daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Сантабрим Көз Тамшылары 5 Мл | СЕНТИСС ФАРМА ПВТ.ЛТД

Уральске қаласындағы Сантабрим Көз Тамшылары 5 Мл | СЕНТИСС ФАРМА ПВТ.ЛТД
Сипаттама:

Түссізден жасыл реңді сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Бримонидин

Өндіруші:

СЕНТИСС ФАРМА ПВТ.ЛТД

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензододецин бромиді, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий хлориді, бор қышқылы, натрий бораты, калий хлориді, кальций хлориді дигидраты, магний хлориді гексагидраты, натрий гидроксиді, хлор сутек қышқылы, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссізден жасыл реңді сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

0.1%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір мл препараттың құрамында

белсенді зат: бримонидин тартраты 1,0 мг

қосымша заттар: бензододецин бромиді, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий хлориді, бор қышқылы, натрий бораты, калий хлориді, кальций хлориді дигидраты, магний хлориді гексагидраты, натрий гидроксиді, хлор сутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссізден жасыл реңді сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

Ашық бұрышты глаукома, офтальмогипертензияда (монотерапияда немесе КІҚ төмендететін басқа препараттармен біріктірілімде).

Қарсы көрсеткіштер

- бримонидинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;

- моноаминоксидаза тежегіштерімен немесе норадреналин босатып шығару арқылы әсер ететін басқа да антидепрессанттармен (мысалы, трициклдық антидепрессанттар және миансерин) бір мезгілде қолдану;

- 2 жасқа дейінгі балалар;

- емшек емізу кезеңі.

Сақтық шаралары

Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 40 мл/мин төмен), сондай-ақ бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану қажет.

Ортостатикалық гипотензиясы, жүрек жеткіліксіздігі және ми қан айналымының жеткіліксіздігі, депрессия, Рейно синдромы, облитерациялайтын тромбангииті бар пациенттерде бримонидин жүрек жеткіліксіздігінен туындаған аурулар ағымының ауырлығын күшейтуі мүмкін.

0,2% бримонидин клиникалық зерттеулерде қан қысымына және жүректің жиырылу жиілігіне ең аз әсер еткенімен, жүрек-қан тамырларының ауыр аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ ағымы тұрақсыз және бақыланбайтын қан тамырлары аурулары бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.

Өзара әрекеттесуі

Бримонидиннің дәрілік өзара әрекеттесуін зерделеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда оны бір мезгілде қолданған кезде орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілік заттардың (алкоголь, барбитураттар, апиын туындылары, седативтік препараттар, жалпы анестетиктер) әсерін күшейту мүмкіндігін ескеру керек. Бринексті моноаминоксидаза тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге және норадренергиялық беріліске әсер ететін антидепрессанттарды (мысалы, трициклдық антидепрессанттар және миансерин) қабылдайтын пациенттерге қолдануға болмайды.

АҚ-ды және жүрек жиырылуының жиілігін (ЖЖЖ) α-адреномиметиктер тобы препараттарының төмендетуге ықпалдылығын ескере отырып, бір мезгілде гипотензивті дәрілік препараттарды және жүрек гликозидтерін сақтықпен қолдану керек.

Арнайы сақтандырулар

Бримонидинге аллергиялық реакциялар пайда болған кезде емдеуді тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Баяулаған аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда көзішілік қысымның жоғарылауы мүмкін.

Офтальмологиялық дәрілердің көп дозалы құтыларын қолданған кезде пациенттердің бактериялық кератит жұқтырған жағдайлары туралы хабарланған, оларда көп жағдайда қатарлас мөлдір қабықтың ауруы немесе мөлдір қабықтың эпителийі зақымдануы мен конъюнктиваның қатарласуы болған.

Егер дұрыс қолданылмаса немесе егер құты-тамшылатқыштың ұштығы көзге немесе көздің айналасындағы құрылымдарға тиіп кетсе, офтальмологиялық препараттар көз инфекциясын тудыратын бактерияларды жұқтыруы мүмкін. Инфекция жұқтырған ерітіндіні қолдану кейін көру қабілетінің жоғалуына соқтыруы ықтимал көздің күрделі зақымдануына әкелуі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препарат 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға қарсы көрсетілімде.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүкті әйелдерде бримонидинді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жүктілік кезінде бримонидинді анасы үшін күтілетін пайда шаранаға болжамды қауіптен едәуір асып кеткен жағдайларда ғана, аса сақтықпен қолдану керек

Лактация

Препаратты қолдану кезінде емшек емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бримонидинді қолдану кейбір пациенттерде әлсіздік және ұйқышылдық көріністерімен қатар жүруі мүмкін. Егер пациенттің жұмысы қауіпті болуы ықтимал қызмет түрлерімен, автокөлік құралдарын жүргізумен байланысты болса, оған зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі мүмкін екендігі туралы алдын ала ескерту және қызметтің осы түрлерінен бас тартуды ұсыну қажет.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Жергілікті.

Зақымданған көздің конъюнктивалық қабына 1 тамшыдан енгізудің 8 сағат аралығымен тәулігіне 3 рет.

Препараттың жүйелік экспозициясын төмендету үшін тамызғаннан кейін бірден көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қапшығының аймағын (көз жасы нүктесін жауып) 1 минут басып тұру ұсынылады.

Бримонидинді КІҚ төмендету мақсатында басқа офтальмологиялық препараттармен бірге қолдануға болады. Екі немесе одан да көп препараттарды қолданған кезде инстилляциялар арасында 5 минуттық үзіліс жасау керек.

Артық дозалану

Жергілікті қолданғанда артық дозалануы

Препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалану симптомдары төменде көрсетілген жағымсыз реакциялармен ұсынылған.

Кездейсоқ жұтқан кезде артық дозалануы

Ересектерде артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар өте аз.

Симптомдары:

Бүгінгі күні артериялық қысымның (АҚ) төмендеуімен байланысты бір жағымсыз реакция тіркелді. Артериялық гипотензияның дамуымен кейіннен рикошеттік гипертензия анықталды.

Препаратты ішке кездейсоқ қабылдаған кезде мынадай симптомдар болуы мүмкін: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, ұйқышылдық, естен тану және есін жоғалту, АҚ төмендеуі, брадикардия, дене температурасының төмендеуі, тері жабындарының цианозы, апноэ, астения, құсу, құрысулар, аритмия, миоз.

Емі:

Артық дозалану симптомдары анықталған кезде симптоматикалық ем жүргізу, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылау қажет.

Балалар

Бримонидинмен артық дозалану симптомдары кішкентай жастағы балаларда кездейсоқ ішке қабылдаған кезде байқалды. Артық дозалану дамыған жағдайда демеуші және симптоматикалық ем қажет, сондай-ақ интубацияны қолдана отырып, қарқынды терапия қажет болуы мүмкін. Барлық хабарланған жағдайларда бримонидинмен артық дозалану симптомдарын толық тоқтату 6-24 сағат ішінде болды.

Шығарылу түрі

Алғашқы ашылуына бақылау сақинасы бар бұралып жабылатын қалпақшасымен тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыда 5 мл-ден.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулығымен картон қорапшада.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСантабрим көз тамшылары 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube