daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Уральске қаласындағы Сертофен Гелі 1,25% 60 Г | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Уральске қаласындағы Сертофен Гелі 1,25% 60 Г | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Мөлдір емес сұр-ақ түсті, біртекті, лаванда, жалбыз және спирт иісі бар гель.

Международное наименование:

Декскетопрофен

Производитель:

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Страна производитель:

Турция

Действующее вещество:

- анамнезінде декскетопрофен, кетопрофен, фенофибрат, тиапрофен қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қолданумен байланысты бронх демікпесінің симптомдары және аллергиялық ринит сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары - анамнездегі фотосенсибилизация реакциялары - анамнезінде декскетопрофен, кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, ультракүлгін сәулелердің блокаторын немесе парфюмерлік хош иістерді қолданумен байланысты тері аллергиялық реакциялары. Сертофен қолданудың барлық кезеңінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде пациенттер тікелей және жанама күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулеленудің (күн шамдары, солярийдің) әсерінен аулақ болу керек. Препаратты терінің зақымдалған немесе инфекция жұқтырған тері аумақтарына, шырышты қабықтарға, экзематозды немесе безеу зақымдануы бар тері аумақтарына, жыныс мүшелері аймағына, көз аймағына қолдануға болмайды. Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Тері реакциялары пайда болған кезде, оның ішінде құрамында октокрилен бар препараттармен бірге қолданған кезде Сертофенді қолдануды дереу тоқтату керек. Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі Сертофеннің басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі екіталай, өйткені жергілікті қолдану арқылы қол жеткізілетін қан сарысуындағы препараттың концентрациясы өте төмен. Арнайы ескертулер Фотосенсибилизация реакцияларының пайда болуын болдырмау үшін Сертофен қолданудың барлық кезеңінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде гель қолданылатын тері аймақтарын киіммен қорғау ұсынылады. Препаратты қолданғаннан кейін гельдің терінің басқа жерлеріне түсуіне жол бермеу үшін қолды мұқият жуу керек. Окклюзиялық таңғыштарды қолдануға және гель қолданылатын тері аймақтарына тар киім киюге болмайды. Күннен қорғайтын кремді, фенофибратты және химиялық құрылымында бензофенон бар басқа препараттарды бұрын қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдықтың айқаспалы реакциялары байқалуы мүмкін. Қосымша заттар Сертофен құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін лаванда майы бар. Сертофеннің құрамында 1 г гельде 160 мг спирт (этанол) бар. Спирт (этанол) зақымдалған теріге жағылған кезде ашыту сезімін тудыруы мүмкін. Жүктілік немесе лактация кезінде Жүктілік Жүктіліктің 20-шы аптасында немесе одан кейінгі мерзімде ҚҚСД сирек қолдану шаранада бүйректің ауыр бұзылуын, сондай-ақ олигоамнионның дамуын тудыруы мүмкін. Жүктіліктің 20-шы аптасында немесе одан кейінгі кезеңдерінде ҚҚСД қолданудан бас тарту ұсынылады. Егер ҚҚСД қолдану жүктіліктің 20-30 аптасы аралығында қажет болса, онда емді ең қысқа уақыт ішінде ең аз дозаларда жүргізілуі керек. ҚҚСД-ны 48 сағаттан астам қолдану кезеңі аясында қағанақ сулардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу керек. Лактация Емшек сүтімен декскетопрофеннің бөлінуі туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан бала емізу кезеңінде әйелдерде Сертофен қолдану ұсынылмайды. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Дозировка активного вещества:

1.25 %

Количество в упаковке:

1 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Ауыру синдромымен, қабынумен, жарақаттармен немесе дегенеративті процестермен байланысты буындардың, сіңірлердің, байламдардың және бұлшықеттердің зақымдануы.

Противопоказания

- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде декскетопрофен, кетопрофен, фенофибрат, тиапрофен қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қолданумен байланысты бронх демікпесінің симптомдары және аллергиялық ринит сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары

- анамнездегі фотосенсибилизация реакциялары

- анамнезінде декскетопрофен, кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, ультракүлгін сәулелердің блокаторын немесе парфюмерлік хош иістерді қолданумен байланысты тері аллергиялық реакциялары.

Сертофен қолданудың барлық кезеңінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде пациенттер тікелей және жанама күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулеленудің (күн шамдары, солярийдің) әсерінен аулақ болу керек.

Препаратты терінің зақымдалған немесе инфекция жұқтырған тері аумақтарына, шырышты қабықтарға, экзематозды немесе безеу зақымдануы бар тері аумақтарына, жыныс мүшелері аймағына, көз аймағына қолдануға болмайды.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Тері реакциялары пайда болған кезде, оның ішінде құрамында октокрилен бар препараттармен бірге қолданған кезде Сертофенді қолдануды дереу тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

Сертофеннің басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі екіталай, өйткені жергілікті қолдану арқылы қол жеткізілетін қан сарысуындағы препараттың концентрациясы өте төмен.

Арнайы ескертулер

Фотосенсибилизация реакцияларының пайда болуын болдырмау үшін Сертофен қолданудың барлық кезеңінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде гель қолданылатын тері аймақтарын киіммен қорғау ұсынылады.

Препаратты қолданғаннан кейін гельдің терінің басқа жерлеріне түсуіне жол бермеу үшін қолды мұқият жуу керек.

Окклюзиялық таңғыштарды қолдануға және гель қолданылатын тері аймақтарына тар киім киюге болмайды.

Күннен қорғайтын кремді, фенофибратты және химиялық құрылымында бензофенон бар басқа препараттарды бұрын қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдықтың айқаспалы реакциялары байқалуы мүмкін.

Қосымша заттар

Сертофен құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін лаванда майы бар.

Сертофеннің құрамында 1 г гельде 160 мг спирт (этанол) бар. Спирт (этанол) зақымдалған теріге жағылған кезде ашыту сезімін тудыруы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүктіліктің 20-шы аптасында немесе одан кейінгі мерзімде ҚҚСД сирек қолдану шаранада бүйректің ауыр бұзылуын, сондай-ақ олигоамнионның дамуын тудыруы мүмкін. Жүктіліктің 20-шы аптасында немесе одан кейінгі кезеңдерінде ҚҚСД қолданудан бас тарту ұсынылады.

Егер ҚҚСД қолдану жүктіліктің 20-30 аптасы аралығында қажет болса, онда емді ең қысқа уақыт ішінде ең аз дозаларда жүргізілуі керек. ҚҚСД-ны 48 сағаттан астам қолдану кезеңі аясында қағанақ сулардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу керек.

Лактация

Емшек сүтімен декскетопрофеннің бөлінуі туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан бала емізу кезеңінде әйелдерде Сертофен қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Сертофенді әдетте тәулігіне 2-3 рет қолдану ұсынылады. Қолдануға арналған гель мөлшері өңделетін беткей ауданына байланысты; тінге енуді жақсарту үшін гельді жеңіл ысқылау қозғалыстарымен жағу керек.

Гельдің жалпы тәуліктік дозасы 7,5 г аспауы керек, бұл шамамен 14 см гельге сәйкес келеді. Препаратпен үздіксіз емнің ұзақтығы 7 күннен аспауы керек.

Балалар

Балаларға арналған қолдану көрсеткіштері мен дозалары анықталмаған.

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат тек жергілікті қолдануға арналған.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жергілікті қолданған кезде препараттың артық дозалануы екіталай.

Егер сықпаның ішіндегісін кездейсоқ жұтып қойса, асқазанды шайып, симптоматикалық ем жүргізу керек.

Декскетопрофен организмнен диализ арқылы шығарылады.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.

Форма выпуска

60 г-ден полиэтилен қақпақтармен жабылған алюминий сықпаларда.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Вес

60 г

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаСертофен гелі 1,25% 60 г онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube