daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы № 20 Капсула Релаксилі | АО Киевский витаминный завод

Уральске қаласындағы № 20 Капсула Релаксилі | АО Киевский витаминный завод
Сипаттама:

Жасыл түсті корпусы және қақпақшасы бар қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішінде – дақтары бар ашық қоңырдан сұр-қоңыр түске дейінгі ұнтақ немесе пресстелген масса.

Өндіруші:

АО Киевский витаминный завод

Өндіруші ел:

Украина

Дәрілік түрі:

Қатты капсулалар

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Невроздар, келесі симптомдармен қатар жүретін:

- қатты қозу

- мазасыздық

- жүйкенің тозуы

- ұйқының бұзылысы.

Қарсы көрсеткіштер

- шүйгіншөпке, дәрілік серменеге, бұрыш жалбызына немесе дәрілік заттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- айқын артериялық гипотензия, бронх демікпесі

- депрессия немесе орталық жүйке жүйесі қызметінің бәсеңдеуімен қатар жүретін басқа жағдайлар

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер шектеулі. Дәрілік затты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. CYP 2D6, CYP 3A4/5, CYP 1A2 немесе CYP 2E1 көмегімен метаболизденетін белсенді заттармен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Дәрігердің кеңесінсіз синтетикалық тыныштандыратын дәрілік заттармен (бензодиазепиндермен) бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Бір уақытта қолданған кезде басқа тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілердің, спазмалитикалық, анальгетикалық, анксиолитикалық дәрілік заттардың, алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар немесе бұрын бауырдың күрделі ауруын басынан өткерген пациенттерге дәрілік затты сақтықпен қолданған жөн.

Гастроэзофагеальді рефлюксі (қыжыл) бар пациенттерге құрамында бұрыш жалбызы жапырақтары бар дәрілік заттарды қолданудан аулақ болған жөн, себебі бұл олардың жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Өт-тас ауруы немесе өт түтігінің және өт қабының басқа аурулары бар пациенттерге құрамында бұрыш жалбызы жапырақтары бар дәрілік заттарды ерекше сақтықпен тағайындаған жөн.

Дәрілік затты қолдану кезеңінде алкогольді ішімдіктерді тұтынудан тартынған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дәрілік затты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан Релаксилді бұл кезеңдерде қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік зат автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуї мүмкін, сондықтан оны қолдану кезеңінде жеке сезімталдықты анықтағанға дейін автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарудан тартыну ұсынылады.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге ақыл-ой жүктемесі кезінде, қозу күйінде немесе ашушаңдық кезінде тәулігіне 2 рет 2 капсуладан, ұйқының бұзылысы кезінде – ұйықтар алдында 1 сағат бұрын 2 капсуланы қолдану ұсынылады.

Енгізу әдісі және жолы

Капсулаларды тамақтануға қарамастан, су іше отырып, тұтастай жұтқан жөн.

Дәрілік затқа әсерінің біртіндеп білінуі тән.

Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі

Емдеудің оңтайлы әсеріне жету үшін препаратты кем дегенде 14 күн бойы қолдану ұсынылады.

Егер емдеу басталғаннан кейін 14 күннен соң жағдайдың жақсаруы байқалмаса, дәрігермен кеңесу қажет.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу мерзімі шектеусіз. Дәрілік затты тіпті ұзақ уақыт бойы қолданған кезде дағдылану байқалмайды. Емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромы жоқ.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Симптомдары. Шүйгіншөп тамырларының шамамен 20 г Релаксил дәрілік затының шамамен 42 капсуласына баламалы бір реттік дозасы шаршағыштық, абдоминальді түйілулер, кеуденің қысылу сезімі, бас айналуы, қолдың треморы, қарашықтың кеңеюі сияқты елеусіз симптомдарды туындатуы мүмкін. Бұл симптомдар 24 сағаттың ішінде пайда болады. Құрамында шүйгіншөп бар дәрілік заттармен артық дозалану кезінде бас ауыруы, ұйқышылдық, маужырау, жалпы әлсіздік, іштің ауыруы, жүрек айнуы, есту және көру өткірлігінің төмендеуі, брадикардия/тахикардия, зейін қоюдың төмендеуі, тыныштандыратын әсердің күшеюі пайда болуы мүмкін.

Дәрілік сермене және бұрыш жалбызы жапырақтарын тұтынған жағдайда артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.

Емі: емі симптоматикалық (асқазанды шаю, белсендендірілген көмірді қолдану).

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады№ 20 капсула Релаксилі дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube