зейін қоюдың нашарлауы ауыр зақымдану немесе өліммен аяқталатын зардаптар қаупін арттырған кезде көлік жүргізуден және қауіптілігі зор әрекеттерден бас тартуы керек.

Форма выпуска

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе алюминий фольгадан және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Детали покупки

Оплата

При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкапрамиксол таблеткалары 1 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube

Контакты

[email protected]