daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Сомнол Таблеткалары 7,5 Мг №30 | Grindeks JSC

Уральске қаласындағы Сомнол Таблеткалары 7,5 Мг №30 | Grindeks JSC
Сипаттама:

Дөңгелек, бір жағы дөңес, екінші жағы – сызығы бар ойыс, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Зопиклон

Өндіруші:

Grindeks JSC

Өндіруші ел:

Латвия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, сусыз, картоп крахмалы, магний стеараты, натрий крахмалы гликолаты (А типі), кремнийдің қостотығы, қабықтың құрамы: Опадрай II ақ 33G28707 (гипромеллоза (40,000 %), титанның қостотығы (Е 171) (24,000 %), лактоза моногидраты (22,000 %), триацетин (6,000 %), макрогол 3000 (8,000 %)).

Белсенді заттың дозасы:

7,5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Сомнолды қолдану ересектерде мынадай ұйқының ауыр бұзылуын қысқа мерзімді емдеу үшін ғана ұсынылады:

- өтпелі ұйқысыздық

- мерзімді ұйқысыздық

Өзара әрекеттесуі

Седативті дәрілер

Көптеген дәрілер немесе заттар орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсерді күшейтіп, ояту деңгейінің төмендеуіне ықпал етуі мүмкін екенін ескеру қажет. Ояу жүру деңгейінің төмендеуі және назардың бұзылуы көлік жүргізу мен механизмдермен жұмыс істеуді қауіпті етуі мүмкін. Бұл дәрілік заттарға морфин туындылары (анальгетиктер, жөтелге қарсы және алмастыратын емге арналған дәрілер), антипсихотиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиндерден басқа анксиолитиктер (мысалы, мепробамат), ұйықтататын таблеткалар, седативті әсері бар антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамин), H 1 рецепторлары блокаторлар тобынан седативті антигистаминдік препараттар, орталық әсер ететін гипертензиялық дәрілер, баклофен және талидомид жатады.

Ұйықтататын дәрілер

Жиі тағайындалған ұйықтататын дәрілер бензодиазепиндер және бензодиазепинге ұқсас препараттар (золпидем, зопиклон), немесе H1 антигистаминдер болып табылады. ОЖЖ тежейтін басқа препараттарды тағайындау кезінде немесе алкогольді ішу кезінде седативті әсердің жоғарылауынан басқа, бензодиазепиндер үшін, әсіресе морфин, басқа бензодиазепиндер немесе фенобарбитал туындыларын қабылдау кезінде, әсіресе егде жастағы пациенттерде, тыныс алудың депрессиялық әсерін күшейту мүмкіндігін ескеру қажет.

Апиындар

Зопиклонды және бензодиазепиннің басқа туындыларын бір мезгілде қабылдау Апиындармен бірге ОЖЖ-ге қосымша бәсеңдететін әсерге байланысты седация, тыныс алу бәсеңдеуі, кома және өлім қаупін арттырады. Бұл жағдайларда дозаны, сондай-ақ бензодиазепиндер мен апиындарды бір мезгілде қолдану ұзақтығын азайту қажет.

Ұсынылмайтын өзара әрекеттесулер

+ Алкоголь

Бензодиазепиндердің және онымен байланысты препараттардың седативті әсері алкогольдің әсерінен күшейеді. Егер қырағылық төмендесе, автомобиль немесе жұмыс механизмдерін басқару қауіпті болуы мүмкін.

Пациенттер спирт сусындары мен құрамында алкоголь бар дәрілік заттарды қабылдаудан аулақ болу керек.

+ Натрий оксибаты (натрий оксибутираты)

Орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсердің жоғарылауы.

Ояу жүру деңгейінің төмендеуі көлік жүргізу мен механизмдермен жұмыс істеуді қауіпті етуі мүмкін.

Қолдану кезінде сақтық шараларын талап ететін біріктірілімдер

+ Рифампицин

Бауырдағы метаболизмнің күшеюі салдарынан плазмадағы концентрацияның төмендеуі және зопиклонның тиімділігі төмендеді. Клиникалық бақылау қажет. Басқа ұйықтататын дәрі тағайындау қажет болуы мүмкін.

Ескеру керек біріктірілімдер

+ Барбитураттар

Зопиклонды барбитураттармен бір мезгілде қолданғанда тыныс алудың бәсеңдеу қаупі артады, бұл артық дозалану жағдайында өлімге әкелуі мүмкін.

+ Басқа ұйықтататын дәрілер

Орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін күшейтеді.

+ Басқа седативті дәрілер

Орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін күшейтеді.

Зейін қоюдың бұзылуы көлік құралдарын басқаруды және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуді қауіпті етуі мүмкін.

+ Бупренорфин

Бупренорфинді пайдаланғанда орын басу емі ретінде ретінде тыныс алудың бәсеңдеу қаупі артады, бұл өлімге әкелуі мүмкін. Бұл біріктірілімнің пайдасы мен зиянының арақатынасын мұқият саралау керек. Тағайындалған дозаны қатаң сақтау керек.

+ Клозапин

Тыныс алуды және/немесе жүрек қызметін тоқтата отырып, жедел қантамырлары жеткіліксіздігінің жоғарылау қаупі.

+ Кларитромицин, эритромицин, телитромицин

Бірге қолданған кезде зопиклон седативті әсерінің шамалы күшеюі.

+ Кетоконазол, итраконазол, вориконазол, нелфинавир, ритонавир

Бірге қолданған кезде зопиклон седативті әсерінің шамалы күшеюі.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Когорттық зерттеулерден жиналған деректердің кең ауқымы жүктіліктің бірінші триместрінде бензодиазепиндерді қолдану салдарынан туа біткен ақаулардың пайда болуын дәлелдемейді. Алайда, жағдайды бақылау әдісімен жүргізілген нақты эпидемиологиялық зерттеулерде бензодиазепиндерді қабылдағаннан кейін ерін мен таңдайдың туа біткен жырығының пайда болуы байқалды. Осы мәліметтерге сәйкес, жаңа туған нәрестелерде туа біткен ерін мен таңдай жырығының пайда болу жиілігі жүктілік кезінде әйелдерге бензодиазепиндерді қолданғанда 2/1000-нан аз, ал жалпы популяцияда таңдай жырығының күтілетін жиілігі 1/1000 құрайды.

Жүктіліктің екінші және/немесе үшінші триместрінде бензодиазепиндерді қабылдау кезінде шарана қозғалысының төмендеуі және жүрек ырғағының өзгергіштігі жағдайлары тіркелді. Жүктіліктің соңында бензодиазепиндерді тіпті төмен дозаларда қолдану жаңа туған нәрестелерге әсер етумен байланысты, нәтижесінде жаңа туған нәрестелерде бұлшықет гипотензиясы және тамақтандыру қиындықтары, нәтижесінде салмақтың нашар артуы болды. Бұл симптомдар қайтымды болғанымен, олар тағайындалған бензодиазепиндердің жартылай шығарылу кезеңіне байланысты 1-ден 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Жоғары дозаларда жаңа туған нәрестелерде тыныс алудың бәсеңдеуі немесе апноэ және гипотермия болуы ықтимал. Сонымен қатар, әсер ету белгілері болмаса да, жаңа туған нәрестелерді тоқтату синдромы мүмкін. Бұл, атап айтқанда, босанғаннан кейін біраз уақыттан соң пайда болатын жаңа туған нәрестелердегі шамадан тыс қозу, ажитация және тремормен сипатталады. Басталу уақыты препараттың жартылай шығарылу уақытына байланысты және жартылай шығарылу кезеңі ұзақ болса маңызды болуы мүмкін.

Осы деректерге сүйене отырып, сақтық шаралары ретінде триместрге қарамастан жүктілік кезінде зопиклонды қолдану ұсынылмайды.

Зопиклонмен емделетін бала туу потенциалы бар әйелдер жүктілікке күмән туындаған кезде немесе емдеу қажеттілігін қайта қарау мақсатында оны жоспарлау кезінде емдеуші дәрігерге көріну қажеттілігі туралы хабардар болуы керек.

Егер жүктіліктің соңында зопиклонмен емдеудің абсолютті қажеттілігі туындаса, жоғары дозаларды тағайындаудан аулақ болу керек және жаңа туған нәрестені бақылау кезінде жоғарыда сипатталған әсерлерді ескеру қажет.

Бала емізу

Зопиклонды емізу кезінде қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Зопиклон көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Көлік құралдарын басқаратын және механизмдермен жұмыс істейтін пациенттерге, сондай-ақ басқа ұйықтататын дәрілер сияқты, зопиклон ұйқышылдық, кешіктірілген реакция, бас айналу, летаргия, бұлыңғыр немесе қосарланған көружәне байқампаздықтың төмендеуі, сондай-ақ көлік құралын басқару қабілетінің төмендеуі, зопиклонды қолданғаннан кейін 12 сағат ішінде тудыруы қаупін мүмкін екендігі туралы ескерту керек.

Жоғарыда аталған қауіпті барынша азайту үшін зопиклонды қабылдау мен көлік құралдарын басқару, механизмдермен жұмыс істеу немесе биіктік жұмыстарын жүргізу арасында ұзақтығы кемінде 12 сағат үзіліссіз демалыс кезеңі ұсынылады.

Көлік құралдарын басқару қабілетінің төмендеуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап қалу қаупі зопиклонды монотерапия ретінде және емдік дозада қабылдаған кезде мүмкін.

Алкогольмен немесе ОЖЖ-ны тежейтін басқа препараттармен бір мезгілде қабылдағанда зопиклон жағымсыз реакцияларының қаупі артады деген деректер бар. Сондықтан пациенттерге зопиклонды алкогольмен немесе басқа психотроптық заттармен бірге қабылдағанда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Шығарылу түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 7,5 мг.

10 таблеткадан поливинилиденхлоридті жабыны бар поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1, 2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСомнол таблеткалары 7,5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube