Қолдану көрсеткіштері
- шизофрениямен ауыратын пациенттерді емдеу үшін осы препараттардың жеткіліксіз тиімділігіне байланысты басқа психозға қарсы препараттармен тиісті емдеу курстарына қолайлы жауап жоқ.
- шизофрениямен ауыратын пациенттерді емдеу үшін осы препараттардың жеткіліксіз тиімділігіне байланысты басқа психозға қарсы препараттармен тиісті емдеу курстарына қолайлы жауап жоқ.
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы
жабықбұрышты глаукома
қуықасты бездерінің гиперплазиясы
бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі
паркинсонизм
миастения
Рейе синдромы
P450 2D6 цитохромы изоферментін тежейтін препараттармен бір мезгілде қолдану (мысалы, серотонинді кері қармау тежегіштері [флуоксетин және пароксетин сияқты], трициклді антидепрессанттар, β-блокаторлар)
P450 2D6 цитохромы изоферментінің туа біткен немесе жүре пайда болған тапшылығы
моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қолдану
жедел депрессиялық жағдай
комалық жағдайлар және ОЖЖ ауыр тежелуі
бас сүйек-ми жарақаттары
ми мен жұлынның үдемелі жалпы аурулары
анамнезіндегі гематологиялық бұзылулар (мысалы, сүйек кемігі функциясының тежелуі)
жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, QT аралығы ұзартылған синдромы, қарыншалық экстрасистолия, брадикардия, III дәрежелі SA немесе AB (атриовентрикулярлық) блокада
QT аралығын ұзарту мүмкіндігі белгілі препараттармен біріктірілім
тиоридазин метаболизмін бәсеңдететін препараттармен біріктірілім (мысалы: Флувоксамин, Пиндолол, Пропранолол)
ауыр фотосезімталдық немесе басқа фенотиазиндерге аса жоғары сезімталдық сияқты анамнезіндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары
гипокалиемия, гипомагниемия
айқын артериялық гипотензия
феохромоцитома
порфирия
қан аурулары (гипо-және аплазиялық анемиялар)
жүктілік және бала емізу кезеңі
6 жасқа дейінгі балалар
Сонапакс® тыныштандыратын дәрілер қатарынан басқа препараттармен, жалпы әсер ететін ауырсынуды басатын дәрілермен, барбитур қышқылы эфирлерімен, атропинмен, этанолмен және құрамында этанол бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда синергиялық әсер және орталық жүйке жүйесі депрессиясының (ОЖЖ) күшеюі байқалады.
Сонапакс® диабетке қарсы дәрілік препараттардың гепатоуытты әсерін арттырады. Амфетаминмен антагонист ретінде әрекет етеді. Леводопаның паркинсон ауруына қарсы әсерін азайтады.
Адреналинмен, эфедринмен бірге қолдану қан қысымының кенеттен және ұзақ уақытқа төмендеуіне әкелуі мүмкін. Гуанетидинмен бірге қолдану соңғысының гипотензиялық әсерін төмендетеді, бірақ ортостаздық гипотензияның қаупін арттыратын басқа гипертонияға қарсы дәрілік заттардың әсерін күшейтеді. Антикоагулянттардың әсерін жояды. Симпатомиметиктер тиоридазиннің аритмогендік әсерін арттырады. Пробукол, астамизол, цисаприд моногидраты, дизипирамид, эритромицин, пимозид, прокаинамид және хинидин (кардиодепрессивті әсерін күшейтеді) қарыншалық тахикардия қаупін арттыратын QT аралығын ұзартады. Антитиреоидты дәрілермен бірге қолданғанда агранулоцитоз қаупі артады. Сонапакс® апоморфиннің құсу әсерінің тиімділігін төмендетеді, оның ОЖЖ тежегіштік әсерін күшейтеді. Препарат плазмадағы пролактин концентрациясын арттырады және бромокриптиннің әсерін болдырмайды. Трициклді антидепрессанттармен, MAO тежегіштерімен, антигистаминдік дәрілік заттармен, мапротилинмен бір мезгілде қолдану олардың тыныштандыратын және антихолинергиялық әсерін ұзартуы және арттыруы мүмкін. Тиазидті диуретиктермен қолданған кезде гипонатриемия артады. Құрамында литий тұздары бар препараттармен бір мезгілде қолданған кезде олардың асқазан-ішек жолында сіңуі төмендейді, литий иондарының бүйрекпен бөлінуі және олардың уытты әсері артады, бұл экстрапирамидалық бұзылыстарды тудыруы мүмкін. Сонапакс® бета-блокаторлармен бір мезгілде пайдаланған кезде соңғысының гипотензиялық әсері артады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде және лактация кезінде Сонапакс® препаратын қолдануға болмайды.
Лактация кезінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшекпен емізуді тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Балаларда тек 6 жастан бастап қолданылады.
10 мг таблеткаларда лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы проблемалары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы керек.
10 мг және 25 мг таблеткаларда сахароза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраза - изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сонапакс® қозғалыс үйлесімділігін бұзады және әсіресе емнің басында реакцияны төмендетеді. Емдеу кезінде көлік құралдарын басқаруға, механизмдермен жұмыс істеуге болмайды. Аса назар аударуды және жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін потенциалды қауіпті қызмет түрлерінен бас тартқан жөн.
Дозалау режимі
Дозасы және қолдану ұзақтығы жеке реакцияға және аурудың ауырлығына бейімделуі керек. Психозға қарсы әсер кейде емдеудің бір-үш аптасынан кейін ғана өзінің жоғары деңгейіне жетеді, ал психомоторлы депрессиялық әсер бірден пайда болады. Емдеуді амбулаториялық терапия кезінде дозаны баяу арттырудан бастау ұсынылады. Стационарлық емдеу жағдайында тез әсер ету үшін жоғары дозалардан бастауға болады. Жағымсыз әсерлер қаупінің жоғарылауына байланысты дозаның күрт, үлкен өзгерістерінен аулақ болу керек.
Ұзақ мерзімді терапия кезінде препараттың дозасын ұзақ уақыт бойы өте аз қадамдармен азайту керек. Төменде келтірілген тәуліктік дозаларды бағдарлау мәндер ретінде пайдалануға болады. Доза жеке сипатта болуы керек, тәуліктік дозаны бірнеше бір реттік қабылдауға бөлуге болады.
Ересектерге 25 мг дозада:
Амбулаториялық жағдайда күніне 50-ден 200 мг-ге дейін, стационарлық бөлімшеде психозға қарсы нейролептик ретінде күніне 600 мг-ге дейін.
60 жастан асқан егде жастағы адамдар үшін:
Егде жастағы пациенттерде, әдетте, төмен дозаларда жеткілікті емдік әсерге қол жеткізуге болады
6 жастан бастап балаларға 10 мг доза тағайындалады
Сонапакс барлық емдік баламалар алынып тасталған жағдайда балаларда қолданылуы керек. Бұндай жағдайларда балалар үшін дене салмағының әр кг-на тиоридазин гидрохлоридінің 1-ден 2 мг-ге дейінгі жалпы тәуліктік дозасы ұсынылады
Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуында
Бауыр немесе бүйрек қфункциясы бұзылған пациенттерде дозаны азайту керек. Пайдалану ұзақтығына нақты шектеулер жоқ.
Ұзақ мерзімді терапияны тоқтату үшін бірнеше апта ішінде дозаны біртіндеп азайту қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Шайнамай.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: аллергиялық реакцияларды қоспағанда, сипатталған жағымсыз әсерлер көріністерінің артуы.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу ұсынылады.
Қабықпен қапталған таблеткалар
30 қабықпен қапталған таблеткадан (10 мг доза үшін) немесе 20 қабықпен қапталған таблеткадан (25 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға (блистерге) салынады.
2 (10 мг доза үшін) немесе 3 (25 мг доза үшін) пішінді қаптамадан (блистерден) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ жерде, 25o С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25o С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.