Қолдану көрсеткіштері
- бас сақинасы ұстамалары (ауралы немесе аурасыз) кезінде ересектердегі қатты бас ауыруында.
- бас сақинасы ұстамалары (ауралы немесе аурасыз) кезінде ересектердегі қатты бас ауыруында.
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- антидепрессанттармен (МАО тежегіштерімен) бір мезгілде қолдану немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін екі апта бойы қолдану
- бауыр аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі
- алдыңғы транзиторлы ишемиялық шабуыл немесе ми қан айналымының бұзылуы
- қан қысымының жоғарылауы
- жүрек қантамырлары жолының тарылуы, анамнездегі стенокардияны, миокард инфарктісін немесе диагностикаланған симптомсыз ишемияны қоса, ишемиялық жүрек ауруының белгілері мен симптомдары болуы, жүрек тамырларының түйілуіне (Принцметалл стенокардиясы) байланысты өздігінен болатын стенокардия
- шеткері тамырлар аурулары
- қастауыш алкалоидтары туындыларымен (эрготамин, метисергид) немесе әсер ету механизмі осыған ұқсас басқа да препараттармен бір мезгілде қолдану
- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, фенилкетонурия (фенилаланин амин қышқылы алмасуының бұзылуы)
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Егер Сіз кез келген басқа препараттарды қабылдап жүрсеңіз, жуықта қабылдаған болсаңыз немесе қабылдайтын болсаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге немесе фармацевтке бұл туралы хабарлаңыз.
Бас сақинасына қарсы препараттар (метисергидті қоса), сондай-ақ суматриптан, золмитриптан, наратриптан) жүрек қан тамырлары түйілуінің даму қаупін және қан қысымын арттыруы мүмкін.
Антидепрессанттар (моноаминоксидаза тежегіштері) да қан қысымын жоғарылатуы және жүрек қан тамырлары түйілуінің даму қаупін арттыруы мүмкін, сондықтан оларды Ритазум препаратымен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Егер Сіз ондай препараттарды қабылдай бастасаңыз немесе қабылдауды тоқтатсаңыз, Сізге Ритазум препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Бета-блокаторлар (пропранолол) Ритазум препаратының әсерін күшейтуі мүмкін.
Антидепрессанттар осы топтағы препараттарды бір мезгілде қолданғаннан кейін серотонинді синдромның (психикалық жай-күйдің өзгеруімен, вегетативті жүйке жүйесінің тұрақсыздығымен және психикалық жай-күйдің өзгеруін қоса, жүйке-бұлшықет бұзылуымен көрініс беретін организмнің өлімге әкелетін қауіпті реакциясы) дамуына ықпал етуі мүмкін.
Аспен бірге қабылдау
Ритазум препаратын аспен бірге қабылдау препарат әсерінің басталуын шамамен 1 сағатқа тежейді.
Дозалау режимі
18 жастан асқан ересектер: ұсынылатын доза 10 мг.
Қайта қолдану: екі дозаны қабылдау арасындағы аралық 2 сағаттан кем болмауы тиіс; 24 сағат ішінде 2 дозадан (10 мг-ден 2 таблетка) артық қабылдауға болмайды.
• Келесі 24 сағат ішінде қайталанатын бас ауыруында
Егер бас сақинасының бірінші ұстамасын басқаннан кейін бас ауыруы қайта білінсе, қайталанатын дозаны қабылдауға болады. Қолданған кезде көрсетілген шектеулерді қадағалау қажет.
Емдеуге жауап болмағанда
Бірінші дозаны қабылдауға жауап болмағанда дәл сол ұстаманы емдеу үшін препараттың екінші дозасын қабылдауға болмайды.
Кейбір пациенттерге Ритазум препаратының аз дозасын - 5 мг қабылдау ұсынылады, атап айтқанда:
• пропранолол қабылдайтын пациенттерге ризатриптан қабылдауды пропранолол қабылдаудан кейін кемінде 2 сағатқа шегеру қажет;
• бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл немесе орташа дәрежесіндегі пациенттерге;
• бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл немесе орташа дәрежесінде.
Айрықша топтағы пациенттер
Балалар: ризатриптанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған және Ритазум препаратын балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер: 65 жастан асқан пациенттерде ризатриптан қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Полиамид/алюминий/поливинилхлоридтен және алюминий/ полиэтилентерефталаттан жасалған жұлып алынатын екі қабатты пішінді ұяшықты қаптамада 2 немесе 6 таблеткадан.
1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.