daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Селтавир Капсулалары 75 Мг №100 | Маcleods Pharmaceuticals Limited

Уральске қаласындағы Селтавир Капсулалары 75 Мг №100 | Маcleods Pharmaceuticals Limited
Сипаттама:

Корпусы ашық-сары түсті «М 53» жазбасы бар және «30 мг» деген жазбасы бар ашық-сары түсті қақпақшасы бар №4 өлшемді қатты желатинді капсулалар (30 мг доза үшін). Корпусы сұр түсті «М 54» жазбасы бар және «45 мг» деген жазбасы бар сұр түсті қақпақшасы бар №4 өлшемді қатты желатинді капсулалар (45 мг доза үшін). Корпусы сұр түсті «М 55» жазбасы бар және «75 мг» деген жазбасы бар ашық сары түсті қақпақшасы бар №2 өлшемді қатты желатинді капсулалар (75 мг доза үшін). Капсуланың ішіндегісі-ақ немесе ақшыл түсті түйіршіктер.

Халықаралық атауы:

Осельтамивир

Өндіруші:

Маcleods Pharmaceuticals Limited

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: желатинденген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон, тальк, натрий стеарил фумараты, капсула құрамы №4 (30 мг доза үшін) қақпақшасы: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин, корпусы: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, желатин капсула құрамы №4 (45 мг доза үшін) қақпақшасы: темірдің қара тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин, корпусы: темірдің қара тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, желатин капсула құрамы №2 (75 мг доза үшін) қақпақшасы: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин, корпусы: темірдің қара тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, желатин Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Корпусы ашық-сары түсті «М 53» жазбасы бар және «30 мг» деген жазбасы бар ашық-сары түсті қақпақшасы бар №4 өлшемді қатты желатинді капсулалар (30 мг доза үшін). Корпусы сұр түсті «М 54» жазбасы бар және «45 мг» деген жазбасы бар сұр түсті қақпақшасы бар №4 өлшемді қатты желатинді капсулалар (45 мг доза үшін). Корпусы сұр түсті «М 55» жазбасы бар және «75 мг» деген жазбасы бар ашық сары түсті қақпақшасы бар №2 өлшемді қатты желатинді капсулалар (75 мг доза үшін). Капсуланың ішіндегісі-ақ немесе ақшыл түсті түйіршіктер.

Белсенді заттың дозасы:

75 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

• тұмау симптомдары пайда болған кезде немесе тұрғындар арасында тұмау вирусы болса, күні жетіп туған жаңа туған нәрестелерді қоса, ересектер мен балалардағы тұмауды емдеу үшін.

• ересектер мен 1 жастан асқан балаларда тұмаумен ауырған адамдармен байланыста болған соң немесе егер тұмау вирусы тұрғындар арасында таралса, тұмаудың профилактикасы үшін.

• егер маусымдық тұмауға қарсы вакцинация жеткілікті қорғауды қамтамасыз етпесе, тұмаудың жаһандық індеті (тұмау пандемиясы) жағдайында, күні жетіп туған жаңа туған нәрестелерді қоса, ересектер мен балалар тұмауының профилактикасы үшін.

Қарсы көрсеткіштер

осельтамивирге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты қабылдау алдында дәрігерге кеңес алу үшін хабарласыңыз:

• басқа дәрілік заттарға аллергия болған жағдайда;

• бүйрекпен проблемалар болған жағдайда (бұл жағдайда дозаны түзету қажет болуы мүмкін);

• дереу ауруханаға жатқызуды талап ететін ауыр ауыру болған жағдайда;

• иммундық жүйе бұзылғанда;

• созылмалы кардиологиялық немесе респираторлық ауруларда.

Препаратпен емдеу кезінде дереу дәрігерге хабарлаңыз:

• мінез-құлқында немесе көңіл-күйінде (нейропсихиялық бұзылулар) өзгерістер пайда болған жағдайда, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде (бұл сирек, бірақ елеулі жағымсыз әсерлердің белгілері болуы мүмкін).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер сіз қабылдасаңыз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе рецептсіз алынған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз емдеуші дәрігерге хабарлаңыз. Келесі препараттарға бірге қолданғанда ерекше назар аударыңыз:

• хлорпропамид, метотрексат, фенилбутазон

• пробенецид

Арнайы ескертулер

Селтавир 30 мг, 45 мг, 75 мг капсулалары тұмауға қарсы вакцина емес. Селтавир тұмау вирусының таралуын емдеу және профилактикасы үшін қолданылады. Селтавир капсулалары тұмауға қарсы вакцинаның тиімділігіне әсер етпейді және емдеуші дәрігер вакцинамен бір мезгілде тағайындауы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Шала туған балаларға (<36 апта) ұсынылатын дозасын белгілеуге мүмкіндік беретін деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік немесе емшекпен емізу жағдайында, сондай-ақ жүктіліктің ықтималдығы немесе жоспарланған жүктілік кезінде осы препаратты қабылдау алдында дәрігерге кеңес алу үшін хабарласыңыз. Препаратты жүктілік немесе лактация кезінде, егер оны қолданудан болатын пайдасы шарана немесе емшек емізетін бала үшін ықтимал қаупінен асып кетсе және тұмау вирусының нақты штаммының қауіпсіздігін, патогендігін және жүкті әйелдің денсаулық жағдайын бағалау жүргізілген жағдайда ғана тағайындаған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Егер сіз қабылдасаңыз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе рецептсіз алынған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз емдеуші дәрігерге хабарлаңыз. Келесі препараттарға бірге қолданғанда ерекше назар аударыңыз:

• хлорпропамид, метотрексат, фенилбутазон

• пробенецид

Арнайы ескертулер

Селтавир 30 мг, 45 мг, 75 мг капсулалары тұмауға қарсы вакцина емес. Селтавир тұмау вирусының таралуын емдеу және профилактикасы үшін қолданылады. Селтавир капсулалары тұмауға қарсы вакцинаның тиімділігіне әсер етпейді және емдеуші дәрігер вакцинамен бір мезгілде тағайындауы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Шала туған балаларға (<36 апта) ұсынылатын дозасын белгілеуге мүмкіндік беретін деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік немесе емшекпен емізу жағдайында, сондай-ақ жүктіліктің ықтималдығы немесе жоспарланған жүктілік кезінде осы препаратты қабылдау алдында дәрігерге кеңес алу үшін хабарласыңыз. Препаратты жүктілік немесе лактация кезінде, егер оны қолданудан болатын пайдасы шарана немесе емшек емізетін бала үшін ықтимал қаупінен асып кетсе және тұмау вирусының нақты штаммының қауіпсіздігін, патогендігін және жүкті әйелдің денсаулық жағдайын бағалау жүргізілген жағдайда ғана тағайындаған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Селтавир капсулаларды дәрігердің нұсқауларына сәйкес қатаң түрде қабылдайды. Препаратты тұмау симптомдары пайда болғаннан кейін екі күн ішінде қабылдау керек.

Дозалау режимі

Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер

1 75 мг доза 30 мг капсуладан және 45 мг капсуладан тұруы мүмкін немесе дайындалған суспензия қолданылуы мүмкін.

Жанама әсерлері

Егер сіз осы белгілердің кез-келгенін байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Өте жиі

- жүректің айнуы, құсу

- бас ауруы

- жөтел, мұрынның бітелуі

Жиі

- бронхит, тұмау, тамақтың ауруы, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (мұрынның, тамақтың және қуыстың қабынуы), синусит, герпес вирусы

- конъюнктивит (қызару, көзден бөліндінің шығуы немесе ауыруы)

- құлақтың қабынуы және құлақтың басқа да аурулары

- бас айналу, қызба, шаршау, ұйқысыздық

- асқазанның ауыруы, асқазанның бұзылуы, іштің жоғарғы бөлігінде толып кету сезімі

- арқа мен аяқ-қолдың ауыруы (бұл жағымсыз әсерлері, негізінен, препараттың бірінші дозасынан кейін пайда болады және әдетте кейіннен тоқтатылады. Тамақпен препаратты қабылдау осындай жағымсыз әсерлердің жиілігін төмендетеді)

Жиі емес

- аллергиялық реакциялар (бет пен терінің ісінуі, экзема, дерматит, тері бөртпелері, есекжем),

- сананың өзгерген жай-күйі, құрысулар

- аритмия

- "бауыр" ферменттерінің деңгейін артуы

Сирек

- құрысу және сандырақ, оның ішінде сананың өзгерген деңгейі

- сананың шатасуы, аномальді мінез-құлық, қозу

- сандырақтау, елестеулер, ажитация, мазасыздық, түнгі қобалжулар (негізінен балалар мен жасөспірімдерде осындай жағымсыз әсерлердің дамуы туралы хабарланады. Олар жиі кенеттен және тез жоғалады. Өзін — өзі зақымдау жағдайлары тіркелген, кейбіреулері өліммен аяқталған. Осындай нейропсихиатриялық құбылыстар туралы сондай-ақ осельтамивирі бар капсулаларды қабылдамаған тұмау бар пациенттерде хабарланады. Пациенттердің, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият мониторинг жүргізу қажет)

- тромбоцитопения

- көздің көруінің бұзылуы

- бауыр аурулары (шұғыл гепатит, гепатит, бауыр функциясының бұзылуы мен сарғаю), тері мен көз ақуыздарының сарғаюы, нәжіс түсінің өзгеруі

- төмен қан қысымы мен тыныс алу проблемалары бар анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар

- ангионевроздық ісіну-терінің қатты ісінуінің кенеттен пайда болуы, негізінен бас пен мойын аймағында, оның ішінде тыныс алу қиын болатын көз бен тілдің ісінуі, мультиформалы эритема

- Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

- кейде өліммен аяқталатын, терінің және кейде тері асты шелмайының қатты қабынуы, басында қызбамен, тамақтың ауыруы және шаршау, күлдіреуіктің пайда болуы, терінің қабыршақтануына әкелетін тері бөртпелері, кейде үлкен учаскелерде, тыныс алудың мүмкін болатын қиындықтары және төмен қан қысымы бар ауыр аллергиялық реакция

- асқазан-ішектен қан кету, тоқ ішектен ұзақ қан кету

1 жасқа дейінгі емшектегі балалар

0-12 ай жастағы емшектегі балаларда тіркелген жағымсыз әсерлері үлкен жастағы (1 жастан асқан) балаларда осындайларға сәйкес келеді. Сонымен қатар, диарея және баздану жағдайлары туралы хабарланады.

Шығарылу түрі

ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан.

1, 3 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСелтавир капсулалары 75 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube