daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Стиварга Таблеткалары 40 Мг №84 | Bayer AG

Уральске қаласындағы Стиварга Таблеткалары 40 Мг №84 | Bayer AG
Сипаттама:

Сопақша пішінді, ақшыл-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «40» таңбасы және басқа жақ бетінде «BAYER» жазуы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Регорафениб

Өндіруші:

Bayer AG

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (жеңіл сусыз кремний қышқылы) үлбірлі қабықтың құрамы: Опадрай IIТМ 85G35294 қызғылт: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), лецитин (соя), макрогол (полиэтиленгликоль) 3350, поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, титанның қостотығы (Е 171). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Сопақша пішінді, ақшыл-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «40» таңбасы және басқа жақ бетінде «BAYER» жазуы бар таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

40 мг

Қаптамадағы саны:

84 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Монотерапия ретінде:

- метастаздық колоректальді обыры (КРО) бар, фторпиримидин негізінде химиотерапия, VEGF қарсы бағытталған ем, және EGFR қарсы бағытталған ем жүргізілген, немесе қолдану көрсетілмеген

- көрсетілген ем түрінің жақпаушылығында немесе иматиниб немесе сунитинибпен емдегенде аурудың өршуімен резектабельді емес немесе метастаздық гастроинтестинальді стромальді ісіктері (ГИСІ) бар

- бұрын сорафенибпен ем жүргізілген гепатоцеллюлярлық карциномасы бар (ГЦК) ересек пациенттерді емдеуге

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Өзара әрекеттесуі

CYP3A4 және UGT1A9 тежегіштері / CYP3A4 индукторлары

Регорафениб CYP3A4 цитохромы жүйесі ферменттерінің, сондай-ақ UGT1A9 уридиндифосфат-глюкуронозилтрансфераза көмегімен метаболизденеді.

Регорафенибтің бір реттік дозасында (5 күн 160 мг) кетоконазолды (18 күн бойы 400 мг), CYP3A4 күшті тежегішін енгізу регорафенибтің орташа экспозициясын (AUC) шамамен 33%-ға жоғарылауына, және әсер етуші M-2 (N-оксиді) және M-5 (N-оксиді және N-дезметилі) метаболиттерінің шамамен 90%-ға төмендеуіне әкелді. Әсер етуі күшті CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, кларитромицин, грейпфрут шырыны, итраконазол, кетоконазол, посаконазол, телитромицин және вориконазол) қатар қабылдауға болмайды, өйткені олардың тепе-теңдік жағдайда регорафенибтің және оның метаболиттерінің (M-2 және M-5) әсеріне ықпалын тигізуі зерттелген жоқ.

Регорафенибпен ем уақытында UGT1A9 күшті тежегіштерін (мысалы, мефенам қышқылы, дифлунисал және нифлум қышқылы) қатарлас қабылдаудан аулақ болу ұсынылады, өйткені регорафенибтің және оның метаболиттеріне тепе-теңдік күйдегі ықпалына олардың әсері зерттелмеген.

Рифампицинді (9 күн бойы 600 мг) енгізу, күшті CYP3A4 индукторын, регорафенибтің (7-ші күні 160 мг) бір реттік дозасымен бір рет енгізу регорафенибтің экспозициясының (AUC) шамамен 50%-ға қысқарылуын, әсер етуші M-5 метаболитінің орташа экспозициясының 3- 4 есе жоғарылауына, және әсер етуші M-2 метаболитінің экспозициясында ешқандай өзгерістердің болмауына әкелді. Басқа да CYP3A4 күшті индукторлары (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шілтерлі шайқурай) регорафенибтің метаболизмін күшейтуі мүмкін. Қан плазмасында регорафениб концентрациясының төмендеуі оның тиімділігінің төмендеуіне әкелетін болғандықтан, CYP3A4 күшті индукторлары қабылдамаған жөн немесе CYP3A4 көтермелейтін қабілетінсіз немесе қабілеті ең төмен болатын қатар қолданылатын баламалы дәрілік затты қарастыру қажет.

UGT1A1 және UGT1A9 субстраттары

In vivo тұрақты жағдайда болғанда жететін концентрацияларда M-5 тек UGT1A1-ді ғана тежейді, регорафениб, сондай-ақ оның белсенді M-2 метаболиті UGT1A1 және UGT1A9 уридиндифосфат-глюкуронозилтрансфераза арқылы глюкуронидацияны тежейді.

Иринотеканды енгізгенге дейін 5 күндік үзіліспен регорафенибті қабылдау SN-38, UGT1A1 субстратының және иринотеканның әсер етуші метаболитінің орташа экспозициясын (AUC) шамамен 44%-ға жоғарылауына әкелді. Сондай-ақ иринотекан AUC шамамен 28%-ға артқаны байқалды. Бұл регорафенибді қатар қабылдау UGT1A1 және UGT1A9 субстраттарына жүйелік әсерді күшейтуі мүмкін екендігін көрсетеді.

Сүт безі обыры резистенттілігінің ақуызы (СБОРА) және P-гликопротеин субстраттары

СБОРА субстраты болып табылатын розувастатинді 5 мг дозада бір рет дозада тағайындағанға дейін 14 күн бойына күнделікті 160 мг дозада алдын ала регорафениб қабылдау розувастатин экспозициясының (AUC) орташа көрсеткішінің 3.8 есе және Сmax - 4.6-есе жоғарылауына әкелді.

Көрсетілген деректер регорафенибты бірге қабылдаудың қан плазмасындағы СБОРА қатарлас басқа субстраттарының (мысалы, метотрексат, флувастатин, аторвастатин) концентрациясын арттыруы мүмкіндігі туралы айғақтайды. Сондықтан СБОРА субстраттарының жоғары экспозициясының белгілері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады. Регорафениб дигоксин фармакокинетикасына әсер етпейді, сондықтан мысалы дигоксин сияқты клиникалық елеулі дәрілік өзара әрекеттесулері жоқ P-гликопротеин субстраттарымен бірге тағайындалуы мүмкін.

Р-гликопротеин және СБОРА тежегіштері / Р-гликопротеин және СБОРА стимуляторлары

Регорафениб М-2 және М-5 метаболиттері Р-гликопротеин және СБОРА субстраттары болып табылады. СБОРА және Р гликопротеин тежегіштері және стимуляторлары М-2 және М-5 экспозициясына әсер етуі мүмкін. Зерттеулер нәтижелерінің деректерінің клиникалық мәні белгісіз.

Селективті CYP изоформаларының субстраттары

Регорафениб тұрақты in vivo жағдайында жететін концентрацияда (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 8,1 мкмоль/л құрайды) CYP2C8 (Ki мәні 0,6 мкмоль/л құрайды), CYP2C9 (Ki мәні 4,7 мкмоль/л құрайды), CYP2B6 (Ki мәні 5,2 мкмоль/л құрайды) ферментінің бәсекелес тежегіші болып табылады. CYP3A4 ферментін in vitro (Ki мәні 11,1 мкмоль /л құрайды) және CYP2C19 ферментін (Ki мәні 16,4 мкмоль /л құрайды) тежеу қабілеті азырақ айқын болды.

Фармакокинетикалық деректер регорафенибті, клиникалық маңызды өзара әрекеттесусіз, CYP2C8, CYP2C9, CYP3A4, және CYP2C19 ферменттерінің субстраттарымен бірге тағайындауға болатынын көрсетті.

Антибиотиктер

«Концентрация-уақыт» бейіні регорафенибтің және оның метаболиттерінің бауыр-ішектік қайта айналымға түсуі мүмкін екендігін көрсетеді. Асқазан-ішек флорасының эрадикациясы үшін қолданылатын бактерияларға қарсы әлсіз сіңірілетін, (регорафенибтың бауыр-ішек айналымына әсер етуі мүмкін) неомицинді қатарлас қабылдау регорафениб экспозициясына әсер етпеген, алайда М-2 және М-5 метаболиттерінің экспозициясында 80%-ға жуық төмендегені анықталды.

Неомицинмен бұл өзара әрекеттесулердің клиникалық мәні белгісіз, бірақ регорафениб тиімділігі төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Басқа антибиотиктермен фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері зерттелмеген.

Өт қышқылы тұздарының секвестрациясына арналған препараттар

Регорафениб және оның М2 және М5 метаболиттерінің бауыр-ішек қайта айналымына тартылуы мүмкіндігінің ықтималдығы бар.

Холестирамин және холестагель сияқты өт қышқылы тұздарының секвестрациясы үшін қолданылатын препараттар ерімейтін кешендер түзе отырып, сіңуіне әсер ететін (немесе қайта сіңірілуіне) регорафенибпен өзара әрекеттесулері мүмкін, бұл потенциалды экспозиция төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл потенциалды өзара әрекеттесулерінің клиникалық мәні белгісіз, бірақ регорафениб тиімділігі төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Стиварга® препаратын ісікке қарсы ем тағайындау тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындау керек.

Дозалау режимі

Стиварга® препаратының ұсынылатын дозасы 3 апта бойы күніне бір рет ішуге 160 мг (әрқайсысының құрамында 40 мг регорафениб бар 4 таблетка) құрайды, әрі қарай таблетка қабылдауда бір апта үзіліс жасалады.

Дозалау режиміндегі өзгеріс

Препаратты қабылдауда үзіліс және/немесе дозаны төмендету әр адамның жекелей қауіпсіздігіне және дозаның жағымдылығына қарай қажет етілуі мүмкін. Дозаны өзгерту бір адымды 40 мг (бір таблетка) есепке алып жүргізіледі.

Ең төмен ұсынылатын тәуліктік доза 80 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 160 мг құрайды.

Алақан-табан тері реакциялары (АТТР)/ алақан-табан эритродизестезиясы синдромы жағдайында дозаны өзгерту нұсқаулары және қажетті шаралар жөнінде қосымша ақпараттар алу үшін төмендегі кестені пайдаланған жөн.

Шығарылу түрі

Тығыздағыш қондырғысы және балалардың ашып алуынан қорғағышы, полипропиленнен жасалған пиктограммасымен бұралатын ақ қақпағы бар, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, сыйымдылығы 45 мл мөлдір емес ақ пластик құтыға құрғатқышымен бірге 28 таблеткадан салынған.

3 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек. Тығыз жабылған құтыда сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін 7 апта ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСтиварга таблеткалары 40 мг №84 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube