daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Прозерин Ампулалары 0,5 Мг/мл 1 Мл №10 | ОАО «Новосибхимфарм»

Қоймада жоқ
Уральске қаласындағы Прозерин Ампулалары 0,5 Мг/мл 1 Мл №10 | ОАО «Новосибхимфарм»
Сипаттама:

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Өндіруші:

ОАО «Новосибхимфарм»

Өндіруші ел:

Россия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссіз мөлдір сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

0,5 мг/мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді, 0,5 мг/мл, 1 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- миастения

- ми жарақатынан кейінгі қимыл-қозғалыстың бұзылуы

- салданулар

- менингитпен,  полиомиелитпен, энцефалитпен ауырғаннан кейінгі қалпына келу кезеңі

- невриттер

- асқазан-ішек жолы мен қуықтың атониясының алдын алу және емдеу

- толғақтың әлсіздігі (сирек).

- бұлшықет әлсіздігінде және тыныс тарылғанда деполяризацияламайтын миорелаксанттарды қолданып анестезиялағаннан кейін антидот ретінде.

Балалар тәжірибесінде gravis миастениясында ғана қолданады.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- гиперкинездер

- жүректің ишемиялық ауруы

- брадикардия, аритмия, стенокардия

- бронх демікпесі

- айқын атеросклероз

- гипертиреоз

- асқазанның және  он екі елі ішектің  ойық жаралы ауруы

- перитонит

- асқазан-ішек жолының және несеп шығару жолдарының механикалық бітелуі

- деполяризациялаушы миорелаксанттармен бір мезгілде қолдану

- қуықасты безінің гиперплазиясы

- жүктілік, лактация кезеңі.

Жедел инфекциялық аурулар кезінде, күрт әлсіреген балалардағы улануда  препаратты қолдануға болмайды.

Өзара әрекеттесуі

Неостигмин метилсульфаты деполяризацияламайтын миорелаксанттардың антагонисі болып табылады, бұзылған жүйке-бұлшықет өткізгіштігін қалпына келтіреді. Сондықтан, егер деполяризацияламайтын миорелаксанттармен анестезия аяқталған соң бұлшықет әлсіздігі және тыныс алудың бәсеңдеуі сақталса,  неостигмин метилсульфатын миорелаксанттардың осы тобына (атракурий безилаты, рокуроний бромиді, тубокурарин хлориді т.б.) антидот ретінде қолданады.

Неостигмин метилсульфаты және деполяризациялаушы бұлшықет  релаксанттары (суксаметоний йодиді және басқалар) фармакологиялық тұрғыда үйлеспейді, себебі тікелей өзара әрекеттескенде суксаметоний йодидінің әсері күшейеді.

М-холиноблокаторлар (атропин, гоматропин гидробромиді, платифиллин және басқалар), ганглиоблокаторлар (пахикарпин гидройодиді), хинидин, новокаинамид, жергілікті анестетиктер неостигмин метилсульфатының фармакологиялық антагонистері болып табылады.

Үшциклдік антидепрессанттардың, эпилепсияға қарсы және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің арасында салыстырмалы антагонизм бар.

Цианокобаламин үлкен дозаларда неостигмин метилсульфатының әсерін әлсіретеді.

Неостигмин метилсульфатының пиридоксинмен өзара әрекеттесуінде соңғысының белсенділігі төмендейді.

Холинэстеразаның тежегіштері стрихнинмен бірлескенде кезбе жүйкенің тонусын біршама жоғарылатады; іш жүргізетіндермен – олардың әсерін күшейтеді; аритмияға қарсы препараттармен (β-адреноблокаторлармен) синергистер болып табылады (брадикардияның күшеюі).

Эфедрин неостигмин метилсульфатының әсерін көтермелейді, сондықтан миастениялық криздерде оны неостигмин метилсульфатымен бірге енгізеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Енгізу тәсілі.

Тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне.

Ересектерге прозеринді әдетте тері астына  0,5 мг-ден (1 мл ерітінді) күніне 1-2 реттен тағайындайды, бір реттік ең жоғары дозасы – 2 мг, тәуліктік – 6 мг.

Ересектерде миастениялық криз дамыған кезде препаратты вена ішіне (натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісімен) - 0,25-0,5 мг
(0,5-1 мл ерітінді) енгізеді, содан кейін тері астына әдеттегі дозаларда аздаған уақыт аралығымен енгізеді.

Миастенияны емдеуді ұзақ уақыт жүргізіледі.

Басқа ауруларда емдеу курсы 25-30 күнге созылады, қажет болса емдеу курсын 3-4 апталық үзілістен кейін қайталайды.

Толғақ шақыру үшін прозеринді тері астына 0,5 мг-ден
(1 мл ерітінді) 1-2 рет арасына 1 сағаттан салып енгізуге болады, алғашқы инъекциямен  бір мезгілде тері астына бір рет 1 мг (1 мл 0,1 % ерітінді) атропинді енгізеді.

Препаратты қолданған кезде деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсерін тоқтату үшін алдын ала вена ішіне 0,5-0,7 мг дозамен  (0,5-0,7 мл 0,1 % ерітінді) атропин енгізеді, тамыр соғысының жиілеуін күтіп, 1,5-2 минуттан кейін вена ішіне 1,5 мг препаратты (3 мл ерітінді 0,5 мг/мл) енгізеді. Егер бұл дозаның әсері жеткіліксіз болып шықса, препараттың осындай дозасын қайталап енгізеді (брадикардия пайда болғанда атропиннің қосымша инъекциясын жасайды). Барлығы 5-6 мг (10-12 мл ерітінді) препаратты 20-30 минут ішінде енгізуге болады.

Операциядан кейінгі ішек, қуық атониясында: профилактика үшін, оның ішінде операциядан кейінгі несеп іркілісінде – тері астына немесе бұлшықет ішіне 0,25 мг-ден (0,5 мл ерітінді) Прозеринді, операциядан кейін мүмкіндігінше ертерек және әр 3 күн бойы 4-6 сағат сайын қайталау; несеп іркілісін емдеу – Прозеринді тері астына немесе бұлшықет ішіне 0,5 мг (1 мл ерітінді); егер 1 сағ. ішінде диурез қалпына келмесе, катетерлеу жүргізеді және қуық босағаннан кейін әр 3 сағ. сайын енгізеді, барлығы 5 инъекция.

Пациенттердің ерекше топтары.

Балалар

Балаларға тек қана gravis миастениясы кезінде (стационар жағдайында ғана!) тері астына немесе бұлшықет ішіне өмірінің 1 жылына күніне 0,05 мг-ден
(0,1 мл 0,5 мг/мл ерітінді), бірақ бір инъекцияға 3,75 мг-ден (0,75 мл 0,5 мг/мл ерітінді) көп емес.

Әдетте балаларға препаратты тәулігіне бір рет тағайындайды, алайда, қажет болғанда тәуліктік дозаны екі-үш ретке бөліп енгізуге болады.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдану үшін ұсынылған. Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын - дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: гиперсаливация, қатты терлеу, іштің ауыруы, іш өту, тыныс алудың қиындауы, брадикардия, цианоз, миоз, қаңқа бұлшықеттерінің тартуы, бұлшықет әлсіздігі.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу атропинді (1 мл 0,1 % ерітінді тері астына) немесе басқа холиноблокатор енгізу керек. Прозеринмен ауыр улану жағдайларында, атропин сульфатын 10 минут аралықтармен 3 ретке дейін (ауыздың құрғауы пайда болғанша) енгізеді. Құрысулар туындаған кезде тиопентал натрийін дәрігердің бақылауымен вена ішіне енгізу.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Өткізіп алған дәрілік заттың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге шағымданыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз.

Шығарылу түрі

1 мл-ден бейтарап шыны ампулада.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 15°С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

1 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыпрозерин ампулалары 0,5 мг/мл 1 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube