Қолдану көрсеткіштері
- ауыз қуысының шырышты қабығының этиологиясы әртүрлі қабыну аурулары және пародонт (афтозды стоматит, пародонтоз, ойық жаралы некроздық гингивостоматит).
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары
- алкоголизм
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препарат құрамында этил спирті болуына байланысты созылмалы бауыр жеткіліксіздігі және алкогольге тәуелділігі бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану ұсынылады.
Балаларда қолданылуы.
Дәрігердің тағайындауы бойынша 6 жастан бастап қолдануға болады