Қолдану көрсеткіштері
Рофлузол ересектерде келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген:
- криптококкты менингит;
- кокцидиоидомикоз;
- инвазивті кандидоз;
- ауыз жұтқыншақтың, өңештің кандидозын, кандидурияны және терінің және шырышты қабықтың созылмалы кандидозын қоса алғанда, шырышты қабықтардың кандидозы;
- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозының (тіс протездерін тағумен байланысты) тіс гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған жағдайда;
- жергілікті емдеу қолайсыз болған кезде жіті немесе қайталанатын қынаптық кандидоз;
- жергілікті емдеу қолайсыз болған кезде кандидоздық баланит;
- жүйелі емге көрсетілім болған кезде табанның, тегіс терінің, бұттың дерматофитиясын, түрлі-түсті теміреткі мен терінің кандидоздық инфекцияларын қоса алғанда, дерматомикоздар;
- тырнақтың дерматомикозы (онихомикоз), басқа дәрілік заттарды тағайындау қолайсыз болған кезде.
Рофлузол ересектерде келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген:
- қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы;
- қайталану қаупі жоғары АИТВ бар пациенттерде ауыз жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы;
- қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан да көп эпизодтар));
- ұзақ нейтропениясы бар пациенттерде кандидоздық инфекциялар (химиялық терапияға ұшырайтын қатерлі гематологиялық аурулары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушалары транспланттаудан өткен пациенттер сияқты).
Емдеу өсірінді және өзге де зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін басталуы мүмкін. Нәтижелерді алғаннан кейін инфекцияға қарсы терапияны тиісті түрде түзету керек.
Зеңге қарсы заттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтардың ақпаратын ескеру қажет.