daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Стопангин Плюс-Тева №20 Таблеткалар | «Балканфарма-Разград АД»

Уральске қаласындағы Стопангин Плюс-Тева №20 Таблеткалар | «Балканфарма-Разград АД»
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жағынан ойылған және бір жағы кертілген қоңыр түсті, какао мен ванилиннің иісі бар, диаметрі 13.0 мм жуық таблеткалар.

Өндіруші:

«Балканфарма-Разград АД»

Өндіруші ел:

Болгария

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині, пектин, ванилин, сахароза, какао ұнтағы, лактоза моногидраты, магний стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі жағынан ойылған және бір жағы кертілген қоңыр түсті, какао мен ванилиннің иісі бар, диаметрі 13.0 мм жуық таблеткалар.

Дәрілік түрі:

Соруға арналған таблеткалар Фармакотерапиялық тобы Тыныс алу жүйесі. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Деквалиний хлориді. АТХ коды R02АА02

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан ауыз қуысы мен көмейдегі жеңіл қабыну үдерістерін жергілікті антисептикалық емдеу: катаральді, ойық-жаралы, фиброзды гингивиттер, афтозды стоматит, ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы, фарингит, тонзиллит, ларингит, глоссит

- ауыз қуысына және тамаққа жасалған операциялық араласуларға дейінгі және одан кейінгі инфекциялар профилактикасы

- антибиотиктермен немесе сульфонамидтермен қосып, ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы инфекциялық үрдістерді кешенді емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы синдромы

6 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Кайексалатпен (гиперкалиемияны емдеуге арналған препарат) бірге қабылдағанда тері мен шырышты қабықта, әсіресе асқазан-ішек жолында ауыр некроздық зақымданулар дамуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Препаратты ауыруды басатын компоненттің жоқ болуына байланысты оны айқын аурумен қатар жүретін қабыну үдерістерінде қолданбау керек.

Жергілікті қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде сақтықпен және  емдеуші дәрігердің бағалауынан кейін қолданған жөн.

Қант құрамының төмен болуына (742.7 мг) қарамай, препаратты қант диабеті бар пациенттерге аса сақтықпен қолдану керек.

Инфекция таралуының клиникалық симптомдары болған жағдайда, дәрігердің кеңесі қажет.

Әлдебір жағымсыз реакциялар пайда болғанда, СТОПАНГИН ПЛЮС-Тева препаратын қабылдауды тоқтатып, басқа ем тағайындау керек.

Тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы бар пациенттерге препаратты қолданбаған жөн.

Препаратпен емдеу нәтижелері болмаған жағдайда, дәрігермен кеңесу керек.

Педиатрияда қолдану

Препаратты аспирация қаупіне байланысты 6 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Осы кезеңге дейін СТОПАНГИН ПЛЮС - Тева препаратының жүктілікке әсеріне қатысты қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ. Сондықтан жүктілік кезінде препаратты сақтықпен қабылдаңыз.

СТОПАНГИН ПЛЮС-Тева емшек емізу кезеңінде ұсынылған дозаларда және сақтықпен қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автомобиль жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге ұсынылатын дозалар

Әр 2-3 сағат сайын сору үшін бір таблеткадан тағайындайды (тәулігіне 8-10 таблеткадан аспайды).

6 жастан асқан балаларға

Әр 2-3 сағат сайын сору үшін бір таблеткадан қолданады (тәулігіне 4-6 таблеткадан аспайды).

Таблеткалар шайнамайды. Препаратты қабылдаған соң, пациент жарты сағат бойы тамақтанбауы және сусындар ішпеуі керек.

Клиникалық симптомдары жойылған соң, емдеуді 1-2 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы дисбактериоздың даму қаупіне байланысты 5–7 күннен аспауы тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

СТОПАНГИН ПЛЮС - Тева препаратымен артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі

20 таблеткадан ПВХ/ПВДХ мөлдір түрлі-түсті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан қазақ және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСтопангин Плюс-Тева №20 таблеткалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube