Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат – тадалафил, 5 мг
қосымша заттар - лактоза моногидраты, лактоза моногидраты (құрғақ спрей), гидроксипропилцеллюлоза (өте ұсақ), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, микрокристалды целлюлоза (түйіршік 102), магний стеараты.
қабықтың құрамы: Микс сары бояғышы (Y-30-12863-A) (лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің (III) сары тотығы (Е172)).
жылтырату: тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бадам пішінді, сары түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «С 5» таңбасы бар таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.