Состав
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 300.0 мг сульфаниламид
қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты, кремнийдің қостотығы (аэросил), кросповидон, полисорбат-80

Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 300.0 мг сульфаниламид
қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты, кремнийдің қостотығы (аэросил), кросповидон, полисорбат-80
тілме қабынуында
баспада
жарақат инфекциясында
әсер етуші заты сульфаниламидке, сульфондарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бүйрек аурулары (нефроздар, нефриттер), бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
бауыр аурулары, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит
анамнезде сульфаниламидтерге айқын уытты-аллергиялық реакциялар болуы
гипертиреоз, базедов ауруы
туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогиназа тапшылығы
порфирия
сүйек кемігінде қан түзілудің бәсеңдеуі
қан түзілу жүйесінің аурулары, анемия, лейкопения
декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі
азотемия
жүктілік және емшек емізу кезеңі
6 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препаратты ұзақ қолданғанда қан көрінісі жағдайын, бүйрек пен бауыр функциясын, қандағы глюкоза деңгейін жүйелі бақылап отыру қажет.
Препаратты жеткіліксіз дозаларда тағайындау немесе препаратты қолдануды ерте тоқтату микроорганизмдердің сульфаниламидтерге төзімділігінің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін.
Сульфаниламидтерді А тобындағы бета-гемолиздік стрептококк туындатқан инфекцияны емдеу үшін қолданбаған жөн, өйткені олар оның эрадикациясына әкелмейді, және соның салдары ретінде, ревматизм және гломерулонефрит сияқты асқынулардың алдын ала алмайды.
Препаратты жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, бауыр аурулары бар пациенттерге және бүйрек функциясы бұзылуында сақтықпен тағайындау қажет.Стрептоцидті аллергиялық аурулардың ауыр түрі бар немесе бронх демікпесі, қан аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. Жоғары сезімталдық реакциясының белгілері пайда болғанда препаратты тоқтату керек. Бүйрек жеткіліксіздігінде сульфаниламидтер мен оның метаболиттерінің организмде жинақталуы мүмкін, бұл уытты әсерінің дамуына әкелуі ықтимал.
Сульфаниламидтерді, оның ішінде стрептоцидті қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені сульфаниламидтер қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін. Сульфаниламидтердің жоғары дозалары гипогликемиялық әсер береді.
Сульфаниламидтер бактерицидті емес, бактериостатикалық препараттар болып табылатындықтан, инфекцияның қайталануын және микроорганизмдердің төзімді түрлерінің дамуын болдырмау үшін толыққанды емдеу курсы қажет.
Химиялық құрылымының ұқсастығын ескере отырып, сульфаниламидтерді фуросемидке, тиазидті диуретиктерге, карбоангидраза тежегіштері мен сульфонилмочевина туындыларына жоғары сезімталдығы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Кристаллурияның және уролитиаз дамуының алдын алу үшін пациенттерге сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу қажет.
Егде жастағы адамдарда тері тарапынан ауыр жағымсыз реакциялар дамуының жоғары қаупі, қан түзілудің бәсеңдеуі, тромбоцитопениялық пурпура (соңғысы - әсіресе тиазидті диуретиктермен үйлесімде) байқалады.

Балаларда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және емшек емізу кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Препаратпен емдеу қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың бас айналу, құрысулар, атаксия, ұйқышылдық, депрессия және психоздар сияқты жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің ескере отырып, автокөлікті басқаруда және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс атқаруда сақ болу керек.
Дозалану режимі
Пациентке препаратты тағайындар алдында оған сол пациентте ауру туғызған микрофлораның сезімталдығын анықтаған дұрыс.
Ересектер мен жасы 12-ден асқан балаларға күніне 3 рет, 300-г-ден ішке қабылдауға ұсынылады. Ересектерге ішке қабылдауға арналған жоғары дозалары: бір реттік – 1200 мг, тәулігіне – 2400 мг;
Пациенттердің ерекше топтары
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 4 рет 300 мг-ден.
Балаларға: бір реттік - 300 мг, тәулігіне - 1200 мг.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды, орташа алғанда 7 күн.
Симптомдары
анорексия (тәбеттің болмауы), жүрек айну, құсу, шаншу тәрізді ауырулар, бас ауыру, ұйқышылдық, бас айналуы, естен тану. Ұзақ қолданған кезде болуы мүмкін: қызба, гематурия, кристаллурия, цианоз, тахикардия, парестезиялар, диарея, холестаз, ануриясы бар бүйрек жеткіліксіздігі, уытты гепатит, лейкопения, агранулоцитоз.
Емі
артық дозалану жағдайында дәрігерге қаралу ұсынылады. Емі симптоматикалық, 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен асқазанды шаю, белсендірілген көмір немесе басқа да энтеросорбенттер суспензиясын қабылдау. Көп мөлшерде сұйықтық қабылдау, қарқынды диурез, гемодиализ жасау көрсетілген.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Ұмытып қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
10 таблеткадан поливинилхлоридті (ПВХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1, 2, 5 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген.
нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға рұқсат етіледі.
Дәрілік препараты бар қорапшаларды картон қораптарға салады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.