Қолдану көрсеткіштері
Сайзен® 8 мг «Клик.изи» мыналарды емдеуге көрсетілімді:
Балалар және жасөспірімдер:
- эндогендік өсу гормоны секрециясының жеткіліксіздігі немесе болмауы салдарынан балалардағы өсу кідірісі
- хромосомалық талдаумен расталған гонада дисгенезиясы (Шерешевский-Тернер синдромы) бар қыз балалардағы бой өспей қалу
- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) себеп болатын препубертатты кезеңдегі балалардағы өсу кідірісі
- өзінің гестациялық жасымен салыстырғанда салмағы төмен болып туған, туған кезде салмағы және/немесе бойы -2 СА (стандартты ауытқу) төмен, 4 жасында немесе одан кейін бойының қалпына келуі (соңғы жылы САИ өсу жылдамдығы <0) байқалмаған бойы аласа балалардағы өсу бұзылуында (ағымдағы САИ <-2,5 және ата-аналарының түзетілген САИ <-1).
Ересектер:
- динамикалық жүктемеде бір реттік сынақ жолымен анықталған өсу гормонының едәуір тапшылығы кезіндегі орын басу емі
Пациенттер келесі критерийлерде қанағаттанарлық болуы тиіс:
- аурудың балалар жасында басталуы:
өсу гормонының тапшылығы бала күнінде белгілі болған пациенттер орын басу емін бастар алдында өздеріндегі гормон тапшылығын растау үшін қайтадан сынақтан өтуі тиіс;
- аурудың ересек жаста басталуы:
пациенттерде гипоталамус және гипофиз аурулары салдарынан өсу гормоны тапшылығының болуы және кем дегенде тағы бір гормонның (пролактиннен басқа) тапшылығы байқалуы тиіс, оған қатысты талапқа сай орын басу емі өсу гормонымен алмастыру емін бастар алдында жүргізіледі.