Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат ересектерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолдануға арналған:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары;
- созылмалы бактериялық простатит;
- сібір ойық жарасы (жанасудан кейінгі профилактика және емдеу).
Төменде аталған инфекцияларда препаратты әдетте емдеуге ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді қолдану мақсатқа сай емес деп есептелсе ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит;
- созылмалы бронхитті қоса, өкпенің жедел созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) өршуі;
- ауруханадан тыс пневмония;
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары;
- асқынбаған цистит.
Ремедиа дәрілік препаратын, жағдайы жақсарған пациенттерде левофлоксацинмен бастапқы вена ішілік емдеуге толықтырғыш ретінде де қолдануға болады.
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану бойынша ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет.