Қолдану көрсеткіштері
Сетимед препараты ересектерде, 6 жастан асқан балаларда және жасөспірімдерде:
- мұрынның шырышты қабығының аллергиялық қабынуын (ринит) симптоматикалық емдеу, оның ішінде тұрақты аллергиялық ринит
- созылмалы идиопатиялық есекжемді емдеу (терідегі қатты қышитын, тез өршитін, бозғылт-қызғылт күлдіреуіктер) үшін қолданылады.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- левоцетиризин дигидрохлоридіне, цетиризинге, гидроксизинге, пиперазиннің кез келген басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- диализ жүргізуді талап ететін бүйректің ауыр ауруы (терминалды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі - шумақтық фильтрацияның есептік жылдамдығы (ШФЕЖ) 15 мл/мин төмен)
- емшекпен емізу кезеңі
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp лактаза ферментінің жеткіліксіздігі және/немесе глюкоза-галактоза сіңуінің төмендеуі
- 6 жасқа дейінгі балалар (балалардың осы тобына арналған дәрілік препараттардың арнайы сұйық түрлері қолданылады).