daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Преднизолон Таблеткалары 5 Мг №100 | Agio Pharmaceuticals Ltd

Уральске қаласындағы Преднизолон Таблеткалары 5 Мг №100 | Agio Pharmaceuticals Ltd

Халықаралық атауы:

Преднизолон

Өндіруші:

Agio Pharmaceuticals Ltd

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, повидон-30, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 5 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектерде, жаңа туған нәрестелерде, 3 жастан бастап балалар мен жасөспірімдерде келесі аурулар мен симптомдар кезінде қолдануға арналған:

Аллергия және анафилаксия: бронх демікпесі, дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары, сарысу құю ауруы, ангионевроздық ісіну, анафилаксия

Артериит/коллагеноз: алып жасушалы артериит/ревматизмдік полимиалгия, дәнекер тіннің аралас ауруы, түйінді полиартериит, полимиозит

Қан тарапынан: гемолиздік анемия (аутоиммундық), лейкемия (жедел және созылмалы лимфоциттік), лимфома, көптеген миелома, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: инфарктіден кейінгі синдром, айқын кардитпен жүретін ревматизм

Эндокриндік бұзылулар: бүйрекүсті безінің бастапқы және салдарлы жеткіліксіздігі, бүйрекүсті безі қыртысының туа біткен гиперплазиясы

Асқазан-ішек бұзылыстары: Крон ауруы, ойық жаралы колит, персистирленетін глютендік синдром (глютенді тоқтатқанда басылмайтын целиакия), аутоиммундық созылмалы белсенді гепатит, бауырдың полижүйелі зақымдануы, өт перитониті.

Гиперкальциемияда: саркоидоз, D дәруменінің шамадан тыс көп болуы

Инфекциялар (сәйкесінше ем кезінде): ішек құрт инвазиялары, Герксгеймер реакциясы, инфекциялық мононуклеоз, милиарлық туберкулез, паротиттік орхит (ересектердегі), туберкулездік менингит, риккетсиоз

Бұлшықет бұзылыстары кезінде: полимиозит, дерматомиозит

Неврологиялық бұзылыстар кезінде: инфантильдік түйілулер, Шай-Дрейгер синдромы, миелинсіздендіретін жеделге жуық полиневропатия

Көз аурулары: склерит, артқы увеит, торқабықтың васкулиті, көзұяның жалған ісіктері, алып жасушалы артериит, қатерлі офтальмологиялық Грейвс ауруы

Бүйрек тарапынан бұзылулар: жегілік нефрит, жедел интерстициальді нефрит, аздаған өзгерістермен гломерулонефрит.

Респираторлық аурулар: аллергиялық пневмонит, демікпе, кәсіби демікпе, өкпе аспергиллезі, өкпелік фиброз, өкпелік альвеолит, бөгде дененің аспирациясы, асқазанның ішіндегісінің аспирациясы, өкпелік саркоид, өкпенің дәріден болатын ауруы, ересектердегі респираторлық дистресс-синдром, түйілмелі қыспақ

Ревматизмдік аурулар: ревматоидтық артрит, ревматизмдік полимиалгия, ювенильді созылмалы артрит, жүйелі қызыл жегі, дерматомиозит, дәнекер тіннің аралас ауруы

Тері аурулары: тұрпайы күлбіреуік, буллездік пемфигоид, жүйелі қызыл жегі, гангреналық пиодермия

Әр түрлі: саркоидоз, гиперпирексия, Бехчет ауруы, ағзалардың трансплантациясы кезіндегі иммуносупрессия.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүйелі инфекциялар кезінде, егер инфекцияға қарсы спецификалық ем пайдаланылмаса

- перфорация болуы мүмкіндігі салдарынан, көздің қарапайым герпесі бар пациенттерге

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге.

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Психика бұзылыстары

Пациенттер және/немесе пациентке күтім жасайтын адамдарға жүйелі стероидтарды қолданғанда ауыр болуы ықтимал психикалық жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін екендігі ескертілуі тиіс. Симптомдары, әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше күн немесе апта ішінде пайда болады. Қауіптер жоғары дозалары/жүйелі әсері кезінде жоғары болуы мүмкін, әйтсе де дозаларының деңгейлері реакциялардың басталуын, типін, ауырлығын немесе ұзақтығын болжауға мүмкіндік бермейді. Реакциялардың көпшілігі дозасын төмендеткеннен немесе препаратты тоқтатқаннан кейін қалпына келеді, әйтсе де спецификалық ем қажет болуы мүмкін. Пациенттер және/немесе пациентке күтім жасайтын адамдарға, үрейлі психологиялық симптомдар пайда болған жағдайда, әсіресе, депрессиялық көңіл-күйге немесе суицидтік ойларға күдік болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек. Пациенттер және/немесе пациентке күтім жасайтын адамдар да, стероидтардың дозасын өзгерту кезінде, не болмаса, өзгерткеннен немесе тоқтатқаннан кейін бірден туындауы мүмкін ықтимал психикалық бұзылыстарға дайын болуы тиіс.

Өздерінде немесе жақын туған туыстарында бұрыннан ауыр аффективтік бұзылыстары бар немесе осының алдында болған пациенттерде жүйелі кортикостероидарды қолдану жөніндегі мәселені қарастырған кезде ерекше сақтық қажет. Оларға депрессия немесе мания-депрессия ауруы және осының алдындағы стероидтық психоз жатады.

Онкогенділігі

Глюкокортикоидтардың ісікке тікелей әсері белгісіз, бірақ осы немесе басқа препараттармен иммуносупрессивтік ем қабылдап жүрген пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің жылдамырақ таралуының айрықша қаупі көпшілікке таныс мәселе болып табылады.

Кальцифилаксия

Кальцифилаксия кортикостероидтармен емдеу кезінде өте сирек туындауы мүмкін. Кальцифилаксия көбінесе, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар пациенттерде байқалатын болса да, ол туралы бүйрек жеткіліксіздігі тым аз немесе жоқ және кальций, фосфат және паратиреоидтық гормон деңгейі қалыпты, кортикостероидтарды қабылдап жүрген пациенттерде де хабарланған. Пациенттерге немесе пациентке күтім жасайтын адамдарға симптомдар пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.

Келесі жай-күйлері бар пациенттер преднизолонды қоса, пероральді кортикостероидтарды қолданғанда сақтық танытуы және жиі мониторинг жасауы қажет:

• Туберкулез: анамнезінде болған немесе туберкулезге тән рентгенологиялық өзгерістері бар пациенттер. Алайда, туберкулезге қарсы емді профилактикалық мақсатта қолдану арқылы белсенді туберкулездің туындауының алдын алуға болады.

• Ішектің қабыну ауруы: Крон ауруы бар пациенттерде әдеттегі преднизолон таблеткаларынан ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларға көшкен кезде симптомдары қайталанған.

Сондықтан, Крон ауруы кезінде тек, ішекте еритін қабықпен қапталмаған преднизолон таблеткаларын ғана пайдалану керек.

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі преднизолонды, диареямен қатар жүретін кез келген жағдайда сақтықпен пайдалану керек.

• Гипертония.

• Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі.

• Бауыр жеткіліксіздігі.

• Бауыр аурулары: жедел және белсенді гепатиті бар пациенттерде глюкокортикоидтардың ақуыздармен байланысуы төмендейді, ал енгізілген глюкокортикоид ең жоғары концентрациялары жоғарылайды. Преднизолонның шығарылуы да бұзылады. Бауыр циррозы бар науқастарда кортикостероидтардың әсері күшейгені байқалады.

• Бүйрек жеткіліксіздігі.

• Қант диабеті немесе отбасылық анамнезінде диабет бар адамдарда.

• Остеопороз: бұның менопаузадан кейінгі кезеңдегі, айрықша қауіпке ұшыраған әйелдер үшін маңызы ерекше.

• Менопауза кезеңіндегі және менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде кортикостероидтардың қажеттілігі төмендеуі мүмкін.

• Анамнезінде ауыр аффективтік бұзылыстар болған және, әсіресе, анамнезінде стероидтардан туындаған психоздар болған пациенттер.

• Бұдан өзге, преднизолонды қоса, кортикостероидтар бұрыннан бар эмоционалдық орнықсыздықты немесе психоздық үрдістерді ушықтыруы мүмкін.

• Эпилепсия және/немесе құрысумен жүретін бұзылыстар

• Пептидтік ойық жара.

• Осының алдындағы стероидтық миопатия.

• Миастениясы бар, антихолинэстеразалық ем қабылдап жүрген пациенттерде глюкокортикоидтарды сақтықпен пайдалану керек.

• Кортизонның әсерінен қан ұйығыштығы артқаны және тамырішілік тромбоз, тромбоэмболия және тромбофлебит жеделдегені туралы сирек хабарланғандықтан, тромбоэмболиялық аурулары бар пациенттерде кортикостероидтарды сақтықпен пайдалану керек.

Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы: дененің ширақ белсенділігінен кейін өтпелі рабдомиолиз бен миоглобинурия туындауы мүмкін. Бұның преднизолонның өзімен немесе дене белсенділігінің жоғарылығымен байланысты-байланыссыз екендігі белгісіз.

Жағымсыз әсерлерін, ең төмен тиімді дозасын өте аз уақыт кезеңі бойына пайдалана отырып және тәуліктік қажеттілігін бір реттік таңғы дозасы түрінде немесе мүмкін болған жағдайда, күнара бір реттік таңғы дозасы түрінле енгізе отырып азайтуға болады. Аурудың белсенділігіне байланысты дозасын тиісінше титрлеу үшін пациентті жиі тексеріп отыру қажет.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

Кортикостероидтардың ұзақ уақыт бойына енгізілетін фармакологиялық дозалары, гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі (ГГБ) жүйесінің бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін (бүйрекүсті безінің салдарлы жеткіліксіздігі). Бүйрекүсті бездері қыртысының дамып келе жатқан жеткіліксіздігінің дәрежесі мен ұзақтығы әр түрлі пациенттерде ауытқып отырады және дозасына, енгізу жиілігіне, уақытына және глюкокортикоидтармен емдеудің ұзақтығына тәуеді болады.

Бұдан өзге, глюкокортикоидтарды күрт тоқтатқан кезде бүйрекүсті безінің жедел, өлімге алып келетін жеткіліксіздігі туындауы мүмкін. Осылайша, дәрілік заттардан туындаған бүйрекүсті безінің салдарлы жеткіліксіздігін, дозасын біртіндеп төмендету арқылы азайтуға болады. Салыстырмалы жеткіліксіздіктің бұл типі емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін, сондықтан аталған кезеңде туындаған кез келген стресс жағдайында, гормональді емді қайта бастау керек. Минералокортикоидтардың секрециясы бұзылуы мүмкін болғандықтан, тұзды және/немесе минералокортикоидтарды бір мезгілде енгізу керек. Ұзақ емдеу кезінде кез келген интеркурренттік ауру, жарақат немесе хирургиялық араласым дозасын уақытша арттыруды қажет етеді; егер кортикостероидтар ұзақ емдеуден кейін тоқтатылса, оларды уақытша қайта енгізу қажет болуы мүмкін.

Пациенттердің өздерімен бірге «стероидтармен емдеу» картасы болуы тиіс, оларда қауіпті азайту үшін қабылдануы қажет сақтық шаралары жөнінде нақты нұсқаулар беріледі, сондай-ақ, дәрігердің тағайындаулары, препарат, дозасы және емдеу ұзақтығы туралы мәліметтер көрсетілген.

Қабынуға қарсы/иммуносупрессивтік әсері және инфекциялар.

Қабыну реакциясы мен иммундық функцияның бәсеңдеуі инфекцияларға сезімталдықты және олардың ауырлығын арттырады. Клиникалық көрінісі көбінесе атипиялық болуы мүмкін, ал септицемия және туберкулез сияқты күрделі инфекциялар, бүркемеленуі және преднизолонды қоса, кортикостероидтарды пайдаланған кезде анықталғанға дейін кешеуілдеген сатысына жетуі мүмкін. Глюкокортикоидтардың иммуносупрессивтік әсері жасырын инфекцияның белсенуіне немесе интеркурренттік инфекцияның өршуіне алып келуі мүмкін.

Желшешек

Желшешек айрықша мазасыздық тудырады, өйткені бұл, әдетте, иммунитеті әлсіз пациенттерде өлімге соқтыруы мүмкін жеңіл-желпі ауру. Сырқатнамасында белгілі бір желшешек оқиғасы болмаған пациенттерге (немесе балалардың ата-аналарына) желшешекпен немесе белдемелік герпеспен науқас адаммен жекелей тығыз қарым-қатынаста болмауға кеңес беру керек, және ондай қарым-қатынаста болған жағдайда, шұғыл медициналық көмекке жүгінуі керек. Желшешекке (VZIG) қарсы иммуноглобулинмен пассивті иммунизациялау қорғалмаған, жүйелі кортикостероидтарды қабылдап жүрген немесе оларды осының алдындағы 3 ай бойы қабылдаған пациенттерге қажет; бұл желшешекті жұқтырғаннан кейінгі 10 күн ішінде берілуі тиіс. Егер желшешек диагнозы расталса, ауруға арнайы көмек және шұғыл ем қажет. Кортикостероидтарды қолдануды тоқтатпау керек және дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Қызылша

Кортикостероидтарды қабылдап жүрген пациенттерге, қызылша жұқтырмау үшін ерекше сақтық танытуға және жұқтырған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.

Тірі вакциналарды енгізу

Иммундық жауап бұзылатындығына байланысты, кортикостероидтардың жоғары дозаларын қабылдап жүрген адамдарға тірі вакциналарды енгізбеу керек. Тірі вакциналарды енгізуді, кортикостероидтармен емдеу тоқтатылғаннан кейін кемінде 3 айға шегеру керек.

Офтальмологиялық әсерлері

Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану артқы субкапсулалық катаракта мен ядролық катарактаны (әсіресе балаларда), экзофтальмды немесе көзішілік қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін, ол көру жүйкелерінің зақымдануы мүмкіндігімен глаукомаға алып келуі мүмкін. Глюкокортикоидтарды қабылдап жүрген пациенттерде көздің салдарлы зеңдік және вирустық инфекцияларының анықталуы да күшейе түсуі мүмкін.

Перфорация мүмкіндігіне байланысты, көздің қарапайым герпесі бар пациенттерде кортикостероидтарды сақтықпен пайдалану керек.

Глюкокортикоидтармен жүйелі емдеу идиопатиялық орталықтық сероздық хориоретинопатиясы бар кейбір пациенттерде торқабықтың буллездік экссудаттық қабыршықтануының ауыр өршуін және ұзақ уақыт көрмей қалуды тудыруы мүмкін.

Ядролық катаракта қаупі жоғарылайды.

Кушинг ауруы

Глюкокортикоидтар Кушинг синдромын тудыруы немесе ушықтыруы мүмкін болғандықтан, Кушинг ауруы бар пациенттерде оларды қолданбаған дұрыс.

Гипотиреоз

Гипотиреозбен науқастарда кортикостероидтардың әсері күшейгені байқалады.

Психикалық бұзылыстар

Преднизолонды қоса, кортикостероидтарды қолданғанда эйфориядан, ұйқысыздықтан, көңіл-күйдің құбылуларынан, тұлғалық өзгерістер мен ауыр депрессиядан айқын психоздық көріністерге дейін ауытқып отыратын психикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін.

Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

Балаларда да, ересектерде де кортикостероидтармен емдеумен байланысты, көру жүйкесі дискісінің ісінуімен (мидың жалған ісігі) бассүйекішілік қысымның жоғарылауы жөнінде хабарланды. Басталуы әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін орын алады.

Склеродермиялық бүйректік криз

Гипертензиямен жүретін склеродермиялық бүйректік криз жиілігінің жоғарылауына (өлімге соқтыруы мүмкін) байланысты, жүйелі склерозбен және преднизолонның 15 мг немесе одан көп тәуліктік дозасы кезінде байқалатын диурездің төмендеуімен пациенттерде преднизолонды қолданғанда сақтық қажет болады. Сондықтан, артериялық қысым мен бүйрек функциясын (s-креатинин) жүйелі түрде бақылап отыру керек. Бүйректік кризге күдік болған жағдайда, артериялық қысымды мұқият бақылау керек.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Егде жастағы пациенттерді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы емдеуді, кортикостероидтардың жалпы жағымсыз әсерлерінің, әсіресе, остеопороздың, диабеттің, гипертензияның, гипокалиемияның, инфекцияларға сезімталдықтың және терінің жұқаруының ықтимал ауырырақ салдарларын ескере отырып жоспарлау керек. Өмірге қауіпті реакцияларды болдырмау үшін, мұқият клиникалық қадағалау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A тежегіштерімен, соның ішінде, құрамында кобицистат бар препараттармен бір мезгілде емдеу, жүйелі жағымсыз әсерлерінің қаупін арттырады деп күтіледі. Егер пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің жоғарылауы қаупінен асып түспесе, біріктірмеген дұрыс және бұл жағдайда, пациенттерді кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлеріне қатысты бақылау керек.

Өзара әрекеттесуі

CYP3A тежегіштерімен, соның ішінде, құрамында кобицистат бар препараттармен бір мезгілде емдеу, жүйелі жағымсыз әсерлерінің қаупін арттырады деп күтіледі. Егер пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің жоғарылауы қаупінен асып түспесе, біріктірмеген дұрыс және бұл жағдайда, пациенттерді кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлеріне қатысты бақылау керек.

Арнайы нұсқаулар

Лактоза

Препараттың қосымша заттарының құрамында лактоза бар, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Кортикостероидтар сәбилік, балалық және жасөспірімдік кезеңде өсудің тежелуін тудырады, ол қайтымсыз болуы мүмкін, сондықтан, емдік дозаларын ұзақ уақыт қолданбаған дұрыс. Егер ұзақ емдеу қажет болса, емдеуді гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі осі мен өсудің тежелуін аздап бәсеңдетумен шектеу керек. Балалардың өсуі мен дамуын мұқият қадағалау керек. Емдеуді мүмкіндігінше, күнара бір реттік дозасы түрінде жүргізу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Кортикостероидтардың плацента арқылы өтуге қабілеттілігі түрлі препараттарда әр түрлі, плацента арқылы өткен кезде 88% преднизолонның белсенділігі жойылады.

Буаз жануарларға кортикостероидтарды енгізу, таңдай жарығын (жырық таңдай), құрсақішілік дамудың тежелуін, өсу мен дамуға әсерін қоса, шарана дамуының аномалияларын тудыруы мүмкін. Кортикостероидтар ерлерде таңдай /ерін жарығы сияқты туа біткен аномалиялар жиілігінің артуына алып келетіндігіне ешқандай дәлел жоқ. Алайда, жүктілік кезінде ұзақ немесе бәрнеше рет енгізгенде, кортикостероидтар құрсақішілік дамудың тежелу қаупін арттыруы мүмкін. Жүктілік кезінде преднизолонды қоса, кортикостероидтарды пайдалану да өлі тууға алып келуі мүмкін. Теориялық тұрғыдан, кортикостероидтардың құрсақішілік әсерінен кейін жаңа туған нәрестелердегі гипоадренализм (Аддисон ауруы) туындауы мүмкін, бірақ әдетте, туғаннан кейін өздігінен басылады және сирек жағдайда клиникалық маңызы болады. Жүктілігі кезінде преднизолонды ұзақ уақыт қабылдап жүрген аналардан туылған сәбилерде катаракта байқалған. Барлық кортикостероидтар сияқты, преднизолонды тек, ана мен бала үшін пайдасы қауіптерінен асып түсетін жағдайда ғана тағайындау керек.

Преэклампсия немесе сұйықтық іркілуі бар пациенттерді мұқият қадағалау қажет.

Кортикостероидтар аздаған мөлшерлерде емшек сүтімен бөлініп шығады. Емшек сүтіне енген кортикостероидтар, емшектегі балаларда өсуді бәсеңдетуі және эндогендік глюкокортикоидтардың өндірілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Адамдарда репродуктивтік функцияны глюкокортикоидтармен сәйкесінше зерттеулер жүргізілмегендіктен, бұл препараттарды бала емізетін аналарға тек, егер емдеудің пайдасы бала үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана тағайындау керек.

Сүттегі стероид концентрациясы қан сарысуындағы концентрациясының 5-тен 25%-ына дейін құрауы мүмкін және бұл екі көрсеткіш, пероральді қабылдағаннан кейін шамамен бір-біріне параллель.

Кортикостероидтардың лактация кезіндегі әсерінен кейін неонатальді уыттылығы туралы хабарламалар анықталмады, алайда, егер анасына преднизолон күніне >40 мг дозада тағайындалса, жаңа туған баланы бүйрекүсті бездері функциясының бәсеңдеуіне қатысты бақылау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Преднизолон таблеткаларының автомобиль басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері бағаланбады. Преднизолонның аталған қабілеттерге ықпал етуі мүмкіндігіне ешқандай дәлел жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Кортикостероидтармен емдеген кезде емдеу жөніндегі келесі нұсқауларды ескеру керек:

- кортикостероидтар қабынуға қарсы әсеріне байланысты, паллиативті симптоматикалық дәрі болып табылады, олар ешқашан аурудың өзін емдемейді

- тиісінше дербес дозасы сынамалар және қателер әдісімен анықталуы және аурудың белсенділігіне байланысты жүйелі түрде қайта бағаланып отыруы тиіс

- кортикостероидтармен емдеу ұзақтығының арттырылуына және дозасының арттырылуына қарай, мүгедектікке шалдықтыратын жағымсыз әсерлердің жиілігі арта түседі.

Әдетте, бастапқы дозасын күтілген реакция байқалғанға дейін демеп отыру немесе түзету керек. Дозасын талапқа сай клиникалық жауап сақталатын ең төмен дозасына қол жеткізілгенге дейін біртіндеп төмендету керек. Ең аз тиімді дозасын пайдалану да жағымсыз әсерлерін азайтуы мүмкін.

Пациенттердің келесі топтарында тіпті 3 аптаға немесе одан азға созылған курстан кейін де жүйелі кортикостероидтармен емдеуді біртіндеп тоқтатуды қарастыру керек:

• Жүйелі кортикостероидтарды қайталап қолдану курсынан өткен пациенттер, әсіресе, егер олар 3 аптадан артық қабылданса

• Ұзақмерзімді (айлар немесе жылдар) емді тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қысқа курс тағайындалса

• Бүйрекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігіне экзогендік кортикостероидтық емнен өзге себептер болуы мүмкін пациенттер

• Жүйелі кортикостероидтарды күніне 40 мг преднизолоннан (немесе баламасынан) артық дозаларда қабылдап жүрген пациенттер

• Пациенттер дозасын кешкілік қайталап қабылдайды.

Ұзақ емдеген кезде стресс кезеңдерінде немесе ауру өршігенде дозасын уақытша арттыру қажет болуы мүмкін.

Преднизолонға канағаттанарлық клиникалық жауап болмаған жағдайда, препаратты біртіндеп тоқтату және пациентті баламалы емге ауыстыру керек.

Дозалану режимі

Ересектер, соның ішінде егде жастағы пациенттер

Жағымсыз әсерлерін азайту үшін, өте аз уақыт кезеңі бойына ең төмен тиімді дозасын пайдалану керек.

Бастапқы дозасы:

Бастапқы дозасы бірнеше қабылдауға бөлініп, бір реттік дозасы түрінде таңертең таңғы астан кейін немесе күнара екі есе доза түрінде тәулігіне 5 мг-ден 60 мг дейін ауытқып отыруы мүмкін. Дозасы емделуі тиіс ауруға тәуелді. Дозасын көбінесе, бірнеше күн ішінде азайтуға болады, бірақ бірнеше апта немесе ай бойы жалғастыру қажет болуы мүмкін.

Демеуші дозасы

Күніне 2,5-тен 15 мг дейін, бірақ және жоғарырақ дозалары да қажет болуы мүмкін. Күніне 7,5 мг артық қабылдағанда жағымсыз кушингоид әсерлері болуы ықтималырақ.

Нақты көрсетілімдер үшін дозасы

Үзік-үзік дозалау режимі: преднизолонның бір реттік дозасы күнара таңертең немесе ұзағырақ аралықтармен кейбір пациенттер үшін қолайлы терапия болып табылады. Осы режим қолайлы болған кезде гипофиз-бүйрек үсті безінің супрессиясының дәрежесін өте аз шамаға дейін азайтуға болады.

Дозалау жөніндегі ерекше нұсқаулар

Кортикостероидтарға сезімтал кейбір аурулар үшін келесі нұсқаулар танысу сипатына ие. Жедел немесе ауыр ауру кезінде жоғары дозаларымен, ең төменгі тиімді демеуші дозасына дейін шұғыл төмендетумен бастапқы ем қажет болуы мүмкін. Дозасының төмендетілуі ұзақ емдегенде күніне 5-7,5 мг-ден аспауы тиіс.

Аллергиялық және тері аурулары: әдетте, күніне 5-15 мг бастапқы дозалары жеткілікті.

Коллагеноз: күніне 20-30 мг бастапқы дозалары тиімді. Ауырырақ симптомдары бар адамдарға жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін.

Ревматоидтық артрит: әдеттегі бастапқы дозасы күніне 10-15 мг құрайды. Ұсынылатын ең аз, симптомдардың аздап жеңілдеуімен үйлесімді тәуліктік демеуші дозасы.

Қан тарапынан бұзылулар және лимфома: көбінесе бастапқы тәуліктік 15-60 мг дозасы қажет, талапқа сай клиникалық немесе гематологиялық жауаптан кейін доза азайтылады. Жедел лейкоз кезінде ремиссиясын индукциялау үшін жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Нақты бір дозасының тиісінше үлесін пайдалануға болатын болса да, дозасы әдетте, ересектердегі сияқты клиникалық жауапқа байланысты анықталады. Преднизолонды тек ерекше көрсетілімдер бойынша ғана, өте төмен дозада және барынша қысқарақ уақыт ішінде пайдалану керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерді, әсіесе, ұзақ уақыт бойы емдеуді, кортикостероидтардың егде жастағылардағы жалпылама жағымсыз әсерлерінің күрделірек салдарларын ескере отырып жоспарлау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі

Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Глюкокортикоидтардың артық дозалануынан кейінгі жедел уыттылық және/немесе өлім туралы хабарламалар сирек. Арнайы антидоты жоқ; демеуші және симптоматикалық ем жүргізіледі. Сарысудағы электролиттерді бақылау қажет.

Кортикостероидтардың ұзақ уақыт пайдаланудан туындаған жоғары жүйелі дозалары, жүйке-психика бұзылыстары (психоз, депрессия және елестеулер), жүрек аритмиялары және Кушинг синдромы сияқты жағымсыз әсерлермен байланысты болды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болатыны жөніндегі нұсқау

Жүйелі кортикостероидтарды 3 аптадан артық уақыт бойы физиологиялық дозасынан (шамамен 7,5 мг преднизолон) артық дозада қабылдаған пациенттерде, күрт тоқтатылмауы тиіс. Дозасын төмендету тәсілі, көбінесе, жүйелі кортикостероидтардың дозасын төмендеткенде аурудың қайталану ықтималдығына тәуелді. Тоқтату кезінде аурудың белсенділігін клиникалық тұрғыдан бағалау қажет болуы мүмкін. Егер жүйелі кортикостероидтарды тоқтатқанда аурудың қайталану ықтималдығы аз болса, бірақ гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі (ГГБ) жүйесінің бәсеңдеуіне қатысты күдік болса, кортикостероидтардың дозасын физиологиялық дозаларға дейін жылдам төмендетуге болады. 7,5 мг преднизолонға баламалы тәуліктік дозасына жеткеннен кейін, гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің қалпына келуіне мүмкіндік беру үшін, дозасы баяуырақ төмендетілуі тиіс.

Егер аурудың қайталану ықтималдығы аз деп есептелсе, 3 аптаға дейін созылған, жүйелі кортикостероидтармен емнің күрт тоқтатылуы орынды болады. Күніне 40 мг дейінгі дозадағы преднизолонды немесе оның баламасын 3 апта бойы қабылдауды күрт тоқтату пациенттердің көпшілігінде HPA осінің клиникалық тұрғыдан елеулі бәсеңдеуіне алып келуі екіталай.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.

Артық дозалану

Глюкокортикоидтардың артық дозалануынан кейінгі жедел уыттылық және/немесе өлім туралы хабарламалар сирек. Арнайы антидоты жоқ; демеуші және симптоматикалық ем жүргізіледі. Сарысудағы электролиттерді бақылау қажет.

Кортикостероидтардың ұзақ уақыт пайдаланудан туындаған жоғары жүйелі дозалары, жүйке-психика бұзылыстары (психоз, депрессия және елестеулер), жүрек аритмиялары және Кушинг синдромы сияқты жағымсыз әсерлермен байланысты болды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болатыны жөніндегі нұсқау

Жүйелі кортикостероидтарды 3 аптадан артық уақыт бойы физиологиялық дозасынан (шамамен 7,5 мг преднизолон) артық дозада қабылдаған пациенттерде, күрт тоқтатылмауы тиіс. Дозасын төмендету тәсілі, көбінесе, жүйелі кортикостероидтардың дозасын төмендеткенде аурудың қайталану ықтималдығына тәуелді. Тоқтату кезінде аурудың белсенділігін клиникалық тұрғыдан бағалау қажет болуы мүмкін. Егер жүйелі кортикостероидтарды тоқтатқанда аурудың қайталану ықтималдығы аз болса, бірақ гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі (ГГБ) жүйесінің бәсеңдеуіне қатысты күдік болса, кортикостероидтардың дозасын физиологиялық дозаларға дейін жылдам төмендетуге болады. 7,5 мг преднизолонға баламалы тәуліктік дозасына жеткеннен кейін, гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің қалпына келуіне мүмкіндік беру үшін, дозасы баяуырақ төмендетілуі тиіс.

Егер аурудың қайталану ықтималдығы аз деп есептелсе, 3 аптаға дейін созылған, жүйелі кортикостероидтармен емнің күрт тоқтатылуы орынды болады. Күніне 40 мг дейінгі дозадағы преднизолонды немесе оның баламасын 3 апта бойы қабылдауды күрт тоқтату пациенттердің көпшілігінде HPA осінің клиникалық тұрғыдан елеулі бәсеңдеуіне алып келуі екіталай.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Алюминий фольга мен поливинилдихлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 10 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПреднизолон таблеткалары 5 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube