daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Севпрам Таблеткалары 20 Мг №56 | MERKEZ Laboratory Pharmaceutical and Trade Co.

Уральске қаласындағы Севпрам Таблеткалары 20 Мг №56 | MERKEZ Laboratory Pharmaceutical and Trade Co.
Сипаттама:

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, сызығы бар ақ түсті таблеткалар (10 мг және 20 мг дозалар үшін)

Халықаралық атауы:

Эсциталопрам

Өндіруші:

MERKEZ Laboratory Pharmaceutical and Trade Co.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозы, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, полиоксил (40) стеараты, титанның қостотығы.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг, 20 мг

Қаптамадағы саны:

56 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ауқымды депрессиялық эпизодтарды емдеуде

- агорафобиясы бар немесе онсыз үрейлену бұзылыстарын емдеуде

- әлеуметтік үрейлену бұзылыстарын емдеуде (әлеуметтік фобия)

- жайылған үрейлену бұзылыстарын емдеуде

- обсессивті-компульсивті бұзылыстарды емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

- эсциталопрамға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- селективті емес қайтымсыз моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО тежегіштері) бір мезгілде қолдану, өйткені қозу, тремор, гипертермия және т. б. ретінде көрініс беретін серотонинді синдромның даму қаупі бар.

-селективті емес қайтымсыз МАО тежегіштерін (мысалы, моклобемидпен) немесе серотонинді синдромының даму қаупіне байланысты қайтымды селективті емес МАО тежегішін линезолидпен бір мезгілде қолдану

- QT аралығының ұзаруы бар пациенттерге немесе QT аралығының туа біткен ұзаруы бар пациенттерге

- QT аралығын ұзарту қауіп факторына ие дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Эсциталопрамды қоса алғанда, СКҚСТ (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері) емдік тобына жататын препараттарды қолданған кезде төменде келтірілген айрықша нұсқаулар мен сақтық шараларын ескерген жөн.

Балалар

Препаратты балаларға тағайындамаған жөн. Антидепрессанттарды қабылдаған балаларда суицидтік мінез-құлық (суицидтік әрекеттер мен суицидтік ойлар) және дұшпандық (озбырлық мінез-құлық, конфронтацияға және ашулануға бейімділік) жағдайлары кездесті. Егер клиникалық бағалау негізінде мұндай пациенттерге антидепрессанттарды тағайындау туралы шешім қабылданса, олар суицидтік симптомдарды анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс; балаларда препаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша өсуге, жыныстық жетілуге, когнитивті және мінез-құлық дамуына қатысты ұзақ мерзімді зерттеулердің деректері жоқ.

Парадоксальді мазасыздық

Үрейлі бұзылыстары бар кейбір пациенттерде антидепрессанттармен емдеудің басында мазасыздықтың жоғарылауы байқалуы мүмкін. Мұндай парадоксальді реакция әдетте емдеудің алғашқы екі аптасы ішінде өтеді. Анксиогендік әсердің пайда болу ықтималдығын төмендету үшін төмен бастапқы дозаларды пайдалану ұсынылады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Құрысу ұстамалары

Егер пациентте құрысу ұстамасы алғаш рет дамыған немесе ұстамалар жиілеген жағдайда (эпилепсия диагнозы анықталған пациенттерде) эсциталопрам қабылдауды тоқтату керек. Тұрақсыз эпилепсиясы бар пациенттерде СКҚСТ қолданудан аулақ болу керек, ал бақыланатын эпилепсиясы бар пациенттерде мұқият бақылауды қамтамасыз ету керек.

Мания

Эсциталопрамды анамнезінде манияға/гипоманияға шалдыққан пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Маниакальді жай-күйдің дамуы кезінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қант диабеті

Қант диабеті бар пациенттерде эсциталопраммен емдеу қандағы глюкоза деңгейін өзгерте алады (гипогликемия немесе гипергликемия). Инсулин және/немесе пероральді гипогликемиялық препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Суицид/суицидтік ойлар немесе клиникалық нашарлау

Депрессия суицидтік ойлардың пайда болу, өзіне дене жарақатын келтіру және суицид (суицидтік құбылыстар) қаупінің жоғарылауымен байланысты. Бұл қауіп айқын ремиссия басталғанға дейін сақталады. Жақсару емнің алғашқы бірнеше аптасында немесе одан да ұзақ уақыт бойы байқалмауы мүмкін болғандықтан, пациенттер олардың жай-күйі жақсарғанға дейін тұрақты бақылауда болуы тиіс. Сауығудың алғашқы кезеңдерінде суицид қаупі артуы мүмкін екені белгілі.

Емдеу үшін препарат тағайындалған басқа психикалық бұзылулар да суицид құбылыстарының пайда болу қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жағдайлар депрессиялық эпизодқа қатысты қатар жүретін патология болуы мүмкін. Басқа психикалық бұзылыстарына шалдыққан пациенттерді емдеу кезінде депрессиялық эпизоды бар пациенттерді емдеу сияқты сақтық шараларын сақтау керек.

Анамнезінде суицидтік мінез-құлқы бар пациенттер немесе емдеу басталғанға дейін суицидтік тақырыптарға елеулі деңгейінде ой жүгірткен пациенттер суицидтік ойлар немесе суицид әрекеттері қаупіне көбірек ұшырайды, сондықтан оларды емдеу кезінде мұқият бақылау жүргізілуі тиіс. Мұндай пациенттерді, атап айтқанда, суицид қаупі жоғары пациенттерді дәрі-дәрмекпен емдеу, әсіресе емдеудің ерте сатысында және дозаның өзгеруі кезінде мұқият бақылаумен қатар жүруі тиіс.

Пациенттерге (және пациенттерге күтім жасайтын адамдарға) клиникалық нашарлаудың, суицидтік мінез-құлықтың немесе ойлардың кез келген көріністерін, сондай-ақ мінез-құлқындағы ерекше өзгерістерді бақылау қажеттігі туралы ескертілуге және осы симптомдар пайда болған кезде дереу медициналық кеңестерге жүгінуге тиіс.

Акатизия/психомоторлы қозу

СКҚСТ /серотонин мен норепинефринді кері қармау тежегіштерін (СНКҚТ) қабылдау акатизияның дамуымен байланысты, ол субъективті жағымсыз немесе депрессиялық мазасыздықтың дамуымен және тұрақты қозғалыс қажеттілігімен сипатталады, көбінесе тыныш отыра немесе тұра алмауымен бірге жүреді. Акатизия көбінесе емдеудің алғашқы бірнеше апталарында көрінеді. Мұндай симптомдары бар пациенттерде дозаның жоғарылауы жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Гипонатриемия

Мүмкін, антидиурездік гормон (АДГ) секрециясының бұзылуымен байланысты гипонатриемия эсциталопрам қабылдау аясында сирек кездеседі және әдетте емдеу тоқтатылған кезде жоғалады. Эсциталопрамды гипонатриемияның даму қаупі тобына кіретін пациенттерге: егде жастағы адамдарға, бауыр циррозы бар және гипонатриемияны туындатуға қабілетті препараттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Қан құйылу

СКҚСТ қабылдаған кезде терілік қан құйылуның (экхимоз және пурпура) дамуы туралы хабарланды. СКҚСТ мен пероральді антикоагулянттарды, қанның ұюына әсер ететін препараттарды (мысалы, атипиялық антипсихотиктер мен фенотиазиндер, трициклді антидепрессанттардың көпшілігі, ацетилсалицил қышқылы және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттар (ҚҚСД), тиклопидин және дипиридамол) бір мезгілде қолданғанда, сондай-ақ анамнезінде қан кетуге бейім пациенттерде сақ болу керек.

Серотонинді кері қармау тежегіштері (SSRIs) / серотонин мен норепинефринді кері қармау тежегіштері (SNRIs) босанғаннан кейінгі қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Электрқұрысу терапиясы (ЭҚТ)

СКҚСТ және электрқұрысу терапиясы (ЭҚТ) бір мезгілде қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, эсциталопрам мен ЭҚТ бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек.

Серотонинді синдром

Эсциталопрам мен серотонинергиялық әсері бар препараттарды, мысалы, суматриптанды немесе басқа триптандарды, трамадолды және триптофанды бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу керек.

Сирек жағдайларда, СКҚСТ серотонинергиялық препараттармен бір уақытта қабылдаған кезде серотонинді синдромның дамуы туралы хабарланды. Ажитация, тремор, миоклонус және гипертермия сияқты симптомдардың біріктірілімі осы жағдайдың дамуын көрсетуі мүмкін. Серотонинді синдром дамыған жағдайда СКҚСТ және серотонинергиялық препараттарды қабылдауды дереу тоқтатып, симптоматикалық емді бастау керек.

Шілтер жапырақты шайқурай

Құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік шикізатынан алынған СКҚСТ мен препараттарды бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар жағдайларының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Емдеуді тоқтатқан кезде байқалатын симптомдар

Препаратты қабылдауды тоқтатқан кезде, әсіресе өткір, «тоқтату» синдромы жиі кездеседі. Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі клиникалық зерттеулерде жағымсыз құбылыстар эсциталопрам қабылдаған пациенттердің шамамен 25% және плацебо қабылдаған пациенттердің 15% байқалды.

«Тоқтату» синдромының даму қаупі емдеу ұзақтығы мен дозасын, сондай-ақ дозаның төмендеу жылдамдығын қоса алғанда, бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін. Көбінесе бас айналу, сезімталдықтың бұзылуы (оның ішінде парестезиялар және токтың өтуін сезінуді қоса), ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық пен шым-шытырық түс көруді қоса), ажитация немесе үрей, жүрек айнуы және/немесе құсу, тремор, сананың шатасуы, шамадан тыс терлеу, бас ауыруы, диарея, жүректің соғуы, эмоционалды тұрақсыздық, ашушаңдық, көрудің бұзылуы туралы айтылды. Әдетте, бұл әсерлер әлсіз немесе орташа білінеді, алайда кейбір пациенттерде олар анағұрлым ауыр түрінде көрініс беруі мүмкін.

Симптомдар әдетте препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін алғашқы бірнеше күн ішінде пайда болады, алайда препаратты қабылдауды өткізіп алған пациенттерде мұндай симптомдардың сирек жағдайлары туралы белгілі.

Көптеген жағдайларда симптомдар 2 апта ішінде тоқтатылады, дегенмен кейбір пациенттерде олар 2-3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.

Сондықтан емдеуді тоқтатқан кезде пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес бірнеше апта немесе ай бойы эсциталопрам дозасын біртіндеп төмендету ұсынылады («Дозалау режимі» бөлімінде «Емдеуді тоқтату» қараңыз).

Сексуалдық дисфункция

Жүректің ишемиялық ауруы

Қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге эсциталопрамды сақтықпен қабылдаған жөн.

QT аралығының ұзаруы

Эсциталопрам QT аралығының дозаға тәуелді ұзаруын тудырады.

Препаратты айқын брадикардиясы бар пациенттерде, жақында миокард инфарктісін бастан өткерген немесе декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады.

Гипокалиемия және гипомагниемия сияқты электролиттік теңгерімнің бұзылуы қатерлі аритмияның даму қаупін арттырады, сондықтан эсциталопрам қабылдағанға дейін түзету керек.

Компенсацияланған жүрек аурулары бар пациенттерде емдеу басталғанға дейін ЭКГ зерттеу жүргізу қажет.

Эсциталопрам қабылдау кезінде жүрек аритмиясының белгілері пайда болғанда емдеуді тоқтатып, ЭКГ жүргізу керек.

Жабық бұрышты глаукома

СКҚСТ, соның ішінде эсциталопрам, қарашықтың мөлшеріне әсер етуі мүмкін, бұл мидриазға әкеледі. Бұл мидриаздық әсер көз бұрышының тарылу әлеуетіне ие, әсіресе, бейім пациенттерде, көзішілік қысымның жоғарылауына және жабық бұрышты глаукоманың дамуына әкеледі. Сондықтан эсциталопрамды жабық бұрышты глаукомасы бар немесе анамнезінде глаукомасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында таблеткада 1 ммольден (23 мг) кем натрий бар, яғни оның құрамында натрий жоқ дерлік.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесу

Бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді

Қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштері

Эсциталопрамды селективті емес қайтымсыз МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды. Эсциталопрамды қабылдау қайтымсыз МАО тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 тәуліктен кейін басталуы мүмкін. Қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштерін қабылдауды эсциталопрам қабылдауды тоқтатқан соң кемінде 7 тәуліктен кейін бастауға болады.

Қайтымды селективті МАО-А тежегіштері (моклобемид)

Қайтымды селективті емес МАО тежегіші (линезолид)

Қайтымсыз селективті МАО-В тежегіші (селегилин)

Серотонинді синдромның даму қаупіне байланысты эсциталопрамды селегилинмен (МАО-В қайтымсыз тежегіші) бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу қажет. Селегилинді тәулігіне 10 мг дейінгі дозаларда рацемиялық циталопраммен бір мезгілде қолдану қауіпсіз болып табылады.

QT аралығының ұзаруы

Эсциталопрамды QT аралығын ұзартатын басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде фармакокинетикалық және фармакодинамикалық зерттеулер жүргізілмеген. Эсциталопрамның және осындай препараттардың аддитивті әсерін жоққа шығаруға болмайды. Осылайша, эсциталопрам мен QT аралығын ұзартатын келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды: IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, психозға қарсы препараттар (мысалы, фенотиазин туындылары, пимозид, галоперидол), трициклді антидепрессанттар, микробқа қарсы кейбір препараттар (мысалы, спарфлоксацин, моксифлоксацин, вена ішіне енгізілетін эритромицин, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, әсіресе галофантрин), кейбір антигистаминдік препараттар (астемизол, мизоластин).

Бір мезгілде сақтықпен қабылдау

Серотонинергиялық дәрілік препараттар

Серотонинергиялық дәрілік препараттармен (мысалы, трамадолмен, суматриптанмен және басқа триптандармен) бір мезгілде қолдану серотонинді синдромның дамуына әкелуі мүмкін.

Құрысу шегін төмендететін дәрілік препараттар

СКҚСТ құрысу шегін төмендетуі мүмкін. Эсциталопраммен құрысу шегін төмендететін басқа препараттарды (мысалы, антидепрессанттар (трициклді, СКҚСТ), психозға қарсы препараттар (фенотиазиндер, тиоксантендер және бутирофенондар), мефлохин, бупропион және трамадол) бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.

Литий, триптофан

СКҚСТ мен литийді немесе триптофанды бір мезгілде қолдану кезінде әсердің күшеюі жағдайлары хабарланды. Эсциталопрамды осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Шілтер жапырақты шайқурай

Құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік шикізатынан алынған СКҚСТ мен препараттарды бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар жағдайларының ұлғаюына әкелуі мүмкін («Арнайы нұсқаулар мен сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Қан құйылу

Эсциталопрамды пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда антикоагулянттық әсердің өзгеруі байқалуы мүмкін. Пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде эсциталопраммен емнің басында немесе соңында қанның ұюын мұқият бақылау қажет. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) бір мезгілде қабылдау қан кету қаупін арттыруы мүмкін («Айрықша нұсқаулар және сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Алкоголь
Эсциталопрам алкогольмен фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттеспейді. Алайда, басқа да психотроптық дәрілік заттар сияқты, эсциталопрам мен алкогольді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Гипокалиемияны/гипомагнемияны туындататын дәрілік препараттар

Гипокалиемияны/гипомагнемияны туындататын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет, өйткені бұл жағдайда қатерлі аритмияның даму қаупі артады («Айрықша нұсқаулар мен сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу

Басқа дәрілік заттардың эсциталопрамның фармакокинетикасына әсері

Эсциталопрам метаболизмі негізінен CYP2C19 изоферментінің қатысуымен жүзеге асырылады. Аз дәрежеде метаболизмге CYP3A4 және CYP2D6 изоферменттері қатысуы мүмкін. Негізгі метаболиттің - деметилденген эсциталопрамның метаболизмі ішінара СYP2D6 изоферментімен катализденеді.

Эсциталопрам мен омепразолды тәулігіне 30 мг бір мезгілде қолдану (CYP2C19 изоферментінің тежегіші) қан плазмасындағы эсциталопрам концентрациясының орташа (шамамен 50%) жоғарылауына әкеледі.

Эсциталопрам мен циметидинді тәулігіне екі рет 400 мг бір мезгілде қабылдау (изоэнзим тежегіші) қан плазмасындағы эсциталопрам концентрациясының жоғарылауына (шамамен 70% - ға) алып келеді. Демек, эсциталопрамды циметидинмен біріктіріп қабылдаған кезде сақ болу керек. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Осылайша, эсциталопрамды CYP2C19 изоферментінің тежегіштерімен (мысалы, омепразол, эзомепразол, флувоксамин, лансопразол, тиклопидин) немесе циметидинмен бір мезгілде сақтықпен қолданған жөн. Эсциталопрам мен жоғарыда көрсетілген препараттарды бағалау негізінде бір мезгілде қабылдаған кезде эсциталопрам дозасын азайту талап етілуі мүмкін.

Эсциталопрамның басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

Эсциталопрам CYP2D6 изоферментінің тежегіші болып табылады. Эсциталопрамды және осы изоферменттің көмегімен метаболизденетін және шағын емдік индексі бар дәрілік препараттарды, мысалы, флекаинидті, пропафенонды және метопрололды (жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданған жағдайда) немесе ОЖЖ-ға әсер ететін және негізінен CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттарды, мысалы, антидепрессанттарды (мысалы, дезипрамин, кломипрамин, нортриптилин) немесе психозға қарсы дәрілерді (мысалы, рисперидон, тиоридазин, галоперидол) бір мезгілде қолданған кезде сақ болу қажет. Мұндай жағдайларда дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Эсциталопрам мен дезипраминді немесе метопрололды бір мезгілде қолдану CYP2D6 изоферментінің осы екі субстратының қан плазмасындағы концентрациясының екі есе артуына әкеледі.

Эсциталопрам CYP2C19 изоферментін шамалы тежеуі мүмкін. Сондықтан эсциталопрам мен CYP2C19 изоферментімен метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Препаратты қабылдауды емдеуші дәрігермен кеңесусіз тоқтатуға болмайды!

Егер Сізде болса, емдеуші дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз:

- эпилепсия

- айқын бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин-нен төмен)

- айқын бауыр жеткіліксіздігі (дозаны мұқият таңдау ұсынылады)

- қант диабеті (инсулин және/немесе пероральді гипогликемиялық препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін)

- қандағы натрий деңгейінің төмендеуі

- гипокалиемия және/немесе гипомагниемия (электролиттік бұзылулар емдеу басталғанға дейін түзетілуі тиіс)

- қан кетуге бейімділік

- анамнездегі QT аралығының ұзаруы және torsade de pointes-ті қоса алғанда қарыншалық аритмия

- жүректің ишемиялық ауруы

- жүректе кінәраты бар немесе содан зардап шеккен немесе жақында жүрек ұстамасы болса

- тыныштық кезінде жүрек соғу жылдамдығы төмен және / немесе ұзақ, ауыр диарея мен құсу немесе диуретиктерді (суға арналған таблеткалар) қабылдау салдарынан тұз жоғалудан зардап шегуі мүмкін екенін білсеңіз

- жедел немесе тұрақты емес жүрек соғысы, естен тану, коллапс немесе тұрған кезде бас айналу, бұл жүрек ырғағының бұзылуын көрсетуі мүмкін

- айқын суицидтік мінез-құлық (емдеу басталғаннан кейін бірнеше аптадан соң жай-күйі жақсарғанға дейін пациенттерді мұқият бақылау талап етіледі)

- 65 жастан асқан егде жас (дозаны төмендету қажет)

- жүктілік, бала емізу кезеңі.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автомобильді немесе механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесу

Бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді

Қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштері

СКҚСТ-ні және селективті емес қайтымсыз МАО тежегіштерін бір мезгілде қабылдау кезінде, сондай-ақ СКҚСТ-ні емдеуді тоқтатқаннан кейін бірден МАО тежегіштерімен ем ала бастаған пациенттерде елеулі жағымсыз реакциялар туындағаны туралы хабарланды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Кейбір жағдайларда пациенттерде серотонинді синдром дамыды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).

Эсциталопрамды селективті емес қайтымсыз МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды. Эсциталопрамды қабылдау қайтымсыз МАО тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 тәуліктен кейін басталуы мүмкін. Қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштерін қабылдауды эсциталопрам қабылдауды тоқтатқан соң кемінде 7 тәуліктен кейін бастауға болады.

Қайтымды селективті МАО-А тежегіштері (моклобемид)

Серотонинді синдромның даму қаупіне байланысты эсциталопрамды МАО-А тежегішімен бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Егер препараттардың осындай біріктірілімін қабылдау қажет болса, ең аз ықтимал дозалардан бастау, сондай-ақ пациенттің жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады.

Қайтымды селективті емес МАО тежегіші (линезолид)

Антибиотик линезолид қайтымды селективті емес МАО тежегіші болып табылады, оны эсциталопрам қабылдайтын пациенттерге тағайындауға болмайды. Егер препараттардың мұндай біріктірілімін қабылдау қажет болса, ең аз ықтимал дозалардан бастау, сондай-ақ пациенттің жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Қайтымсыз селективті МАО-В тежегіші (селегилин)

Серотонинді синдромның даму қаупіне байланысты эсциталопрамды селегилинмен (МАО-В қайтымсыз тежегіші) бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу қажет. Селегилинді тәулігіне 10 мг дейінгі дозаларда рацемиялық циталопраммен бір мезгілде қолдану қауіпсіз болып табылады.

QT аралығының ұзаруы

Эсциталопрамды QT аралығын ұзартатын басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде фармакокинетикалық және фармакодинамикалық зерттеулер жүргізілмеген. Эсциталопрамның және осындай препараттардың аддитивті әсерін жоққа шығаруға болмайды. Осылайша, эсциталопрам мен QT аралығын ұзартатын келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды: IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, психозға қарсы препараттар (мысалы, фенотиазин туындылары, пимозид, галоперидол), трициклді антидепрессанттар, микробқа қарсы кейбір препараттар (мысалы, спарфлоксацин, моксифлоксацин, вена ішіне енгізілетін эритромицин, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, әсіресе галофантрин), кейбір антигистаминдік препараттар (астемизол, мизоластин).

Бір мезгілде сақтықпен қабылдау

Серотонинергиялық дәрілік препараттар

Серотонинергиялық дәрілік препараттармен (мысалы, трамадолмен, суматриптанмен және басқа триптандармен) бір мезгілде қолдану серотонинді синдромның дамуына әкелуі мүмкін.

Құрысу шегін төмендететін дәрілік препараттар

СКҚСТ құрысу шегін төмендетуі мүмкін. Эсциталопраммен құрысу шегін төмендететін басқа препараттарды (мысалы, антидепрессанттар (трициклді, СКҚСТ), психозға қарсы препараттар (фенотиазиндер, тиоксантендер және бутирофенондар), мефлохин, бупропион және трамадол) бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.

Литий, триптофан

СКҚСТ мен литийді немесе триптофанды бір мезгілде қолдану кезінде әсердің күшеюі жағдайлары хабарланды. Эсциталопрамды осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Шілтер жапырақты шайқурай

Құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік шикізатынан алынған СКҚСТ мен препараттарды бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар жағдайларының ұлғаюына әкелуі мүмкін («Арнайы нұсқаулар мен сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Қан құйылу

Эсциталопрамды пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда антикоагулянттық әсердің өзгеруі байқалуы мүмкін. Пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде эсциталопраммен емнің басында немесе соңында қанның ұюын мұқият бақылау қажет. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) бір мезгілде қабылдау қан кету қаупін арттыруы мүмкін («Айрықша нұсқаулар және сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Алкоголь
Эсциталопрам алкогольмен фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттеспейді. Алайда, басқа да психотроптық дәрілік заттар сияқты, эсциталопрам мен алкогольді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Гипокалиемияны/гипомагнемияны туындататын дәрілік препараттар

Гипокалиемияны/гипомагнемияны туындататын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет, өйткені бұл жағдайда қатерлі аритмияның даму қаупі артады («Айрықша нұсқаулар мен сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу

Басқа дәрілік заттардың эсциталопрамның фармакокинетикасына әсері

Эсциталопрам метаболизмі негізінен CYP2C19 изоферментінің қатысуымен жүзеге асырылады. Аз дәрежеде метаболизмге CYP3A4 және CYP2D6 изоферменттері қатысуы мүмкін. Негізгі метаболиттің - деметилденген эсциталопрамның метаболизмі ішінара СYP2D6 изоферментімен катализденеді.

Эсциталопрам мен омепразолды тәулігіне 30 мг бір мезгілде қолдану (CYP2C19 изоферментінің тежегіші) қан плазмасындағы эсциталопрам концентрациясының орташа (шамамен 50%) жоғарылауына әкеледі.

Эсциталопрам мен циметидинді тәулігіне екі рет 400 мг бір мезгілде қабылдау (изоэнзим тежегіші) қан плазмасындағы эсциталопрам концентрациясының жоғарылауына (шамамен 70% - ға) алып келеді. Демек, эсциталопрамды циметидинмен біріктіріп қабылдаған кезде сақ болу керек. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Осылайша, эсциталопрамды CYP2C19 изоферментінің тежегіштерімен (мысалы, омепразол, эзомепразол, флувоксамин, лансопразол, тиклопидин) немесе циметидинмен бір мезгілде сақтықпен қолданған жөн. Эсциталопрам мен жоғарыда көрсетілген препараттарды бағалау негізінде бір мезгілде қабылдаған кезде эсциталопрам дозасын азайту талап етілуі мүмкін.

Эсциталопрамның басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

Эсциталопрам CYP2D6 изоферментінің тежегіші болып табылады. Эсциталопрамды және осы изоферменттің көмегімен метаболизденетін және шағын емдік индексі бар дәрілік препараттарды, мысалы, флекаинидті, пропафенонды және метопрололды (жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданған жағдайда) немесе ОЖЖ-ға әсер ететін және негізінен CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттарды, мысалы, антидепрессанттарды (мысалы, дезипрамин, кломипрамин, нортриптилин) немесе психозға қарсы дәрілерді (мысалы, рисперидон, тиоридазин, галоперидол) бір мезгілде қолданған кезде сақ болу қажет. Мұндай жағдайларда дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Эсциталопрам мен дезипраминді немесе метопрололды бір мезгілде қолдану CYP2D6 изоферментінің осы екі субстратының қан плазмасындағы концентрациясының екі есе артуына әкеледі.

Эсциталопрам CYP2C19 изоферментін шамалы тежеуі мүмкін. Сондықтан эсциталопрам мен CYP2C19 изоферментімен метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Препаратты қабылдауды емдеуші дәрігермен кеңесусіз тоқтатуға болмайды!

Егер Сізде болса, емдеуші дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз:

- эпилепсия

- айқын бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин-нен төмен)

- айқын бауыр жеткіліксіздігі (дозаны мұқият таңдау ұсынылады)

- қант диабеті (инсулин және/немесе пероральді гипогликемиялық препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін)

- қандағы натрий деңгейінің төмендеуі

- гипокалиемия және/немесе гипомагниемия (электролиттік бұзылулар емдеу басталғанға дейін түзетілуі тиіс)

- қан кетуге бейімділік

- анамнездегі QT аралығының ұзаруы және torsade de pointes-ті қоса алғанда қарыншалық аритмия

- жүректің ишемиялық ауруы

- жүректе кінәраты бар немесе содан зардап шеккен немесе жақында жүрек ұстамасы болса

- тыныштық кезінде жүрек соғу жылдамдығы төмен және / немесе ұзақ, ауыр диарея мен құсу немесе диуретиктерді (суға арналған таблеткалар) қабылдау салдарынан тұз жоғалудан зардап шегуі мүмкін екенін білсеңіз

- жедел немесе тұрақты емес жүрек соғысы, естен тану, коллапс немесе тұрған кезде бас айналу, бұл жүрек ырғағының бұзылуын көрсетуі мүмкін

- айқын суицидтік мінез-құлық (емдеу басталғаннан кейін бірнеше аптадан соң жай-күйі жақсарғанға дейін пациенттерді мұқият бақылау талап етіледі)

- 65 жастан асқан егде жас (дозаны төмендету қажет)

- жүктілік, бала емізу кезеңі.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автомобильді немесе механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Шығарылу түрі

14 таблеткадан поливинилхлоридті / полиэтиленді / поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (№14), 2 (№28) және 4 (№56) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл (10 мг доза үшін), 2 жыл (20 мг доза үшін).

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСевпрам таблеткалары 20 мг №56 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube