daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Медовир Таблеткалары 800 Мг №35 | Medochemie Ltd.

Уральске қаласындағы Медовир Таблеткалары 800 Мг №35 | Medochemie Ltd.
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, қызғылт түсті, беткейі тегіс, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12.7 мм (400 мг доза үшін) таблеткалар. Капсула тәрізді пішінді, көгілдір түсті, "МС" нақышталған, бір жағында сызығы бар, өлшемі 17.5 x 8 мм (800 мг доза үшін) таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Ацикловир

Өндіруші:

Medochemie Ltd.

Өндіруші ел:

Кипр

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза спрейі - құрғақ, эритрозинді лак (Е127) (400 мг доза үшін), көк лак (индигокармин) (Е132) (800 мг доза үшін), микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, қызғылт түсті, беткейі тегіс, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12.7 мм (400 мг доза үшін) таблеткалар. Капсула тәрізді пішінді, көгілдір түсті, "МС" нақышталған, бір жағында сызығы бар, өлшемі 17.5 x 8 мм (800 мг доза үшін) таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

800 мг

Қаптамадағы саны:

35 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- бастапқы және қайталанатын гениталий герпесін қоса, қарапайым герпес вирусынан туындаған тері мен шырышты қабықтардың инфекцияларын емдеуде

- иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған қайталанатын инфекциялардың профилактикасында

- иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасында

- желшешек және белдемелі герпесті емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

- ацикловирге, валацикловирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар

- қалқанша безінің патологиясы бар пациенттерге

- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар

Өзара әрекеттесуі

Медовир препаратын қолданғанда клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер байқалмады.

Ацикловир белсенді өзекшелік секреция арқылы несеппен өзгермеген күйде шығарылады. Шығарылу жолы ұқсас барлық препараттар ацикловирдің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Пробенецид және циметидин ацикловирдің AUC («концентрация – уақыт» қисығының астындағы аудан) көрсеткішін арттырады және оның бүйрек клиренсін төмендетеді. Медовир препаратының жоғары дозаларын пероральді қабылдайтын пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін алуы тиіс.

Екі препаратты бір мезгілде қолданған кезде трансплантологияда қолданылатын ацикловир мен мофетил микофенолатының белсенді емес метаболиті, иммунодепрессант үшін AUC қан плазмасында ұлғайғаны байқалды. Алайда, дозаны түзету ацикловирдің емдік индексінің салдарынан талап етілмейді. Еркек жынысты бес пациентке жүргізілген эксперименттік зерттеу ацикловирмен біріктірілген ем қабылданатын теофиллиннің AUC толық, шамамен 50%-ға артуын көрсетеді. Ацикловирмен біріктірілген ем кезінде плазмадағы концентрацияларды өлшеу ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі басқа нефроуытты препараттармен бір мезгілде қолданғанда артады.

Жүргізілген клиникалық зерттеулер нәтижесінде алынған қол жетімді деректер ацикловирді қолдану қалыпты иммундық статусы бар пациенттерде желшешек ауруының қаупін азайтады деген қорытынды жасау үшін жеткіліксіз.

Арнайы ескертулер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде қолдану

Ацикловир бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны азайту керек. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі мүмкін, сондықтан пациенттердің осы тобы үшін дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер де, бүйрек функциясы бұзылған пациенттер де жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғары топта болады және мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс. Әдетте мұндай реакциялар препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болды. Айқын иммун тапшылығы бар пациенттерде ацикловирмен ұзақ немесе қайталап емдеу курстары ацикловирмен емдеуді жалғастыруға жауап бермеуі мүмкін ацикловирге сезімталдығы төмен вирус штаммдарының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жүктілік

Жүктілік кезінде әйелдерге Медовир препаратын тағайындағанда сақ болу керек. Жүктілік кезеңінде әйелдерде Медовир препаратымен емдеудің постмаркетингтік талдауы жалпы популяциямен салыстырғанда олардың балаларында туа біткен ақаулар санының артуын анықтамады.

Ацикловирді қолдану мүмкіндігін әлеуетті пайда ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қарастыру керек.

Лактация кезеңі және фертильділік

Ацикловирді тәулігіне 200 мг дозада 5 рет пероральді қабылдағаннан кейін, ацикловир емшек сүтінде плазмалық концентрациядан 0,6-4,1 құрайтын концентрацияларда анықталды. Емшек сүтінде мұндай концентрацияларда емшек еметін балалар тәулігіне 0,3 мг/кг дейінгі дозада ацикловирді ала алады. Осыны ескере отырып, бала емізетін әйелдерде ацикловирді қолданған кезде сақтық таныту ұсынылады.

Ацикловирдің әйелдердің фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу

Медовир препаратының ұсынылатын дозасы түнгі уақытты қоспағанда, әрбір 4 сағат сайын тәулігіне 5 рет 200 мг құрайды.

Айқын иммун тапшылық жағдайында (мысалы, сүйек кемігінің трансплантациясынан кейін) немесе ішекте сіңірілу бұзылған кезде Медовир препаратының дозасы тәулігіне 5 рет 400 мг дейін арттырылуы немесе вена ішіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Емдеуді инфекция туындағаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау қажет; қайталану кезінде препаратты продромальді кезеңнен-ақ немесе бөртпенің алғашқы элементтері пайда болғаннан бастап тағайындау ұсынылады.

Иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған қайталанатын инфекциялардың профилактикасы

Медовир препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет (әрбір 6 сағат сайын) 200 мг құрайды.

Көптеген пациенттерде тәулігіне 2 рет 400 мг-ден (әрбір 12 сағат сайын) емнің қолайлы сызбасы ыңғайлы болып келеді.

Бірқатар жағдайларда тәулігіне 3 рет (әрбір 8 сағат) немесе тәулігіне 2 рет (әрбір 12 сағат) 200 мг Медовир препаратының төмен дозалары тиімді болып табылады.

Кейбір пациенттерде 800 мг жиынтық тәуліктік дозасын қабылдағанда жедел инфекция болуы мүмкін.

Медовир препаратымен емдеуді ауру ағымында болуы мүмкін өзгерістерді анықтау үшін 6-12 айға кезең-кезеңмен үзген жөн.

Иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы

Медовирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет (әрбір 6 сағат сайын) 200 мг құрайды.

Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігінің трансплантациясынан кейін) немесе ішекте сіңірілу бұзылған кезде пероральді қолдануға арналған Медовир препаратының дозасы тәулігіне 4 рет 400 мг дейін арттырылуы немесе вена ішіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Емдеу курсының профилактикалық ұзақтығы инфекция қаупі бар кезеңнің ұзақтығымен анықталады.

Желшешек және белдемелі герпесті емдеу

Медовир препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг құрайды (түнгі уақытты қоспағанда, әрбір 4 сағат сайын). Емдеу курсы 7 күнді құрайды.

Айқын иммун тапшылығы бар пациенттерді (оның ішінде сүйек кемігін трансплантациялаған пациенттерді) немесе сіңірілуі бұзылған пациенттерді емдеу үшін вена ішіне енгізуді назарға алу ұсынылады.

Препаратты инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек тағайындау керек: бөртпе пайда болғаннан кейін белдемелі теміреткіні емдеуді ертерек бастаса, ол тиімдірек болады. Иммунитеті компетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің бірінші элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағыларда бүйрек жеткіліксіздігінің болу мүмкіндігін қарастыру қажет және дозаларды тиісті түзету керек (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде төмендегі дозалау жөніндегі бөлімді қараңыз).

Егде жастағы пациенттер Медовир препаратының жоғары дозаларын ішке қабылдағанда жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде пациентке ацикловирді тағайындаған кезде сақтық таныту қажет. Мұндай пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы тудыратын инфекцияларды емдеу және профилактика мақсатында ұсынылатын дозаларда Медовир препаратын пероральді қабылдау препараттың белгіленген қауіпсіз деңгейден асатын концентрацияға дейін жинақталуына әкеп соқпайды. Алайда, бүйрек жеткіліксіздігі айқын пациенттерде (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем) Медовир препаратының дозасын тәулігіне 2 рет (әрбір 12 сағат сайын) 200 мг-ге дейін төмендету ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде белдемелі теміреткіні емдеген кезде төмендегі ұсыныстарға сәйкес Медовир препаратының дозасын түзету керек:

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем): тәулігіне 2 рет 800 мг (4 таблетка) әрбір 12 сағат сайын;

- орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-25 мл/мин): тәулігіне 3 рет 800 мг (4 таблетка) әрбір 8 сағат сайын.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді қабылдауға арналған.

Препаратты 50 мл суға ерітуге немесе судың аздаған мөлшерімен бірге бүтіндей жұтуға болады. Ацикловирдің жоғары дозасын пероральді қабылдайтын пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішу керек.

Емдеу ұзақтығы

Әдетте емдеу курсы 5 күнді құрайды, бірақ алғашқы ауыр инфекциялар кезінде ұзартылуы мүмкін.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Ацикловир тек ішінара асқазан-ішек жолында абсорбцияланады.

Әдетте, ацикловирді 20 г дейінгі дозада кездейсоқ бір рет қабылдағанда уытты әсерлер тіркелмеген.

Симптомдары: Ұсынылғаннан артық дозаны бірнеше күн ішінде қайталап ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолы (жүрек айну, құсу) және жүйке жүйесі (бас ауруы және сананың шатасуы) тарапынан бұзылулар байқалды.

Кейде құрысулық ұстамалар, кома сияқты неврологиялық әсерлер байқалуы мүмкін.

Ацикловирді вена ішіне енгізудің артық дозалануы қан сарысуындағы креатинин деңгейінің, қандағы мочевина азотының және одан кейінгі бүйрек жеткіліксіздігінің жоғарылауына әкелді. Сананың шатасуы, елестеулер, қозу, вена ішіне енгізу кезінде артық дозаланумен байланысты құрысу және команы қоса, неврологиялық әсерлер сипатталған.

Емі: Уыттанудың ықтимал симптомдарын анықтау мақсатында пациенттерге мұқият медициналық бақылау қажет. Ацикловир организмнен гемодиализдің көмегімен шығарылады, сондықтан гемодиализ артық дозалануды емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

7 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМедовир таблеткалары 800 мг №35 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube