daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Реактивті Капсулалар 6 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО

Уральске қаласындағы Реактивті Капсулалар 6 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Ақ түсті мөлдір емес корпусы және ақ түсті мөлдір емес қақпағы бар, өлшемі №4, қара түсті «GR 1.5» деген жазуы бар қатты желатинді капсулалар.  Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе сарғыш-ақ түсті ұнтақтар қоспасы (1,5 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Карипразин

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Великобритания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: желатинделген крахмал (жүгері), магний стеараты; қатты желатинді капсуланың құрамы қақпағы: титанның қостотығы (Е171), желатин; корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин; қара түсті сия құрамы: темірдің қара тотығы (Е172), шеллак, этанол (сусыз), тазартылған су, пропиленгликоль, изопропанол, бутанол, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, калий гидроксиді.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ересек пациенттерде шизофренияны емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдау;

CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа индукторларын бір мезгілде қабылдау.

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың карипразинге ықпал ету қабілеті

Карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттері дезметилкарипразиннің және дидезметилкарипразиннің метаболизмі көбіне CYP3A4 изоферменті және аз дәрежеде CYP2D6 изоферменті арқылы жүреді.

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері

Кетоконазолды, CYP3A4 изоферментінің күшті тежегішін карипразинмен бір мезгілде қысқа мерзімді (4 күн) қолданғанда қан плазмасында карипразиннің (карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің) жалпы экспозициясының, тек байланыспаған заттар немесе байланыспаған және байланысқан компоненттерінің жиынтығы екендігі есепке алынған-алынбағанына қарамай, екі есе артуын туындатты.  

Карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылатындықтан, бір мезгілде ұзағырақ қолданғанда қан плазмасында карипразиннің жалпы экспозициясының әрі қарай жоғарылайтынын күтуге болады. Сондықтан карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа тежегіштерімен (мысалы, боцепревир, кларитромицин, кобицистат, индинавир, кетоконазол, итраконазол, нефазодон, нелфинавир, позаконазол, ритонавир, саквинавир, телапревир, телитромицин, вориконазол, дилтиазем, эритромицин, флуконазол, верапамил) бір мезгілде қолдануға болмайды. Грейфрут шырынын қолдануға жол бермеген жөн.

CYP3A4 изоферментінің индукторлары

Карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа индукторларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында карипразиннің жалпы экспозициясының айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін, демек, карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа индукторларымен (например, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum), бозентан, эфавиренз, этравирин, модафинил, нафциллин) бір мезгілде қабылдауға болмайды.

CYP2D6 изоферментінің тежегіштері

CYP2D6 изоферменті арқылы жүретін метаболизмдік жол карипразиннің биотрансформациясында қосалқы рөл атқарады; метаболизмі, негізінен, CYP3A4 изоферментімен жүзеге асырылады. Демек, карипразиннің биотрансформациясына CYP2D6 изоферменті тежегіштерінің клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізуі екіталай.

Карипразиннің басқа дәрілік заттарға ықпал ету қабілеті  

Р-гликопротеин (P-gp) субстраттары

Теориялық ең жоғары концентрациядағы карипразиннің ішекте P-gp тежеу қабілетінің клиникалық маңызы толық анықталған жоқ. Дегенмен, емдік ауқымы тар дабигатран жән дигоксин сияқты P-gp субстраттарын қолдану қосымша бақылауды және дозаны түзетуді қажет етуі мүмкін.

Гормондық контрацептивтер

28 күн ішінде тәулігіне 6 мг дозада карипразинді қолдану пероральді контрацептивтердің (этинилэстрадиол және левоноргестрел) фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер еткен жоқ.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Орталық жүйке жүйесіне карипразиннің негізгі әсерін ескере отырып, Реагила препаратын орталықтық әсері бар басқа дәрілік препараттармен және алкогольмен бірге қолданғанда сақтық танытқан жөн. 

Арнайы нұсқаулар

Суицидтік ойлар мен мінез-құлық

Суицидтілік (суицидтік ойлар, суицидтік әрекеттер және жасалған суицид) психоз аясында болуы мүмкін және әдетте емдеуді бастағаннан кейін бірден немесе психозға қарсы басқа препараттармен емдеуден ауысқаннан кейін байқалады. Психозға қарсы препараттармен емделу барысында суицид қаупі жоғары пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Акатизия, мазасыздық

Акатизия және мазасыздық психозға қарсы препараттарды қолданғанда кездесетін жиі жағымсыз реакциялар болып табылады. Акатизия – ішкі мазасыздық сезімімен және үнемі қозғалыста болуды қажет етуімен, сондай-ақ түрегеліп тұрған немесе отырған кезде корпустың шайқалуымен, аяқты көтерумен, орнында тұрып жүруді имитациялаумен және отырған күйінде аяқты айқастыру-жазумен сипатталатын қимыл-қозғалыс бұзылысы. Карипразин акатизияны және мазасыздықты туындататын болғандықтан, оны акатизия симптомдары немесе оған бейімділігі байқалған пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Акатизия емнің бас кезінде дамиды. Демек, емдеудің алғашқы фазасы ішінде пациенттерге мұқият бақылау жүргізу маңызды. Профилактика дозаны біртіндеп арттыруды қамтиды; емдік шаралар карипразиннің дозасын аздап төмендетуді немесе ЭПС-ті басуға арналған препараттарды қолдануды қамтиды. Препарат дозасы пациенттің емдеуге жекелей жауабына және жағымдылығына байланысты түзетілуі мүмкін.

Кеш байқалатын дискинезия

Кеш байқалатын дискинезия – психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде туындауы мүмкін, өзіне потенциалды қайтымды, ырғақты, негізінен тілдің және беттің еріксіз қимылын қамтитын синдром. Карипразинді қабылдап жүрген пациентте кеш дискинезия белгілері және симптомдары пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтатудың мақсатқа сай болуын қарастыру керек.

Паркинсон ауруы

Паркинсон ауруы бар пациенттерге психозға қарсы дәрілік препараттарды қолданған кезде аялық аурулардың өршуін туындатуы және Паркинсон ауруы симптомдарының күшеюіне әкелуі мүмкін. Демек, карипразинді Паркинсон ауруы бар пациенттерге тағайындай отырып, дәрігер оның пайдасы мен қаупін мұқият таразылауы тиіс.

Көз симптомдары/катаракта

Көзбұршақтың өзгеруі/катаракта мен карипразинді қабылдау арасында себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Дегенмен, катарактамен потенциалды байланысты симптомдар дамыған пациенттерді офтальмологиялық тексеруге жіберу және содан соң емдеуді жалғастыру мүмкіндігіне баға беру қажет.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)

Психозға қарсы дәрілерді қолданғанда өмір үшін қауіпті симптомдар кешені – қатерлі нейролептикалық синдромның дамығаны байқалды. ҚНС-тің клиникалық көріністеріне гипертермия, бұлшықеттердің сіресуі, қан сарысуындағы креатинфосфокиназа белсенділігінің артуы, сананың бұзылысы және вегетативті жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (тамыр ырғағының жүйесіздігі, артериялық қысымның тұрақсыздығы, тахикардия, қатты терлеу және жүрек ырғағының бұзылулары) жатады. Қосымша көріністер миоглобинурияны (рабдомиолиз) және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін. Егер пациентте ҚНС белгілері және симптомдары немесе түсініксіз этиологиямен жоғары қызба байқалса, карипразинді қолдануды дереу тоқтату қажет.

Құрысулар және құрысу ұстамалары

Карипразинді анамнезінде құрысулары бар немесе құрысуға дайындық шегінің төмендеуімен қатар жүретін аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Деменциясы бар егде пациенттер

Деменциясы бар пациенттерге карипразинді қолдану зерттелген жоқ. Препаратты деменциясы бар егде жастағы пациенттерге, жалпы өлім-жітім қаупі жоғары болғандықтан, тағайындау ұсынылмайды.

Ми қанайналымының жедел бұзылу қаупі (МҚЖБ)

Карипразин цереброваскулярлық жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы мүмкін. Осы қауіптің жоғарылау механизмі анықталған жоқ. Психозға қарсы басқа препараттарды қолданғанда немесе пациенттердің басқа топтарында қауіптің артуын жоққа шығаруға болмайды.

Карипразинді инсульттің қауіп факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Жүрек және қантамырлар тарапынан бұзылулар

Артериялық қысымның өзгерулері

Карипразин ортостатикалық гипотензияны, сондай-ақ артериялық гипертензияны туындатуы мүмкін. Карипразинді артериялық қысымы өзгеруге бейім, жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Артериялық қысымды қадағалау қажет.

ЭКГ өзгерулері

Психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде QT аралығының ұзаруы туындауы мүмкін.

Карипразинді қабылдаған кезде күрделілік критерийлеріне жауап бермеген, QT аралығы ұзаруының небары бірнеше жағдайлары тіркелді. Сондықтан карипразинді жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге және отбасылық анамнезінде QT аралығының ұзаруы бар пациенттерге, сондай-ақ QT аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Веналық тромбоэмболия (ВТЭ)

Психозға қарсы препараттарды қолданған кезде веналық тромбоэмболия жағдайлары тіркелді. Психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде ВТЭ қаупінің жүре пайда болған факторлары жиі болатындықтан, карипразинмен емдеуді бастағанға дейін және емдеу кезінде ВТЭ-нің ықтимал қауіп факторларын анықтау және профилактикалық шаралар қабылдау қажет.

Гипергликемия және қант диабеті

Қант диабеті бар немесе қант дибеті дамуының қауіп факторлары бар (мысалы, семіздік, отбасылық анамнезінде диабеттің болуы) пациенттерде атипиялық антипсихотиктермен емдеуді бастағанда қан сарысуындағы глюкоза мөлшерін мұқият бақылау талап етіледі. Карипразинді қолданған кезде глюкоза концентрациясының өзгеруімен байланысты жағымсыз құбылыстар тіркелді.

Дене салмағының өзгеруі

Карипразинді қабылдаған кезде дене салмағының едәуір артуы байқалды. Пациенттер дене салмағын ұдайы бақылап отыруы керек.

Қосымша заттар

3 мг, 4,5 мг және 6 мг капсулалар, Реагила препаратының құрамында балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған жылтыр көк FCF (E133) бояғышы бар.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Карипразиннің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 1,5 мг құрайды. Әрі қарай қажет болса, дозаны тәулігіне 1,5 мг адыммен тәулігіне ең жоғары 6 мг дозаға дейін біртіндеп арттыруға болады.

Тиімді ең төмен дозаны клиникалық берілген бағалар негізінде емдеуді дәрігер белгілейді. Карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты дозаны өзгерту бірнеше апта ішінде қан плазмасындағы препараттың концентрациясына аздаған ықпалын тигізеді. Карипразинді қабылдауды бастағаннан кейін және дозаны әрбір өзгерткеннен кейін бірнеше апта ішінде жағымсыз реакцияларды және емдеуге пациенттің жауабын бақылау қажет.

Психозға қарсы басқа препараттардан карипразинге көшу

Психозға қарсы басқа препараттармен емдеуден карипразинмен емдеуге көшкен кезде карипразинді қабылдауды бір мезгілде бастағанда мұның алдындағы препараттың дозасын біртіндеп азайта отырып, біртіндеп айқаспалы титрлеуді жүргізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Карипразиннен психозға қарсы басқа препараттарға көшу 

Карипразинмен емдеуден психозға қарсы басқа препараттармен емдеуге көшкен кезде біртіндеп айқаспалы титрлеу қажет болмайды, карипразин қабылдауды бір мезгілде тоқтатқан кезде психозға қарсы жаңа препаратты ең төмен дозадан қабылдауды бастау қажет. Қан плазмасында карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің концентрациясы 1 аптадан кейін 50%-ға төмендейтіндігін ескерген жөн.

Өткізіп алған дозаны қабылдау

Егер пациент препараттың дозасын қабылдамаса, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер препараттың келесі дозасын қабылдау уақыты жақындаса, онда пациентке өткізіп алған дозаны қабылдамай, препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне сәйкес кезекті дозаны қабылдау керек. Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін еселенген дозаны қабылдауға болмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5–9 балл) пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10–15 балл) пациенттерде карипразиннің қауіпсіздігіне және тиімділігіне баға берілген жоқ. Карипразинді бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қолдану ұсынылмаған.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар (креатинин клиренсі (КК) ≥30 мл/мин және <89 мл/мин) пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (КК <30 мл/мин) пациенттерде карипразиннің қауіпсіздігіне және тиімділігіне баға берілген жоқ. Карипразинді бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қолдану ұсынылмаған.

Егде жастағы пациенттер

65 жастағы және одан үлкен пациенттерде, жасырақ пациенттермен салыстырғанда, емдеуге жауаптың айырмашылықтарын білу үшін карипразинді қолдану жөніндегі деректер жеткіліксіз. Егде жастағы пациенттерде дозаны таңдау үлкен сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Балалар

Карипразинді балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Реагила препараты, тамақ ішуге қарамай, тәулігіне бір рет белгілі бір уақытта ішке қабылданады.  

Карипразинді қабылдаған кезде алкоголь ішуден аулақ болу керек.

Артық дозалану

Бір пациентте байқамай жедел артық дозалану (күніне 48 мг) сипатталған. Пациент сол күні толық айықты. 

Симптомдары: ортостатикалық гипотензия және седативтік әсер.

Емі: тыныс алу жолдарының талапқа сай өткізгіштігін қамтамасыз ету, оксигенацияны және вентиляцияны демеу, сондай-ақ симптоматикалық ем жүргізу. Жүрек ырғағының ықтимал бұзылуларын анықтау үшін электрокардиограммаға үздіксіз бақылауды қоса, жүрек-қантамыр жүйесінің функциясына мониторинг жүргізуді дереу бастаған жөн. Ауыр экстрапирамидалық симптомдар дамыған кезде антихолинергиялық препараттарды тағайындау керек. Карипразин қан плазмасы ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысатын болғандықтан гемодиализ тиімді болмауы мүмкін. Пациент толық сауыққанша тиянақты медициналық бақылауда болуы тиіс. Карипразин үшін спецификалық антидот жоқ.

Жанама әсерлері

Карипразинді 1,5–6 мг дозаларда қолданғанда өте жиі кездескен жағымсыз дәрілік реакциялар (ЖДР) акатизия (19%) және паркинсонизм (17,5%) болды. Жағымсыз құбылыстардың көбісі ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болды.

Төменде шизофрения кезінде карипразинге жүргізілген зерттеулердің біріктірілген деректерінің негізінде берілген жағымсыз реакциялар дұрыс қолдану терминдері бойынша және туындау жиілігіне сәйкес берілген.

Шығарылу түрі

ПВХ/ПЭ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 капсуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 4 (1,5 мг және 3 мг дозалары үшін), немесе  4 (4,5 мг және 6 мг дозалары үшін) қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.   

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыреактивті капсулалар 6 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube