Қолдану көрсеткіштері
Трансплантациялық көрсетілімдер
Тығыз ағзалар трансплантациясы
Тығыз ағзалар трансплантациясынан кейін транспланттың қабылданбай ажырауының алдын алу.
Бұрын басқа иммуносупрессиялық препараттар қабылдаған науқастарда трансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу.
Сүйек кемігі трансплантациясы
Аллогендік сүйек кемігі мен дің жасушалары трасплантациясынан кейін трансплантаттың қабылданбай ажырауының алдын алу.
«Қожайынға қарсы трансплантат» ауруының алдын алу және емдеу.
Трансплантациялық емес көрсетілімдер
Эндогенді увеит
Дәстүрлі емдеу әсер етпеген немесе ауыр жағымсыз әсерлер дамыған жағдайларда, көру қабілетіне қауіп төндіретін этиологиясы инфекциялық емес ортаңғы немесе артқы увеитті емдеу.
Неврологиялық ауру белгілері жоқ пациенттерде торқабықтың қайталанатын қабыну ұстамалары бар Бехчет увеитін емдеу.
Нефроздық синдром
Аздаған өзгерістермен нефропатия, ошақтық және сегменттік гломерулосклероз, жарғақшалы гломерулонефрит сияқты шумақтық патологиядан болатын стероидқа тәуелді және стероидқа төзімді нефроздық синдром.
Сандиммун Неоралды ремиссияны индукциялау және демеу үшін қолдануға болады. Сондай-ақ стероидтардан туындаған ремиссияны демеу үшін де қолдануға болады, бұл оларды тоқтатуға мүмкіндік береді.
Ревматоидты артрит
Белсенді ревматоидты артриттің ауыр түрлері.
Псориаз
Псориаздың ауыр түрлері, дәстүрлі ем тиімсіз немесе мүмкін болмаған кезде
Атопиялық дерматит
Сандиммун® Неорал® жүйелі ем қажет болған кезде, атопиялық дерматиттің ауыр түрлері бар пациенттерге арналған.