Қолдану көрсеткіштері
Трансплантация
Тығыз ағзалар трансплантациясы
тығыз ағзаларды ауыстырып қондырғаннан кейін трансплантаттың қабылданбай ажырауының алдын алу
бұрын басқа иммуносупрессивті препараттар қабылдаған науқастарда трансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу
Сүйек кемігі трансплантациясы
сүйек кемігін және дің жасушаларын ауыстырып қондырғаннан кейін трансплантаттың қабылданбай ажырауын алдын алу
“қожайынға қарсы трансплантат” ауруының алдын алу және емдеу
Трансплантациялық емес көрсетілімдер
Эндогенді увеит
дәстүрлі емдеу әсер етпеген немесе ауыр жағымсыз әсерлер дамыған жағдайларда, көру қабілетіне қауіп төндіретін этиологиясы инфекциялық емес ортаңғы немесе артқы увеитті емдеу
торқабықты қамтитын қайталама қабыну ұстамаларымен Бехчет увеиті
Нефроздық синдром
ересектерде аздаған өзгерістермен нефропатия, ошақтық және сегменттік гломерулосклероз, жарғақшалы гломерулонефрит сияқты шумақтық патологиядан болатын стероидқа тәуелді және стероидқа төзімді нефроздық синдром
нефроздық синдромда ремиссияны индукциялау және демеу үшін
стероидтардан туындаған ремиссияны демеу үшін, бұл оларды тоқтатуға мүмкіндік береді
Ревматоидты артрит
белсенді ревматоидты артриттің ауыр түрлері
Псориаз
псориаздың ауыр түрлері, дәстүрлі ем тиімсіз немесе мүмкін болмаған кезде
Атопиялық дерматит
жүйелі ем қажет болған кезде атопиялық дерматиттің ауыр түрлері